400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жолдау-ел ертеңінің бағдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын таныстыру, насихаттау, түсіндіру. оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын таныстыру, насихаттау, түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жолдау –ел ертеңінің бағдары»

Мақсаты: оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын таныстыру, насихаттау, түсіндіру.



ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын асыға күту дәстүрге айналды. Себебі, Жолдаудың мемлекетіміздің әрбір азаматы үшін алар орны ерекше. Жолдау әркез халық қуатының қайнар бұлағы болып, ел рухын көтеретін, болашаққа тікелей бағыт-бағдар беріп, мақсат- міндеттерді айқындап беретін бағдарламалардың темірқазығы болып табылады.

Тәуелсіздігімізге қолымыз жеткен 20 жыл ішінде әлем мемлекеттерінің арасынан өзіне лайықты орын тауып, қанатын кеңге жая түскен Қазақстан үшін бұл Жолдау даму жолының кезекті маңызды белесіне айналып отыр.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасалған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Елбасының Жолдауы әр қазақстандық азаматтың өміріне жаңа серпіліс әкеліп, халықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түсті. Жолдау халықтың тұрақты дамып, ел экономикасын одан әрі жаңғырту бағыттарын жан-жақты анықтап берді. Басты бағыты ретінде денсаулық сақтау мен білім беру салаларын және мемлекеттік тілді дамытудың серпінді бағыттарына баса көңіл аудара отырып, ел азаматтарының арқасында бірлігі мен ынтымағының арқасында елімізді кемел келешек күтіп тұрғанын айтады. Сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі мен тұрғын үй мәселелерін дамыту, еліміздің әлеуметтік- экономикалық, сыртқы және ішкі экономикасының дамуы, инфрақұрылымдық базаны дамыту, ауылшаруашылығы салаларына басты назар аударып, үкіметке жаңа бағдарламалар әзірлеуді тапсырды,

Жолдауда көтерілген тағы бір басты мәселе – еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі, Елбасы тарихи және саяси маңызы айрықша айтулы мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырып, жыл көлемінде атап өтуді Үкіметке тапсырды. Осы Жолдауында көрсетілген қызметтер мен мақсаттарды іске асыру үшін елімізде барлық жағдай бар екенін айта келіп, Елбасы жұрттың жұдырықтай жұмылып, тәуелсіздігіміздің нығаюы жолында ел бірлігін сақтап, елінің тағдыры үшін осындай тарихи кезеңде үлесін қосуға дайын екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Елбасы 2011 жылды тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты «Бейбітшілік пен шығармашылық» ұранымен атап өтуді ұсынды.

Елбасының ел болашағы білімді жастарда екенін атап айтып, бұл мәселені баса түсіндіруі білім мен ғылымға маңыз беруі деп түсіну керек. Сол сияқты жоғары оқу орындарындағы мамандар даярлау, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс жайы да Жолдау жолдарында айрықша көрініс тапқан. Елбасының «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деген сөзі мамандарға зор жауапкершілік жүктейді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
4238
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі