Тәрбие сағаты: Жүректен жүрекке

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: Жүректен жүрекке

Материал туралы қысқаша түсінік
“Мейірімділік ”ұғымы туралы түсініктерін кеңейту адамгершілікке, сыйластыққа, бір-біріне деген сүйіспеншіліке тәрбиелеу. Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТС-ТБ-А-82 /07

16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ




«БЕКІТЕМІН»

Директордың ТЖЖ орынбасары

_________________ Г.Шертаева

«____» ______________ 20 ___ ж.











ТӘРБИЕ САҒАТЫ


ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ


ТС-ТБ-А-82 /08






Данасы:________________________________________

Енгізілген мерзімі:_______________________________


Пайдалану мерзімі: ______________________________








Қызмет бабында пайдаланылатын басылым


Шардара

АЛҒЫ СӨЗ


1 Әзірлегендер: А-82 топ жетекшісі: .....................................................................К. Парманкулов

А-82 топ шебері..................................................................................А. Ибраемов

2 Бірінші рет енгізілді












































Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды


МАЗМҰНЫ


1 Мақсаты............................................................................................................................................4

2 Көрнекілігі .......................................................................................................................................4

3 Кіріспе ..............................................................................................................................................4

3.1 Мұғалім сөзі..................................................................................................................................4

3.2 Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)............................4

3.3 Мейірімділік туралы әңгіме тыңдау.........................................................................................5

4 «Құпиялы қасиет ойыны. ..............................................................................................................5

5 Қорытынды......................................................................................................................................6

6 Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................................................6




































1 МАҚСАТЫ

Мейірімділік ”ұғымы туралы түсініктерін кеңейту адамгершілікке, сыйластыққа, бір-біріне деген сүйіспеншіліке тәрбиелеу.

Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

2 КӨРНЕКІЛІГІ

Секен Тұрысбековтың  «Көңіл толқыны» күйі, доп, түрлі-түсті  жүрекшелер, стикер,ұлағатты сөздер.

КІРІСПЕ

3.1 Мұғалім сөзі:
 Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы  сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен  жеткізейік.

-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.

-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

3.2 Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

3.3 Мейірімділік туралы әңгіме тыңдау.

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан,

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

ә)Неге мейірімді болу керек?

б)Қалай мейірімді болуға болады?

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.



4.«Құпиялы қасиет» ойыны. 

(Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін  Арай алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.


Ойын «Мейірімді жүрек»
Шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушы жүрекшені ұстап тұрып:
«Балалардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі», - деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білідіретін жылы сөздер айтады.
(Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!)


5 ҚОРЫТЫНДЫ:

« Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.

Қызыл-адамгершілік.

Сары- адалдық.

Қызғылт- мейірімділік.

Көгілдір- сүйіспеншілік.

Жасыл- әдептілік.

Көк- ізеттілік.

Ақ-қайырымдылық.

Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,

Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің             сөзімен сабағымды  қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!



6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

- Интернет материалдары

- Әдеби кітаптар

7

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2020
3386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі