Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жолда жүру ережесін сақтайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағат жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

13 ЖББОМ













Тақырыбы: 

«Жолда жүру ережесін сақтайық!»



Shape1





Дайындаған:Ташимова Қ.А_____

Бастауыш сынып мұғалімі







Қарағанды қаласы


МақсатыКөшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), сюжетті суреттер, автобус макеті, лото ойынына қажетті сурет пен белгілер суреті.
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қайғылы жағдайға түсіп жатады.
4 - оқушы: 

Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын.
- Балалар, жол деген не?
-«Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
-Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.

- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Хормен: Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
1- оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.
Суретпен жұмыс
1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.
- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.
2 оқушы:

- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар хормен: БАҒДАРШАМ
3 - оқушы: 

Бағдаршам аты
Үш көзі бар батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл.
4 - оқушы:
 Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Айсана:

Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда.
Айзат:

Сары көзі жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
Назерке:

Жасыл жарық жол ашық,
Жүре бергін бел асып.


Сергіту ойынын ойнайық.
Орнымыздан тұрайық

Бағдаршамның белгісін
Қимылмен келтіріп шығайық.
( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер.)

- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. Қазір Нұрдәулет реттеуші болады. Сендер оның қимылын бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл, сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы көрсетесіңдер.

оқушы: Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.
І топ. Ескерту белгілері.
ІІ топ. Тыйым салатын белгілер.
3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым салынады
• қозғалысқа тыйым салынады
• велосипедпен жүруге тыйым салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
• аялдауға тыйым салынады
4 - оқушы: Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
• түзу қозғалыс
• оңға қозғалыс
• айналма жол
• велосипед жолы
• жаяу жүргінші жолы
• ең төменгі қозғалысты шектеу
Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.
- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?
- / автобус /
- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?
8 - оқушы: Автобусты аялдамада күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түсу керек.
( Екі оқушы қысқа көрініс көрсетеді. Автобустың макетінің атқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түседі )
9 - оқушы: Есігінен артқы,
Көлікке сен мінгін.
Дәл осы бір салтты,
Құлағыңа ілгін.
- Жақсы, балалар. Сендер көшеде жүру ережелері жайлы көп әңгімеледіңдер. Енді сендердің білімдеріңді «Жол белгілерін білесің бе?» деп аталатын лото ойыны арқылы қорытындыламақпын. Сендердің қолдарыңда белгі аты жазылған карталар бар. Сол картаны жол белгілерінің сәйкес суретіне теріс қойып шықсаңдар қызықты суретті көре аласыңдар.

( Оқушылар қолдарындағы жол белгісінің атын оқып, сәйкес суретке қондырады. Соңында суретті тамашалайды)
- Қандай сөйлем шықты?
Хормен оқиды: Жолда жүру ережелерін сақта!

Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі.

13 ЖББОМ












Тақырыбы: 

Нашақорлық және құқық бұзушылық











Дайындаған:Ташимова Қ.А_____

Бастауыш сынып мұғалімі





Қарағанды қаласы

Тақырыбы: Нашақорлық және құқық бұзушылық

Мақсаты.

Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туры түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау


Ұраны: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
«Есірткіден есіруді көздегенше, салауатты салтымыздан
қол үзбе»
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер
Әдісі: тренинг, пікірталас, кездесу
Барысы:
І.
 Ұйымдастыру
Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу
1І. Ой қозғау
Екі топқа да ортақ бір сұрақ қою, оған жауап алу.
Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз?
ІІІ. Олай болса, балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Нашақорлық және құқық бұзушылық»
ІV.«Қоғамымыздың дамуына жат қылықтар» атты оқушылардың дайында
ған поэтикалық мәтінді тамашалайық.
1496 жылы мұхитан өтіп, арал жағасына шыққан соң жартылай жалаңаш адамдардың қолдарына жанған шала ұстап, оны мезгіл – мезгіл түтіндетіп, жарқ жұрқ еткізіп келе жатқанын көрдік, ал жақындағанда олардың екінші қолдарында бір өсімдіктің жапырағы бар екенін байқадық та, елімізге алып келіп, ғажайып өсімдікті егуді ұйғардық. Біздің Испанияда бұл өсімдік әдемілікке, сәндікке өсірілсе, кейіннен бүкіл Европаны оба жайлағанда халықтың есін жидырып, тыныштандыру үшін дәрі – дәрмектің жоғынан осы өсімдікті дәрі ретінде пайдалана бастады. Сол алданыш болған өсімдік осы темекі еді.
. Ендеше барлығымызда «Денсаулық салауатты өмір кепілі»атты
сұрақ-жауаппен жұмыс

1. Наша, нашақор, нашақорлық дегенді қалай түсінесің?
2. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жеріне егілген аждаһадан қалай құтылу керек екендігі туралы қандай кеңес берер едің?
3. Қандай наркотикалық заттарды білесің?
4. Есірткіге байланысты туындайтын қылмыс түрлері.
5.”Есірткі – жас өмірді улаушы” бұл туралы пікіріңіз.


1 оқушы.

Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатті өмір бойы іздеумен өтеді. Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды деген сөзге ерсек, ол адам организмімін тез улап, жүйке жүйесін тез улайды. Одан адам тез өліп кеткенін білмей қалады.
2 оқушы:

Адамның өзінен - өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге – біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, біріне – бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп түнгі клубтар көп. Нашаның басты таратылатын орны – осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Сондықтан жас ұрпақ буыныңды үсікке шалдыра көрме.
3 оқушы:

Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек. Егер ол асқынып кетсе дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке шешем мен үшін жүгіріп жүр ау, ертең ел – жұртқа қалай қараймын», яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу – «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам!» деп, есірткіні ойлаумен болады. Тіршіліктің бар мәні осы ғана деп түсінеді.
4 оқушы:

Соңғы мәліметке сүйенсек, 10 - 15 жас аралығында жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда. Нашақорлықтың орташа жасы 30 - дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес, бүкілхалықтық іс екенін, бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек.
5 оқушы.

Бүгінгі жастардың ой арманы, мақсат – мүддесі, тілегі тіршілік тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет - бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Сол себептен жастарды тұрмыс – салты орнықты, күш - қуаты тасыған, денсаулығы мықты, еліміздің нағыз патриоттары қатарында көруіміз керек. Есірткіні алғаш қолданар алдында ең алдымен ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа.
6 оқушы.

Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де қарсылық таныт!


6. Мына мақал – мәтелдің, сөздің мағынасын қалай түсінесің?
1. Шылымды әр тартқаның,
Табытыңа темір шеге қаққаның
2. Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын.

Қорытынды:
Ұрпағымыздың зиянды әдеттерден қорғана білуі үшін қандай кеңес және көмек беруге болады деп ойлайсың?
Сонымен балалар сөзімізді қорытындылай келе,
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! дегім келеді.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
3189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі