400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жолда сақ бол"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің жетістігі үшін сайтқа материал жариялаған дұрыс деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мемлекеттік тілде оқытатын

Заречный орта мектебі






Тәрбие сынып сағаты






«ЖОЛДА САҚ БОЛ »

4 «А» сынып









Өткізген : Абильдина К.С.

















2018-2018 оқу жылы



Тақырыбы: Жолда cақ бол!

Мақсаты:оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Бағдаршам мен белгілермен таныстыру, зейіндікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:бағдаршам макеті, сақтандырғыш белгілер,көшеде жүру ережесі, жөнге салушының бас киімі мен таяқшасы, суреттер, оқушының салған суреттері, нақыл сөздер, шарлар (қызыл, жасыл, сары)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың түрі: ойын түрінде

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Жұмбақ

Үш көзі бар: қызыл, жасыл, сары

Біреуін ашса,

Екеуі ұйықтап тұрады. Бұл не?

Оқушылар хормен: Бағдаршам.

Мұғалім: Бүгінгі біздің сынып сағаттың тақырыбы «Жолда сақ бол!».

Мұғалім:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

Қалада әртүрлі көп машина бар. Көшеден өту үшін жол ережесін қатаң сақтау керек. Кім маған мына бағдаршамның ережесін айтып береді?

 1-оқушы: Айбол

Жолда жүру ережелері- жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін заң. Жолда жүру ережелерін білу әрбір баламен әрбір адам үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін дұрыс орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2- оқушы: Аружан

Қазіргі таңда балалар және үлкендер өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек.

 3- оқушы:Дария

Мынау тұрған бағдаршам

Үш түрлі боп жанған шам

Үш көзінде үш белгі

Көрсетеді аңғарсаң.



- Бағдаршам бар көшеде өту оңай. Ал бағдаршамсыз – қауіптірек. Жүргізуші қанша мұқият болғанымен, қанша шапшаң болғанымен, тежегішті қанша күш салып басса да, көлікті тоқтатып үлгеру кейде мүмкін емес.

Бұрылыста бағдаршам,

Қызыл, сары, жасыл көз.

Бұйырып тұр аңғарсаң.

Бұйрықты іске асыр тез!

Мұғалім:

Яғни, қызыл шам – тоқта.

Сары шам – дайындал,

Жасыл шам – жүр.

Мұғалім: Жақсы! Ал, қазір сендердің қалай ұққандарыңды біз қызықты ойындар арқылы білеміз.

Мұғалім:  Мен өлең жолдарын оқимын, ал сендер дұрысын айтыңдар.

  • Бағдаршамның шамдары,

Орындаңдар барлығын.

Көшеде қозғалыс бар,

Машиналар жүйткіген.

Кім шешімін айтады: (қызыл)

  • «Тоқта, машина басады!»

«Күтіңдер!» - дейтін шам бар.

Айтыңдаршы, білсеңдер

Қандай шамы жағылар.

Осындай кез келгенде. (сары)

  • Жүруге әзірленіңдер.

Енді алға жүруге, Барлығыңа болады. (жасыл)

Мұғалім:

Біздің елімізде әр түрлі көлік оқиғалары жылдан жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелермен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Жол көлік оқиғаларының зардабын көбіне балалар зардап шегуде. Оның басты себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін әлі де болса нашар біледі.

Жол ережелеріне тоқталар болсақ, жол белгілері жеті топқа бөлінеді:

  • Ескерту белгілері

  • Басымдылық белгілері

  • Тыйым салу белгілері

  • Міндеттеу белгілері

  • Ақпараттық көрсеткіш белгілері

  • Қызмет көрсету белгілері

  • Қосымша ақпараттық белгілер

  • Оқушы назарынында басты орында көңіл аударуы керек белгі: ескерту белгісі Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағананы хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

  • Ендеше оқушылар осы белгілерге байланысты қандай өлең шумақтарын білесіңдер?




Назым

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта,

Түрлі түрлі белгілер бар тұратын.

Жүресіңбе, жүрмегенің дұрыс па,

Не істеу керек? Соған қарап ұғасың

Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,

Әлденеге қатаң тыйым салады.

Өміріңді қорғауға олар арналар,

Елемеген өкінішке қалады.

Инабат

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда

Темір жолға таяп әлде қалдың ба?

Өзен бар ма, көпір бар ма, өр бар ма?

Мекені ме жабайы аң мен малдың да?

Соның бәрін біліп алда, абай бол,

Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.

Белгілердің сырын еске сақтап ал,

Болашақта жүресің ғой талай жол.

Өте жақсы оқушылар, жол белгілеріне байланысты өлеңдер біледі екенбіз, енді жүргізушілердің алтын ережесімен таныс болайық

Жүргізушілердің ережесі:

  • Көліктерді тек ғана отырғызу алаңдары, ал жоқ болса тратуар немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

  • Жүргізушілер себепсіз алаңдамау керек(жанында болғанда тыныштық сақтап отыру қажет)

  • Жүк көліктердің жүк салғышына тұруға, қырына отыруға тыйым салынады.

Осы ереженің сақталуын қадағалайтын бақылаушы болады. Бақылаушыға арналған өлеңдеріңді айта қойыңдар.

Арайлым

Бақылап жол тәртібін,

Өткізетін әр күнін.

Реттеушіні көрдім мен,

Қиылыстан дәл бүгін.

Ала таяқ қолында

Айтары көп оныңда

Не істеу керек, тұрса егер

Реттеуші жолыңда

Мұрат

Реттеуші бұрылды,

Бір қырындап, тік тұрып

Жасыл жанды дегенді

Жүргіншіге ұқтырып.

Реттеуші бар көшеге,

Тап болса егер кімде кім

Тек сол берген белгіге,

Көну оның міндеті.


Мұғалім : Оқушылар бүгін біз не түсіндік? Ойымызды қорытып, серігіп алу үшін, жұмбақтар шешуге қалай қарайсыңдар?

Жұмбақтар:

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Ысқырықпен түзеткен,

Өміріңді күзеткен (Реттеуші)


Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды (Автобус)

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешімін. (Жол)

Жоқ өзәнде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та (Бағдаршам) 

Қорытынды сөз:

Мұғалім:

Тап болмасын қасірет

Күдер үзіп жалғаннан

Көшені тек кесіп өт

Бағдаршамы бар маңнан

Көше деген – тағылым

Абай болсаң, жоқ қайғы

Қай кезде де Тәңірің

Сақтағанды сақтайды- дегендей, біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден-бір кепілі көшеде жүру ережелерін сақтау, жолда жүру тәртібін білу. Ендеше әрдайым жолда жүру ережелерін сақтап аман-сау жүріңдер!





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
2931
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі