жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: Киберқауіпсіздік, компьютерлік қауіпсіздіктері. 8 сынып
Авторы: Жуматаева Багира Дарошевна
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған
мектеп-интернет-колледжі» КММ
8 сынып
Тақырыбы: Киберқауіпсіздік, компьютерлік қауіпсіздіктері.
Мақсаты:
-
Киберқауіпсіздік туралы түсінік беру, бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
-
Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру; оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру; пікірлерін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып, бұлтартпас айғақтар келтіру.
-
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың
әдісі: сұрақ – жауап
/ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер
келтіру
Сабақтың көрнекілігі: ИБТ
Сабақтың түрі: түсіндіру
/пікірталас
І. Сабақтың
барысы:
1.Шаттық шеңбері (3 мин)
Сәлеметсіздерме балалар! Мен сіздерге бір бірлеріне қол беріп амандасуларынызды сұраймын. Бір-бірімізге қол бере отыра, әрқайсысымыз шынайы түрде араласып және біз қуанышты екенімізді жеткіземіз.
Интернет арқылы біз бейтаныс адамдарды әлеуметтік желілерде жиі қосамыз және олармен араласамыз. Біз олар туралы ештеңе білмейміз, тек олардың лақап аттарын ғана. Біз қол ұстасудан немесе бейтаныс адам туралы қанша ақпарат біле аламыз? … Әрқашан жанынызда сенуге болатын адамдар бар екенін біліңіз, олар сізді әрқашан жақын жерде жақсы көреді. Бұлар кімдер? Туыстары, достары, сыныптастары, достары.
Сабақтын барысы: Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтып кетелік. Адамзат қоғамының дамуына айтарлықтай әсер ететін кез-келген жаһандық құбылыс сияқты, интернеттің де оң және теріс жақтары бар.
Осы отырған оқушыларды 2- топқа бөлеміз. Олардың атаулары:
1) Қауіпті ғаламтор
2) Қауіпсіз ғаламтор
Видеоролик көру
Топтық жұмыс. Постер қорғау.
І –ші топ ғаламтордың пайдасы туралы айтады.
«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Интернет мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан – жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе – көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
ІІ–ші топ ғаламтордың зияны туралы айтады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы – ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерінізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Сұрақ- жауап бөлімі: Әлеуметтік желі зиян ба, пайдалы ма? Бұл желілер не үшін керек болды? Мүмкін шығарушы елдер бөтен мемлекеттердің ішкі-сырты құпияларын ұрламақ болды ма?
Ғаламтор - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Тіпті, кейбіріміз ғаламторсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жеттік. Ғаламтордың жылдамдығы нашарлап қалса болды, - ашуға беріліп шыға келеміз. Бұлай ашулануға негіз бар ма әлде жоқ па? Соны анықтап алайық.
Ғаламтордың пайдалы жақтары
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама.
Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Одан бөлек, ғаламтор - нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.
Ғаламтордың зияны
Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.
Не істеуге болады?
Жалпы компьютердің алдына артық отырып алмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзіне қажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп, керегін ала алса, онда ғаламтор түк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан қашқан жөн.
Одан бөлек, қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.
Видео көру
Бүгінгі күні ғаламтордың
қолжетімділігі – заманауи үдерістердің біріне баланады. Интернеттің
игілікке айналуы – өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес,
сондай-ақ әлемдік алға жылжудың қажетті шарты ретінде қабылданады.
Алайда, өзгермелі әлемде жағымды жаңалықтармен қатар, қабағат
қателіктері де қатар жүретін қауіп-қатерлерді де назардан тыс
қалдырмауымыз керек. Барлық адамзатты алаңдатып отыр. Қауіп-қатері
ядролық қарудан кем түспейтін осы бір «киберқауіпсіздік» тақырыбы
жайлы аз-кем ой
қорытпақпыз.
Бүгінгі күні киберқауіпсіздік күллі әлем үшін аса маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салуда.
Киберқауіпсіздік — құпиялылық, тұтастық және қол жетімділіктің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын процесс. Жүйелік администратор активтерді қоса алғанда, компьютерлердің жергілікті желі деректерін, серверлерді қорғауды қамтамасыз етеді. Киберқауіпсіздік деректерді қорғау болып табылады. Егер бұрын тек электронды поштаның құпиясөздерін және копьютерді вирустардан қорғау керек болса, бүгінгде әлеуметтік желілердегі аккаундтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет.
Киберқауіпсіздік Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында киберқауіпсіздік мәселесін басым бағыттардың қатарына шығарып, қылмыстың осы түрімен күрестің көкейкестілігі күн сайын артып келе жатқанын бөле-жарып атады. Жолдаудағы тапсырмасына орай Үкімет еліміздің киберқауіпсіздігінің тұжырымдамасын бекітті.
Кахут ойынын ойнау
Кеңес:
Интернетпен
жұмыс жасаудың ережелері
1. Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз.
2. Сізге пошта арқылы Word немесе Excel
құжаты келсе (таныс адамнан келсе-дағы), оны ашпас бұрын,
вирустардың бар-жоғына тексеріп
алыңыз.
3. Егер таныс емес қосымша келер
болса, оны іске қоспаңыз, дұрысы – жойып, себетті босатып
қойыңыз.
4. Құпиясөзді еш уақытта ешкімге
бермеңіз.
5. Құпиясөзді құрастырған кезде есте сақтап
қалуға қиын сандардың және әріптердің жиынтығымен қолдануға
тырысыңыз.
6. Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан
кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап
атпен (никпен) қолданыңыз.
7. Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.
8. Егер Интернетте
тіркеуден өту қажет болса, ол жерде жеке ақпаратыңыздың болмағанын
қадағалаңыз.
9. Интернетте орналасқан ақпараттың
барлығына бірдей сене бермеңіз.
10. Экранда маңызды мәліметтері бар компьютерді қараусыз қалдырмаңыз.
11. Маңызды мәліметтерді көпшілікке қолжетімді компьютерде сақтамаңыз.
12.Өзі туралы ақпаратты құпияда ұстау;
13.Ғаламтордан бағдарлама немесе файл жүктер алдында абай болу;
14.Ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден үлкендерге айту;
15.Ғаламторда отырғанда өзін-өзі дұрыс ұстау.
16.Белгісіз чаттарға, әлеуметтік сайттарға, хабарландыру парақшаларына кірмеңіздер;
17. Ғаламторды бұзақылық үшін пайдаланбаныз;
18. Ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда үлкендермен ақылдасыныз;
19. Құмар ойындарды және олардың зиянды екенін есте сақтаңыз.
Тәрбиеші: «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады»,
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жер халқының келешегі жас буын, яғни сіздер! Сіздердің мәселелерің шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болса өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз.!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген