жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: Жолда жүріп білейік, аман -есен жүрейік
Миялы балалар өнер мектебі
Тәрбие
сағаты Тақырыбы:
«Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!»
Дайындаған : А. Берегенова
Миялы селосы 2019 ж
Бекітемін:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Л. Бегісқызы
« » 2019 ж
Тәрбие
сағатының тақырыбы: «Жол
тәртібін білейік,аман есен жүрейік!»
Мақсаты:
1.Жолда
жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға
жол белгілерін неше түрі бар, оны білу
не үшін қажет, бағдаршамның, жол
белгілерінің атқаратын қызметі қандай
екенін үйрету.
2.Жол ережесін есте
сақтау қабілетін, қызығушылықтарын
арттыру.
3.Барлығымызға ортақ қойылған
тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Әдіс
- тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап, сахналау,
сайыс.
Көрнекілігі: Бағдаршам,
жол белгілері, жол ережесіне арналған
суреттер.
1.
Жүргізуші:(
жол инспектор киімімен)
Әрбір
адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе
велосипедпен күніне жолды кем дегенде
екі рет кесіп өтеді екен. Біз жол
қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз.
Сондықтанда біз жолда жүру ережесін -
жүру белгілерін айыра біліп, бағдаршамның
қызметін білуіміз керек.
Балалар
егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды
сақтағыларың келсе, Әрқашанда жолда
жүру ережесіне сақ болыңдар.
2.
жүргізуші:
Жол - көлік оқиғаларының зардабынан
көбіне балалар зардап шегуде. Оның
себебі – көптеген мектеп оқушылары
жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар
біледі. Міне, осы мақсатта біздің өнер
мектебімізде бүгін «Жол тәртібін
білейік, аман - есен жүрейік» атты жол
ережелеріне арналған тәрбие сағатын
өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!
Балалар
шаттық шеңберін құрып амандасады.
-
Армысың ардақты аспан ата?!
-
Армысың мейірімді жер ана?!
-
Армысың шұғылалы алтын күн?!
Күліп
шықты күн бүгін!
Армысыздар
қадірлі қонақтар!
1. Жүргізуші: Тәрбие сағатымыз 2 бөлімнен тұрады.
1-ші бөлім Концерттік бағдарлама
2-ші бөлім Сайыс.
2. Жүргізуші: Ендеше тәрбие сағатымыздың 1-ші бөліміне кезек берейік.
Көрініс:
1
- оқушы:
Табамын
деп төтені,
Қиып
өтпе көшені.
Түсін
мұны қатем деп,
Түсін
мұны қатер деп.
2
- оқушы:
Дәп
ортаға жеткенше,
Сол
жағыңа қарап ал.
Жол
ортадан өткенде,
Оң
жағыңа қарап ал,
Машиналар
жоқ па екен?
3-
оқушы:
Машинаға
қабысып,
Сырғанама
жабысып.
Бір
жеріңді жаралап,
Майып
болып қаласың.
Кімге
кінә тағасың,
Ата
менен анаңды,
Сергелдеңге
саласың.
4
- оқушы:
Қауіппенен
ойнама,
Өтемін
деп ойлама.
Шыққаныңда
көшеге,
Еріп
әке - шешеңе,
Көңілді
қой сызыққа.
5
- оқушы:
Үлкен
- кіші қала бар.
Ой
жүгіртіп қарап ал,
Көше
заңы тым қатал
Сақ
болыңдар балалар!
Бәрі:
–
Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз!
1
- жүргізуші:
Бишілерге
өнер көп,
Билейді
бәрін мәнерлеп.
«Бағдаршам»
биін көріңдер
Өнерге
баға беріңдер.
Би:
«Бағдаршам» Ортаға биші қыздарымызды
шақырайық.
«Бағдаршам » биі
2
- жүргізуші:
Жол
қауіпсіздігі жөнінде видеороликке
көңіл аударайық
1 - жүргізуші:
Ән «Жас жол сақшылары » қабыл алыңыздар!
2
- жүргізуші:
Оқушыларымыздың
өнерін тамашалап жол ережесі туралы
біраз мағлұмат жинаған сияқтымыз ендігі
кезекті сайысымызға берейік.
Сайысқа қатынасушы оқушыларымызды ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
1-ші«Бағдаршам» тобы
2-ші «Жібек жол» тобы
2
- жүргізуші:
Жарысымыздың
шарттары:
кезең Топтардың ұраны «Таныстыру»
кезең «Капитандар сайысы
кезең «Белгілерді құрастыр».
4 . кезең «Белгіні аяқта»
5. кезең «Таныс белгілер».
6. кезең «Үлкен эстафета»
1 - жүргізуші:Жас достар! Енді бүгінгі сайыста кім жеңіске жетеді? Кім сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өтеді? Соларды анықтау үшін қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1-жүргізуші: Арманға
алдан күткен асығамыз,
Біз қалай
толқын атпай басылармыз.
Жол жүру
ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра
алатын жас ұланбыз.
2-жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан
тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге
келген көрерменге
Алдымен беріледі
сәлем деген, - дей келе,
ең бірінші бөлімді бастаймыз.
1-жүргізуші:
1-кезең. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өздерін, ұранын, эмблемасын таныстыруы керек.
Сайысқа сыныптар рет-ретімен қатысады. Алдымен сахнаға «Бағдаршам» тобын шақырамыз.
2-жүргізуші
2- кезең. «Капитандар сайысы» Бұл кезеңде капитандар машинамен кедергі арқылы өтіп орындарына еш тәртіпті бұзбай келуі керек. Ендеше іске сәт .
1-жүргізуші:
3-кезең «Белгілерді құрастыр». Әр топтан 2 оқушы қатысады . Қиюлы тұрған қиықтардан белгіні құрастырып, шығару керек.
2-жүргізуші
4-кезең «Белгіні аяқта» Белгінің суретінің сырты дайын енді соның ішін толтыруымыз керек. Топтың барлық мүшелері қатысады.
1-жүргізуші:
5-«Таныс белгілер». Экраннан көрсетілген белгілердің атын тауып айту керек .
2-жүргізуші
6-«Үлкен эстафета» Самокатпен жүру арқылы кедергі арқылы өтіп, межедегі себетте тұрған белгінің бөлігін кері алып келіп, құрастыру керек.
1-жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Қазылар алқасы қорытындысын шығарып болғанша оқушыларымыздың орындауында Флешмоб.
Сахнаға қазылар алқасын шақырамыз!
(Марапаттау рәсімі)
1-жүргізуші:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе
бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға
сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру
ережесін білмей тұрып.
2-жүргізуші:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай
ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру
ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге
ортақ тәртіп.
1-жүргізуші: Рахмет, балалар! Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндеріңізді көрсеттіңіздер! Қай жерде жүрсеңіздер де, жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңыздар дегіміз келеді.
2-жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
Арманға
алды күткен асығамыз,
Біз қалай толқын
артпай басылармыз.
Жолда жүру ережесін
жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын
жас ұланбыз.
«Жібек
жол » тобы:
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!
Қай
көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл
өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру
ережесі заңды тәртіп -
Ол отақ - үлкен,
кіші, баршамызға!
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылардың
назарын сабаққа аудару
Жұмбақ жасыра отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жоқ
өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған
үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Мұғалім:
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан
- жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен
көліктегі жолаушылар саны да көбейе
түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай
барған сайын күрделеніп келеді. Жол -
көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.
Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу
адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше
тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол
- көлік оқиғаларының зардабынан көбіне
балалар зардап шегуде. Оның себебі –
көптеген мектеп оқушылары жолда жүру
ережелерін әлі де болса нашар біледі.
Алғашқы
бағдаршам теміржол бойында пайда болды.
Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта
сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына
ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның
инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол
1868 жылы Лондондағы парламент үйінің
алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі
- түсті сигналдар қайыс берілістің
көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын
аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте
тұрған полицей қаза болады. Содан
бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт
болады.
Бағдаршам тек 1914 жылы Американың
Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы
басқа қалаларында қайта пайда болды.
Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі
түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан
бастап қана үш түс қолдана басталды.
Кеңес
Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу
қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен
Петровка көшелерінің қиылысынан орын
алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап
алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын
білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде
де, тұман мен жауынды күні де жақсы
көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын
ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл
мен жасыл түстердің арасындағы айырым
белгісі.
Сергіту сәті.
«Жұмбақтарды
шешу»
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол
тәртібін нұсқаған
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
(милиционер)
2. Көше бойлап
аяңдайды,
Адам тасып аялдайды.
(автобус)
3. Көліктің қаншасын
үстінен өткізген,
Іргеден басталып
алысқа жеткізген. (жол)
10
- оқушы:
Үлкен
жолдың үстінде,
Әмірші
де, күшті де.
Бағдаршам
екенін,
Есте
сақта достарым!
Бұл
сақшының үш көзді
Үш
көзден, ұқ үш сөзді
Ашса
бұл, дәу үш көзін
Тоқта!
Сақтан! Жол ашық!
Топырлама
таласып.
11
- оқушы:
Бұл
дегенде команда,
Бағына
тұр аманда.
Қызыл
көзін ашқанда,
Сынық
сүйем баспа алға!
Жасыл
көзін ашқанда
Өте
бергін жасқанба!
6
- оқушы:
Тоқта
досым саумысың?
Топтан
асқан дәумісің
Көше
сырын білмесең
Керден
қағып жүрме сен!
Көшенің
біл тәртібін!
7-
оқушы:
Үлкен
кіші қыдырмақ
Болма
бәрін ұрыншақ!
Өңірдің
көп сыры бар
Түрлі
- түрлі жолы бар
Ағайындар
абай болыңдар!
Ал,
балалар, бірінші қатар «Қызылдар»,
екінші қатар «Сарылар»,үшінші қатар
«Жасылдар» болып бөлінейік мен сендерге
сұрақтар қоямын, сендер топ болып, яғни
қатар бойынша сол сұрақтарға жауап
бересіңдер.
- Балалар енді мен сендерге
мынадай жұмбақ - әңгіме оқып берейін.
Шешуін өздерің айтыңдар.
Алмас көшеде
анадай жерде өтіп бара жатқан
жүргіншіге:
-«Айтыңызшы, сағат қазір
қанша?» - деп айқайлады.
Ол жүргінші
уақытты айтқан соң, Алмас бұрылып жөніне
кетті. Бала бөтен адаммен қарым -
қатынасында бірнеше қателік жіберді.
Осы қателіктерді кім табады?
Жауабы:
1.Алдымен
амандасу керек!
2. Көшеде айқайлап
жөн сұрамау керек!
3. «Сағат қанша?»
емес, «Уақытты айтып жіберіңізші» немесе
«Сағат қанша болғанын айтыңызшы» деп
сұрауы қажет.
4. Алдымен кешірім өтінуі
керек.
5. Алмас ол адамға «Рахмет»
айтуды ұмытты.
«Жағдаяттарды
шешу» әр топқа:
«Қызылдар»
тобына:
Ержан жол жиегінде доппен
ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді.
Ержан добын алмақ болып машина жолына
жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі.
Ержан добын тастай қашады. Ержанның
әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану
керек еді?
«Жасылдар» тобына:
Бағдаршамы
жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады.
Бірі жолдан жан - жағына қарамастан,
асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен
сол жағына, сонан соң оң жағына қарап
өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан
қалай өту керек?
«Сарылар» тобына:
Сіз
жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның
жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған
бірінші сынып оқушысының машиналар
зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып
тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?
Бекіту:
«Викториналық
сұрақтар»
Қоғамдық транспорттан
шыққаннан кейін көшеден қалай өту
керек?
Жаяулар өтпесі қалай
белгіленеді?
Бағдаршамда сигналдар
қалай орналасқан?
Балалардың суреті
салынған белгі қайда орнатылады?
Оқушылардың
велосипедпен көшеде және жолда қай
жастан жүруіне рұқсат етіледі?
Велосипедпен
жолға шығарда нені тексеру қажет?
Көшеден,
жолдан қай жерде өтуге болады?
«Тротуар»
деген сөз нені білдіреді?
-Рахмет,
балалар. Сендер бүгін көп мәлімет
білдіңдер. Алдағы уақытта осы жол
ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп
жүріңдер.
Мен сендерге ризамын. Рахмет сендерге.
Шуақты
өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік
атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар
тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін
білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға
барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз
да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол
бәрімізге ортақ тәртіп.
Жолда жүру
әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда
ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман
сақтап.
Барлығымыз бірге : Жол тәртібін
білейік,
Аман есен жүрейік!
Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген
өкінішке қалады.
Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.
Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде калдын ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта
жүресің ғой талай жол.
Тақырыбы:
«Жол тәртібін білейік, аман есен
жүрейік!»
Мақсаты:
балаларды жолда жүру ережесімен және
бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол
белгілерін айыра білу дағдысын
қалыптастыру, көше жағдайындағы
кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын
дамыту. Балаларды мейірімділікке,
зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам
үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық
машиналар.
Ұраны.
Жол
тәртібін сақтаймыз
Ел
үмітін ақтаймыз
Ертегілер
елін біз
Жол
апаттан сақтаймыз.
Жолдауды
жастар қолдайды
Тәртіпсіз
ел болмайды
Балабақша
әрқашан
Амандықпен
тыныштықты қорғайды.
Жүргізуші:
Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен
жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі
қажет.
1
- бала:
Тратуар
жүрер жолы жаяудың
Желаяқтың
жайбасардың баяудың
Машинаның
жолы көше ортасы
Соны
ұмытып кете көрме аяулым.
Жүргізуші:
Балалар біз үнемі тротуардан шықпай
жүреміз бе?
Жолдардан
қалай өтеміз? Ол үшін біз ертегілер
еліне барайық.
Көзімізді
жұмып, ертегілер елін елестетейік.
(Музыка
әуенімен) Ертекші:
Қызыл
телпек қыдырып
Әжесіне
бармақшы
Жету
үшін орманға
Белгіні
еске алмақшы
Жол
белгісін білмесе
Әженің
үйін таппайды.
«Қызыл
телпек» әнінің әуенімен:
Бағдаршамның
жолы сілтер
Бойында
бар түрлі көздер
Жасыл
жанса дайындал
Қызыл
жанса тоқтайсың
Жолда
жүрсең байқағайсың
Абай
болшы сен үнемі
Жолды
кесіп өткенде.
(Қасқыр
шығады)
Жол
ережесін білмегеннен жарақаттанады.
-
Көмектесіңдерші! Қызыл телпек
көмектесші!
Қызыл
телпек:
-
Қасқыржан, сен жол ережесін білмейсің
бе? Асықпасаңшы.
Қасқыр:
-
Білмеймін.
Қызыл
телпек:
-
Көрдің бе, сен жол ережесін білмегендіктен
жол апатына ұшырадың, мен сені жол
ережесімен таныстырайын. Тыңда! Белгілер
шығады.
Ал
енді жол белгілеріне сөз берейік.
1.
Ескерту белгісі
Үшбұрышты
қызыл,
Бояумен
көрсең абайла.
Жол
басында қауіпті түс
Алдан
шығар дегенді
Абайла
бұл ескерту белгісі.
2.
Тыйым белгісі:
Дөп
- дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем:
«Тоқта, қане»
Деп
жар салар,
Тыйым
салар мен болам.
3.
Көрсеткіш белгісі:
Дөп
- дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем:
«Жол ашық!»
Мен
көлік пен жаяу адам жүрер жолды
нұсқаймын!
Анықтама
белгісі:
Белгімен
көрсетер
Жылдамдық
пен бағытты
Ылди
мен бұрышты
Қатер
мен қауіпті.
1.
Алма кезек үш көзі
Айтты
деп ұқ үш сөзін
Тоқта!
Сақтан! Жол ашық!
Жүрме
жолға таласып.
Қызыл
көзін ашқанда
Қарап
қалма аспанға
Жасыл
көзін ашқанда
Өте
бергін жасқанба!
Жүргізуші:
Бұл не балалар?
Бағдаршам:
Менің
атым бағдаршам
Мекен
- жайым тұрақты
Жақсы
білем міндетімді
Мүдірмеймін
ешқашан.
1.
Ойын « Бағдаршам»
Ән:
Бағдаршам « Учат в школе» әнімен:
Бағдаршамды
күнде біз
Көшелерде
көреміз
Көліктерде,
Жол
шетінде
Көшемізде
Қызыл
көзде тоқтаңыз
Сары
көзде алаңдама - ай
Жүре
бергін - 3рет
Ережені
бұзбайық,
Тәртіпті
біз сақтайық
Бақшада
да
Серуенде
де
Көшемізде.
Бағдаршамға
қарайық
Апат
алдын алайық
Жол
тәртібін барлық жерде
Біз
сақтайық!
Қызыл
телпек:
-
Олай болса мен сені әжеме алып
барайын,
Әже:
-
Келді міне немерем.
Аман
- есен адаспай
Жол
белгісін сақта сен
Апаттарды
болдырмай
-
Қасқыр, сен менің немереммен дос болыпсың,
олай болса менің басқада немерелерімнің
жол ережесі туралы тақпақтарын тыңда.
1
- бала.
Жол
жүрудің тәртібін
Ережесін
білеміз
Сақтағанда
қатерден
Сау
- саламат жүреміз.
2
- бала:
Тәртіп
бұзсақ абайсыз
Жағдай
туар қолайсыз
Май
қызметкерлерінен
Ал
кешірім сұраймыз.
Милиционер:
Мен
көшеге сақшымын
Болсын
жұртқа жақсы күн
Жолдан
азап тартпаңдар.
Әдеп,
тәртіп сақтаңдар!
Көрініс:
Аю, түлкі, қоян қатысады.
Жол
инспекторы: Шипагер апай қараңыз мына
бір сұмдықты
Маймаққа
не болған, кім оны қынжылтты.
Шипагер
апай: Маймағым не болды жасымай айтшы
өзің?
Неліктен
көкпеңбек, ісінген бас көзің?
(Аюдың
басын таңып, дәрі - дәрмек жаққан болады
)
Аю:
Айтайын жасырмай шынымды
Сақтаңыз
шыбындай жанымды
Жармасып
бал тасыр машина – қадаққа
Домалап
түстім де тап болдым азапқа.
Шипагер
апай: Бір сәтке тойынар тәп - тәтті бал
үшін,
Тәртіпті
бұзыпсың қарныңның қамы үшін.
Аю:
Шипагер апай, жол инспектор апай енді
қайтіп ұрлықта жасамаспын,
Жолда
жүру ережесін бұзбаспын.
Осы
уақытта бір бірімен дауласқан түлкі
мен қоян шығады.
Түлкі.
Жүгіріп екеуміз қуыспақ ойнадық.
Қоян:
Ауладан шап беріп қу ұстап алмақшы.
Түлкі:
Ал қоян зып беріп көшеге жүгірді
Қоян:
Аула тар болған соң қайтейін мен
енді?!
Түлкі:
Қоянды қуам деп тапқаным, құйрықты әрең
деп сақтадым.
Қоян:
Машина астынан жүгіріп өткенде,
құлақты
бір темір зақымдап кеткені
Шипагер
апай: Құлақпен құйрыққа жағатын дәрі
бар,
Ереже
бұзғанға тұрғызар бұрышым тағы
бар.
Балалар
енді біз мына аю, түлкі, қоян үшеуіне
жолда жүру ережесін ескертейік!
1
- бала: Жолдан өтерде тоқтап, жан жағыңа
қарап ал.
2
- бала: Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда
ғана өт.
3
- бала: Жолға жақын ойнама! Бұл өте
қауіпті.
4
- бала: Жаяу жүргіншілерге арналған
жолдардан ғана өт.
5
- бала: Көліктен түскен соң артқы жағынан
өту керек.
Қорыту:
Балалар тақпақ айтады.
Ән.
«Әрқашан күн сөнбесін!» орындайтын
хор.
Би:
«Гүлдер» бишілер тобы.
Жүргізуші:
Бүгінгі мерекеміз айналсын шежіреге,
Әр
сәби құлағын сап жүрсін осы ережеге.
Ал
қонақтарымызға айтарымыз
Жол
тәртібін сақтайық
Ел
үмітін ақтайық
Ертегілер
елін біз
Жол
апаттан сақтайық!
Осымен
«Жол тәртібін білейік, аман – есен
жүрейік!» атты қауіпсіздік сабағымыз
аяқталды.
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейіік
23 шілде 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Жол тәртібін білейік, аман - есен
жүрейік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жолда
жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға
жол белгілерін неше түрі бар, оны білу
не үшін қажет, бағдаршамның, жол
белгілерінің атқаратын қызметі қандай
екенін үйрету.
Дамытушылық:
Жол
ережесін есте сақтау қабілетін,
қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:
Барлығымызға
ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие
сағаты, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі:
сұрақ - жауап, рөлдік ойын, әңгімелеу
және т. б.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол
белгілері, жолда жүру әліппесі, жол
ережесіне арналған суреттер.
Сынып
оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті
белгісі бар оқушылар – «Қызылдар», сары
түстілер - «Сарылар», жасыл түстілер –
«Жасылдар».
Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру бөлімі.
1.
Жүргізуші: Біздің елімізде әр түрлі
көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді.
Жаяу .адамдар мен көліктегі жолаушылар
саны да көбейе түсуде. Көшелер мен
жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп
келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі
арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер
мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда
ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
Жүргізуші: Жол белгілері сөйлейді
Ескерту белгісі
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла бұл ескерту белгісі.
2. Тыйым белгісі:
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым салар мен болам.
3. Көрсеткіш белгісі:
Дөп - дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
Анықтама белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.Жүргізуші: «Сырғалым» би тобының орындауында «Бағдаршам» биін қабыл алыңыздар!
Жаяу
жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың
оң қол қанатымен ғана жүруі қажет.
1
- бала:
Тратуар
жүрер жолы жаяудың
Желаяқтың
жайбасардың баяудың
Машинаның
жолы көше ортасы
Соны
ұмытып кете көрме аяулым.
Бағдаршам
Мұғалім: Бүгінгі шарамызға
қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл
түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл
түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және
сары түстілер – «Сарылар» тобы. Әр топ
өздерін таныстырады:
«Қызылдар»
тобы:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық
сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы:
Сары
көзін ашқанда
Қарап қалма
аспанға.
«Жасылдар» тобы:
Жасыл
көзін ашқанда,
Жүре бергін,
жасқанба!
Мұғалім: Қызыл жанды,
тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары
жанды – дайындал
Айналаңа қарап
ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың
ашық, тұрмағын.
Балалар, бүгінгі
кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды
ортаға шақырамыз.
(Ортаға Бағдаршам
болып киінген оқушы шығады.)
Бағдаршам:
Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары
жақсы біледі. Бүгін
сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші:
Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар
әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ,
сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам:
Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді
тексерейін. Жауабын кім айтар екен?
Көше
ортасын айналдырып футбол тебер
алаңға,
Көрдіңдер ғой ұмытқаны
ережені, далаңдап.
Ал, кәнеки, үйренейік
бәріміз де жүру тәртібін.
Ережені
жақсы білер, жатқа білер кім мұны,
Кім
айтады жол белгісі неше топтан
тұрады?
(Оқушылар жауабы: 7 топтан
тұрады)
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің
қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп,
ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың
төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер
түнде де жырақтан.
Мұғалім: Жарайсың,
Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ
мүшелерін тексеріп көрейік.
І
бөлім: «Сәлем - сөздің анасы»
«Қызылдар»
тобы:
ІІ бөлім: «Викториналық
сұрақтар»
1. Қоғамдық транспорттан
шыққаннан кейін көшеден қалай өту
керек?
2. Жол таңбасы қандай екі түрге
бөлінеді?
3. Жаяулар өтпесі қалай
белгіленеді?
4. Бағдаршамда сигналдар
қалай орналасқан?
5. Жол белгілері
қандай топқа бөлінеді?
6. Балалардың
суреті салынған белгі қайда орнатылады?
7.
Оқушылардың велосипедпен көшеде және
жолда қай жастан жүруіне рұқсат
етіледі?
8. Велосипедпен жолға шығарда
нені тексеру қажет?
9. Көшеден, жолдан
қай жерде өтуге болады?
10. Габариттік
оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11.
Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын
не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген
сөз нені білдіреді?
(Дұрыс жауап
берген топқа өздеріне сәйкес келетін
түстен жетондар беріледі.)
ІІІ
бөлім «Бағдаршам – жол атасы»
Жүргізуші:
Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты
сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ
мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді әр топтың
үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам
туралы деректер дайындау керек болатын,
ендеше, тыңдалық.
«Қызылдар» тобы:
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында
пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның
есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше
қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған
ағылшынның инженер - механигі Д. Найт
болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент
үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен
түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің
көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын
аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте
тұрған полицей қаза болады. Содан
бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт
болады.
«Сарылар» тобы: Бағдаршам
тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында,
сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында
қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі
болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және
жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс
қолдана басталды.
«Жасылдар» тобы:
Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам
Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі
мен Петровка көшелерінің қиылысынан
орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер
таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын
білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде
де, тұман мен жауынды күні де жақсы
көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын
ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл
мен жасыл түстердің арасындағы айырым
белгісі.
ІV бөлім «Жол
белгілері»
Мұғалім: Жарайсыңдар,
балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы
дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті
жол белгілеріне береміз. Әр топ белгілерді
таңдап, сол белгілер туралы айтып
шығады.
Тақтада қызыл түспен «Ескерту
белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу
белгілері» және сары түспен «Міндеттеу
белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.
1
- топ: Ескерту белгілері Қолына айналасы
қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті
тең қабырғалы үшбұрыш ұстаған топ
басшысы:
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту
белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол
деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау
жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген
белгіні сақтаған, қолдаған.
Үшбұрышты
қызыл бояу – мен көрінсем абайла!
Жол
бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді
айтар ескерту белгісі.
(Қалған топ
мүшелері басқа ескерту белгілерін
көрсетіп таныстырады.)
2 - топ:
Тыйым салу белгісі. Қолына қызыл жолақпен
көмкерілген сары түске боялған дөңгелек
қалқаны бар топ басшысы:
Қызылмен
боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл
белгімін, қаталмын салмақты.
Мен
тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп
бар, бағдарла көз салып жан - жақты.
Дөп
- дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем
«Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу
белгісі.
(Топ мүшелері тыйым салу
белгілері туралы айтады, таныстырады.)
3
- топ: Көрсеткіш белгісі. Қолында көк
түсті дөңгелек қалқаны бар топ
басшысы:
Белгімін көрсетер жылдамдық
бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе
қауіпті.
Барлығын айшықтап тұрамын
жолыңда,
Абай бол, тартуымды міндетті
орында!
(Қалған топ мүшелері басқа
белгілерді таныстырады.)
V бөлім
«Жұмбақтарды шешу»
1. Ала таяқ
ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
(милиционер)
2. Көше бойлап
аяңдайды,
Адам тасып аялдайды.
(автобус)
3. Көліктің қаншасын
үстінен өткізген,
Іргеден басталып
алысқа жеткізген. (жол)
4. Жоқ өзінде
бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған
үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
5.
Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым
қатты. (велосипед)
6. Өзі тым
күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)
7.
Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді.
( машина)
8. Екі ағасы қашады,
Екі
ініс қуады. ( машина дөңгелектері)
9.
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп
ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға
жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап
тез жөнейді. (трамвай)
10. Арқаным
бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір
үзім.
Табыңдаршы балалар
Бұл
жұмбақтың шешуін. (жол)
VІ бөлім
«Ойлан, тап»
Жауабы: Жолда жүру
ережесі
VІІ бөлім «Әдептілік
әліппесі»
Мұғалім: - Балалар енді мен
сендерге мынадай жұмбақ - әңгіме оқып
берейін. Шешуін өздерің айтыңдар.
Алмас
көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан
жүргіншіге:
-«Айтыңызшы, сағат қазір
қанша?» - деп айқайлады.
Ол жүргінші
уақытты айтқан соң, алмас бұрылып жөніне
кетті. Бала бөтен адаммен қарым -
қатынасында бірнеше қателік жіберді.
Осы қателіктерді кім табады?
Жауабы:
1.
Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек!
2.
«Сағат қанша?» емес, «Уақытты айтып
жіберіңізші» немесе «Сағат қанша
болғанын айтыңызшы» деп сұрауы қажет.
3.
Алдымен кешірім өтінуі керек.
4. Алмас
ол адамға «Рахмет» айтуды ұмытты.
