400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жолда жүру ережесін сақтаймыз" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жол ережесін сақтауға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Жолда жүру ережесін сақтаймыз

Мақсаты: Оқушыларды дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу.Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау.Жол белгілерін ажыратуға баулу.

Көрнекілігі: Бағдаршам,жол белгілерінің суреттері

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Көрініс: Шипагер атай

1.Шипагер- З.Бекжан

2.Жүргізушілер-Ұлғаным,Алуа

3.Қоян-Балауса

4.Түлкі-О.Бекжан

5.Аю- Нұрдәулет

Ұлғаным:Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Алуа: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Алдымен беріледі сәлем деген.

(Сахнаға түлкі мен қоян бір-бірін қуып кіріп келе жатып,жолға шығып кетеді.Сол кезе машина оларды қағып кете жаздайды.Бағдаршам ысқырықпен ысқыра жөнеледі.)

Ұлғаным:Қымбатты балалар!Жолда жүру ережесіне арналған тәрбие сағатымызға Шипагер атай қатысып отыр.

Т.Алуа: Кішіге,үлкенге,жасыңа,кәріңе!

Жан сая қиналған жандардың бәріне!

Шипагер атаны біз жақсы білеміз,

Өйткені ол үлкен- дәрігер!

(Балалар құрметпен қол соғады.Осы кезде басы ақ шүберекпен таңылған аю кіреді.)

Ұлғаным: Атай қараңыз,мына бір сұмдықты

Маймаққа не болған,оны кім жаралаған!

Шипагер: Маймағым,не болды,жасырмай айтшы өзің.

Неліктен көкпеңбек ісінген бас-көзің?

(Аюдың басын таңып береді.)

Аю: Айтайын жасырмай шынымды,

Сақтаңыз шыбындай жанымды.

Жармасып бал тасыр машина құдыққа,

Домалап түстім де,тап болдым азапқа.

Шипагер: Бір сәттік қарның тоятын күн үшін,

Жол жүру ережесін бұзыпсың.

Аю: Шипагер ата,енді ұрлық та жасамаспын,

Жолда жүру ережесін дебұзбаспын.

(Сахнаға қоян құлағын ұстап,түлкі ақсап келеді.)

Түлкі: Жүгіріп екуміз ойнадық қуыспақ,

Қоян: Аулада шап беріп алмақшы қу ұстап.

Түлкі: Ал,қоян көшеге зып беріп жөнелді,

Қоян: Аула тар болған соң,қайтейін мен енді?!

Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным,

Құйрықты әрең деп сақтадым.

Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде

Құлақты бір темір зақымдап кеткені.

Шипагер: Құлақ пен құйрыққа жағатын дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар!

(Шипагер басын шайқайды.)

-Мыналарды тез ауруханаға жеткізейік, балалар!Ұлғаным,Алуа қарағым!Жолда жүру ережесін бұзбауды естерінде қалатындай сабақ өткізуді өздеріңе тапсырамын!

(Хайуанаттарды ертіп, шығып кетеді)

Ұлғаным: Ал, қанекей,біз де жүру тәртібін!

Ережені жақсы білер бар кімің?

Кім айтады жол белгісі

Қандай түрлерден тұрады?

Өздеріңе қойылатын алғашқы бұл сұрағым

Т.Алуа: Жол тәртібі кімге керек

Бірге ойланып көрелік.

Әрқайсыңның қылығыңа

Әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген

Ортаға шық жас ұлан.

Біліміңді сарапқа сал,

Біз етейік төрелік!

(Сахнаға жол белгілерін ұстаған балалар шығады)

Бағдаршам -Олжас: Тұрамын көшенің

Қиылысын тұрақтап.

Қашпаймын мүдіріп

Ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың

Төрт-төрттен тұрады.

Жарқырап көрінер

Түнде де жырақтан.

Ескерту белгісі-Аружан: Өзі қызыл,үшбұрышты

Ескертуің мен болам.

Хабарлайтын бар қауіпті,

Оң сапарды жолдаған.

Тыйым салу-Диана: Мен бәріне әрқашан да

Тыйым салып тұрамын.

Қауіп болса алда тұрған

Жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл,өзім шеңбер

Сызық болып бітемін.

Осы жолы үндемеймін,

Бар ма тағы сұрағың?

Нұсқау белгісі-Нұрқанат: Баратын сапардың

Қашығын,тұрағын.

Үн-түнсіз жол сілтеп,

Көрсетіп тұрамын.

Төрт топтан құралған

Белгілер туыстай.

Жөн сілтеп тұрамыз

У-шусыз ұрыспай.

Анықтама-Назым: Белгімін көрсетер

Жылдамдық пен бағытты.

Ой,шұңқыр,бұрылыс,

Қатерді,қауіпті.

Барлығын да анықтап

Көрсетіп жіберем.

Сондықтан бәрі де

Мені тез таныпты.

Аяулым: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

О.Алуа: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп-

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға!

Ұлғаным:Бағдаршамның шығу тарихынан мағлұмат тыңдаңыздар!

Меруерт:Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды.Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.Оны көше қиылысына ыңғайлап жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт

болатын.Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

Аңсаған:Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды.Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай,бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да,содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Сабина: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды.Бұл жолы олар электрлі болды.Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

Қарлығаш: Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Ерасыл: Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай ортадан өткен соң,

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі