Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Шымкент көлік колледжі
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие сағаты жоспары.
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
Бертаев Н.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
___ _______ ____2024ж
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Тақырыбы : «Жошы ханның -800 жыл толуы »
Орындаған : Кенжебаева
Тобы : РЭТ-23-9
Шымкент 2024ж
Топпен жүргізілетін тәрбие сағатына:
1.Сәлемдесу
2.Топты түгелдеу
3.Тақырыппен таныстыру
2023 жылы Жошы ханның Ұлытауда таққа отырғанына 800 жыл толады. Қазақ мемлекеті тарихындағы елдік маңызы ерекше зор бұл мерейтой мемлекеттік деңгейде тойлануы тиіс!
Жошы хан[1] (1187-1227 жылдары) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.
Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тұғырыл ханның көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.
Қолбасшы
Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.
-
1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз озенінің бойында Хорезм шаһы Мухаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мухаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды.
-
1220-1222 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент тағы басқа қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды.
-
1223 жылы әкесінің ұйымдастыруымен өткен Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт ұлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының тұяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.
Құрылтай
Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкесінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады.Құрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар құрады. Омаровский жерінде өз атасын өлтірді.Кедей баласын алып өзенге лақтырды.1243 жылы қайтыс болды.
Қыпшақтармен қарым-қатынасы
Шешесі Бөрте қоңырат қызы болғандықтан, ол өз қол астындағылармен өте жақын қарым-қатынаста болды. Жошы бірінші болып тәуелсіз мемлекет құруға ашық түрде ұмтылды. Ал бұл саясат әке мен бала арасында араздық тууына себепкер болды.Сол заманда өмір сүрген шығыс тарихшыларының айтуынша, Жошы күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенген. Жужани өзінің 1260 жылы жазылған "Табанат-и-Насири" тарихнамасында былай дейді: "Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша , ол Хорезмде моңғолдарға қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді."
Қайтыс болуы
Өзінің пікірлес адамдарына: "Шыңғыс қаған, сірә алжыған, өйткені осынша жерді ойрандап, мұншама халықты қырғынға ұшыратты. Сондықтан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіремін!" — дегенді айтқан. Оның осы ойын тете інісі Шағатай сезіп қап Шыңғысқанға жеткізеді. Қаһарына мінген қаған Хорезмге сенімді адамдарын аттандырып, Жошының тез арада әкесіне жетуін бұйырады. "Егер ол мұнда келуден қашқақтап, Хорезмде қалатын болса, үн-түнсіз қанжар сұғып, ләм-мим деместен өлтіре салыңдар!" — деп әмір етеді. Сырқаттығы себепті бара алмайтынын сылтауратқан Жошы кыпшақ даласында қала берді. Ал сенімді адамдары Шыңғысқа Жошының сап-сау екенін, тіпті, аң аулауға жиі шығып тұратынын айтып келген. Тұла бойын ашу оты алаулатқан Шыңғыс хан: "Шамасы, ол маған қарсы екен, әкесінің сөзін де ілтипатқа алмады" деп ойлап, оның соңынан Шағатай мен Үгедей бастаған әскер жіберді. Осы кезде Жошының қазаға ұшырағаны жөнінде қаралы хабар жеткен еді. Ол әкесінен алты ай бұрын қазаға ұшырады. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде "аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген" десе, кейбір деректерде "жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен" деп көрсетіледі.
-
Жошы Шығыс Еуропаға жорық жасау жоспарын жүзеге асыра алмай дүние салды. Жошының бірнеше әйелдері мен алғыншы арулары бар болатын. Оның қырыққа жуық ұлы болған, олардан сан жетпес немерелері өсіп-өрбіген. Ұлдарының ішінде тарихи деректерде кездесетіндері: Орда-Ежен, Бату, Берке, Шибан тағы басқа. Жошы өлгеннен кейін батыстағы әскер оның екінші ұлын, Батуды, так мұрагері деп таныды, бұл таңдауды Шыңғыс хан да мақұлдады.
-
Жошының мазары Жезқазған қаласынан 45 км жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жошының өлімі жөнінде қазақ халқында "Ақсақ құлан, Жошы хан" атты тарихи күй бар. "Ақсақ құлан" мультфильмі түсірілген. Ақ Орданың ханы болғ
Ұрпақтары
Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан — Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды". Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и ғузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы — Тоқа Темір — Өз Темір — Қожа Бәдік — Орыс хан) болып саналады.Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырға
Видеоролик
Ютуб каналаынан
Қысқаша туынды.