VІІІ
бөлім «Жағдаяттарды шешу»
«Қызылдар»
тобы:
Ержан жол жиегінде доппен ойнап
жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан
добын алмақ болып машина жолына жүгіреді.
Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын
тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс
па? Ол қандай шара қолдану керек
еді?
«Жасылдар» тобы:
Бағдаршамы
жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады.
Бірі жолдан жан - жағына қарамастан,
асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен
сол жағына, сонан соң оң жағына қарап
өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан
қалай өту керек?
«Сарылар» тобы:
Сіз
жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның
жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған
бірінші сынып оқушысының машиналар
зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып
тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?
ІХ
бөлім «Топ басшылар сайысы»
Әр топ
басшысы жолда жүру ережесіне байланысты
тиымдар мен ескертпелерді, кеңестерді
айту арқылы жарысады. Кім көп ой тастаса
сол топ басшысы жеңімпаз атанады.
Мұғалім:
Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет
бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол
ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп
жүріңдер. Ал қазір бәріміз бірге
«Бағдаршам» әнін орындайық.
«Бағдаршам»
әні
1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын
ата - ана.
Жолда сен бол әркез лайық,
Жас
ұлан деген атқа!
Қайырмасы:
Әрқашан
күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт
төнбесін.
Қасымда болсын анам
Болайын
мен де аман!
2. Жолда жүру
әліппесін
Білген жөн ғой бес
саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен
өзіңді сау сақтап.
Қайырмасы:
Әрқашан
күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт
төнбесін.
Қасымда болсын анам
Болайын
мен де аман!
Бағдаршам: Мен сендерге
ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған
шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен
дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет
сендерге. Барлық белгілермен мына
отырған балаларды таныстырып шықтыңдар.
Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол
ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен
енді сендермен қоштасамын. Әлі талай
сендерге қонаққа келіп тұрамын. Сау
болыңдар, балалар!
Мұғалім: Сау бол,
Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын
уақыт келді. Әр топ басшылары қорытынды
сөздерін айтсын.
Оқушы: Шуақты өміріміз
күндей күліп,
Жүректе бүршік атып
гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту
мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей
тұрып.
Оқушы: Қай көше, қай қалаға
барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз
да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол
бәрімізге ортақ тәртіп.
Оқушы: Жолда
жүру әліппесін
Білген жөн бес
саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың
Сен
өзіңді аман сақтап.
Барлығы: Жол
тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!
Кіріспе сөз:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Мұғалім: Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар.
Жарысымыздың шарттары:
І кезең «Таныстыру»
ІІ кезең «Жолдан өтебіл».
ІІІ кезең «Саналы жүрек».
ІҮ кезең «Жол белгілері»
Ү кезең «Капитандар сайысы
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
І кезең «Таныстыру»
І топ: «Жол белгілері»
ІІ топ: «Жүргізуші»
ІІ кезең «Жолдан өтебіл».
«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары – оң аяқтарын көтереді. Жасылда – аяқтарын тап тап басады)
Ойын бірнеше рет қайталанады.
ІІІ кезең «Саналы жүрек». (викториналық сұрақтар)
1.Жүрісті реттеп отыратын адам?(жол реттеуші)
2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек? (келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)
3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?
(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)
«Абайлаңыз балалар»
5.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?
(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)
6.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)
7..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?
(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)
8.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)
9.Транспорт құралы дегеніміз не?(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)
10.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған
машинаға мән бермейді)
ІІІ кезең «Саналы жүрек». (жол белгілерін атау)
1.Ескерту белгілерін көрсет,түсіндір.
2.Басымдық белгілерін ата,түсіндір.
3.Тыйым белгілерін ата,түсіндір.
4.Нұсқау белгілерін ата,түсіндір.
Ү кезең «Капитандар сайысы
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)
Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.
(Бағдаршам)
1.Жол белгілерін неше топқа бөлеміз? (7)
2.Велосипедшілерге жол жиегінен қанша метр қашықтықта жүруге рұқсат етіледі? (жол жиегінен 1 метр қашықтықта)
Қорытынды:
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жүлдегер топ анықталып, марапатталады
– есен, Аман, білейік, Жол ережесін, жүрейік, сайыс, танымдық

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген