Тақырыбы:
« Жұлдызды сәт»
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды өз ана тілін дамыту,таза сөйлеуге үйрету,ұлы ғалымдар ілімін дәріптеуге дағдыландыру,өз ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.
2. Тәрбиелік: Тілге деген сүйіспеншілікке,тілді құрметтеп қадірлеуге,тілге деген
құрмет барлығымыздың бойымызда болуы керек екені туралы айту.
3. Дамытушылық: Адамзат баласының ана тілін білуі-борышы,парызы.Өз тілін дамыту міндеті туралы.
Әдіс-тәсілі: мақал-мәтел сайысы,ой толғау,ән айту,түсіндіру,мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі:Ақын,жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері,өлең шумақтары, ұлттық ойындар.
Мұғалім: Сүйемін туған тілім-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар !
Тіл-ұлттық аса ұлы игілігі,әрі оның ажырағысыз белгісі.Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттық өзінің болашағы тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты.Тіл-ұлттық жаны,тіл-ұлттық асыл қазынасы.Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. «Тіл-құрал»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқан.Тіл арқылы біз бір-бірімізбен сөйлесеміз,ара қатынасқа түсеміз,араласамыз.Ең ащы да тіл,ең тәттіде тіл емес пе ?!
Жүргізуші: Біздің еліміз - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Жер шарында 900 - ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді.
Балалар, бүгін мен осында шет елден келген достарымды шақырмақшымын. Олар біздің еліміздің салтын, тілін, адамдарымен танысқысы келеді.Достар, мен оларды шақырсам қарсы болмайсыңдар ма?
Балалар қарсы болмайтынын айтып, қонақтарды шақырады. Ортаға бірінші орыс елінен келген досы келеді:-Здравствуйте, ребята! Как ваше дела? Я приехала из Россий. Меня зовут-Айым. Я хочу узнать о вас и о вашей стране...(балаларға сұрақ қояды...)
Жүргізуші: Ал,енді балалар, келесі қонағымыз Америка елінен келген досымды шақырайық! (Ортаға ағылшын досы келеді.)- Good morning my dear friends! Nice to meet you! Let’s play with me. I want to ask your questions. (Кез-келген балаға барып, ағылшынша сұрақтар қояды.Балалар жауап береді.).
Ән «Little star» (2 сыныптың орындауында)
Жүргізуші: Ал, енді балалар, достарымызбен бірге «Жұлдызды сәт» ойынын бастайық.
1 кезең: Мақалдарды жалғастыр.
2 кезең: Сурет бойынша сөйлем құрастыру
3 кезең: Сөздерді 3 тілде айту.
4 кезең: микрофон әдісі
5 кезең: қар әдісі
Жүргізуші: Балалар ендігі кезекте презентациядағы суреттерге қараймыз. Бұл суреттер арқылы қандай мақал екенін тауып, әрі қарай жалғастыруларың керек. (мақал-мәтелдерді жалғастырады.).
2 кезеңде оқушыларға сурет таратылып беріледі, және ол суретке оқушылар сөйлем құрауы қажет. Көп әрі мағыналы сөйлем құраған оқушыларда қонақтарымыз мадақтайды.
Ән «Ассалаумағалейкум» (3-сынып оқушысы Мансұрдың орындауында)
3-кезеңде презентацияда берілген суреттерді 3 тілде айтуы қажет.
4-кезеңде, балаларға үш микрофон таратылып береді. 1 микрофонда «мен қазақша сөйлеймін», екінші микрофонда «Орыс тілін білемін», үшінші микрофонда «Ағылшынша үйреніп жүрмін» деген сөздері бар. Қай балаға қандай микрофон түссе, сол тілде сөйлеуі тиіс.
5 кезеңде, қар әдісі арқылы оқушылардан 3 тілде сұрақ- жауаптар алынды.
Жүргізуші: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
Қорытындылай келе, Қазақстан — ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар.Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Жұлдызды сәт" бастауыш сынып

шағым қалдыра аласыз