Материалдар / Тәрбие сағаты жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2024
153
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

Шымкент көлік колледжі

2023-2024 оқу жылы

Тәрбие сағаты жоспары.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бертаев Н.









Тақырыбы :« Аналарға мың тағзым !»

Орындаған : Кенжебаева Қ.

Тобы : РЭТ-23-9









Шымкент 2024ж





Тәрбие сабақтың тақырыбы:

« Аналарға мың тағзым !»

Сабақтың мақсаты:Аналарды сыйлау,құрметтеу,қастерлеу ,қадірлеу .Үлкенге ізет кішіге құрмет көрсету.Ата-ананы құрметтей білуге жасөспірімдерді баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Ризашылық-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.


Мейірімділік- адамдардың бір-біріне деген мейірімділік шапағат белгісі.

ІV. Ойын: «Мейірімді жүрек» «балалардың мейірбандық жүрегі,

Адамдарға бақыт шатттық тіледі.»


Жүрекшенің үлгісін ұсыну.


Мысалы,сен мейірімдісің!Сен кішіпейілсің!Сен әдемісің!Сен қайырымдысың!Сен ізеттісің!т.б

VІІ. Кіріспе әңгіме

Дүниедегі  ең  асыл адам, ең жақын  адам, ең қамқор да  жанашыр адам   - ана. Ана  туралы  қай  ақын  қалам  тербемеген?! Ана туралы  кім  сыр  шертпеген?!

Менің  де анам бар. Мені  жарық  дүниеге әкеліп, маған өмір  сыйлаған. Өмірімнің  әр жауапты  сәттерінде  бірге  болған  менің  жан анашым. Қолымнан  ұстап  ең алғаш рет  мектеп  табалдырығын аттатқан – анам. Мектептегі  жетістіктеріме  қуанған, сәтсіздіктеріме  налыған,  менен  сенімін  үзбеген – анам. Алтын  ұя мектепті  бітіргенімде кеудесіндегі  жүрегі  менімен  бірге  лүпілдеп, менімен  бірге  қобалжыған – анам.

Каладағы  оқу  орнына да ертіп  барып,  демеу  болған ,  қаланы аралатып  көрсеткен – анам. Студенттік  өмірімде  ауылдан  сәлемдеме жіберіп,  ала дорба  сүйреткен- анам. Өзімді  ешкімнен  кем  қылмаған, біреуден  қарыз  алып, ақша  салған- анам.

Жан  анам менің , маған  өмір  сыйлағаныңызға  шексіз  ризамын! Бақытты  да , қызықты өткен балалық  шағымның   болғаны   әкем  екеуіңіздің  арқасында. Анашым мен  сізді  бар  жүрегіммен  жақсы  көремін. Анаңды  Меккеге  3 рет  арқалап  апарсаң  да анаңның  алдындағы  қарызыңнан  құтылмайсың  деген  сөз  бар. Бұл  сөздің  жаны  бар.

Қорытынды .

Концерттік номер.Құттықтаулар.

















8 наурыз мерекесіне орай студенттерге арналған

" Аналарға мың тағзым"

атты сценарийді назарларыңызға ұсынамыз.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегін директорымыз Өте
бпергенов Ерзат Шахатұлына береміз.

Жүргізуші :-1

Кеш-жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді.

Жүргізуші :-2-

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.



Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Жүргізуші -2
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе

РЭТ-23-9 тобының студенттерін әсем әнімен ортаға шақырамыз.

Қабыл алыңыздар!

ХОР Ер балдар

Жүргізуші :-1

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне РЭТ- 23-9 тобының студенттерін сахна төріне шақырамыз.

1.Оралхан 2.Нұрдаулет 3.Мұрат 4.Арслан 5.Өркенбек



Жүргізуші :-2

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын РЭТ-23-9 дың балалары бар.


Тамашадан көрініс.


жүргізуші :-1


Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті Вальс биіне береміз.


Жүргізуші :-2


Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, - дей келе Исмайлова Айсу , Талибжанова Сабина «Мама» атты әнімен ортаға шақырамыз.


Жүргізуші :-1


Келесі кезекте РЭТ -23-9 тобы хор "Ана" атты өлеңімен ортаға шақырамыз.


Жүргізуші :-2


Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз

мәресіне жетті (. Шуақты күндерде кездескенше!) – бірге.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!