Тақырыбы:
Жыл басы - Наурыз
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі
Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере
отырып, халқымыздың салт – дәстүрін
бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа,
адамгершілікке, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
Мазмұны:
Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп,
жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі
дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен
насихатталады.
Көрнекілігі:
Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық
тағамдар, алтыбақан.
Жаңа
жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың
Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні
қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі
саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске
үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр
жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы
болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп
әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла
қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық
шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге
келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Ұлыстың
Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп
» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір
көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп,
жер беті әбден жылығанда шығады дейді.
Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы
көзге көріне бермейтін терең мәнді
тағылымды үйлесімділік жатыр. Тілімізде
осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық
ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ
ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы
торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт
( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас
еріген күн» деген сөз оралымдары
сақталған.
«Береке басынан
басталады» демекші, «жыл басы жақсы
басталса, аяғы да жақсы болады» деген
қағиданы берік тұтынған халық бүкіл
ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға
толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 –
Наурыз күнгі таң алдында орындалады
екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр
Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді
дейді екен.
Наурыздау,
ауыл аралап көрісу Қазақ даласында үш
күнге созылған (22 - 24 Наурызда). Осы
күндері әрбір отбасының дастарханынан
көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық,
қабағы жайдарлы болған. 22 – Наурыз күні
міндетті түрде отбасынан дәм татып,
ақсақалдар мен әжелердің батасын алу
парыз саналған.
Жыл
басы - Наурыз
с/ж:
Амантаева.Б.А.