400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Кім болам?" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мамандық туралы жалпы түсінік беру, өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру. Еңбекке деген құштарлығын ояту. Үлкендердің еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 27.01.2022.ж

Тәрбиеші: Калдыбаева Н.Ж.

Тәрбие бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Тақырыбы: «Кім болам? ».

Мақсаты: Балаларға мамандық туралы жалпы түсінік беру, өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру.  Еңбекке деген құштарлығын ояту.  Үлкендердің еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: аспазшы, дәрігер, жүргізүші, құрылысшы, мұғалім

Керекті құралдар: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар.

Шаттық шеңбер:

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге,

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз.

Жұмбақтар жасырады:

  • Аялаймын барыңды,

Аштырмаймын қарныңды.

Тосырқамай кел күнім,

Тойғызамын бәріңді. (Аспазшы)

  • Іш ауырса, тіс ауырса,

Бізге дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді. (Дәрігер)

  • Қолымда алтын қалағым,

Зәулім үйлер саламын. (Құрлысшы)

Дидактикалық ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты:Балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру,еңбекті құрметтеуге дағдыландыру,өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:әр түрлі мамандықтар суреттері

Ойын барысы: суреттер тақтаға іленеді. Бала өзі қалаған мамандығын қарап алады да,сол мамандық туралы әңгімелейді. Неге ұнататынын,қандай жақсылығы барлығын әңгімелейді.

Дыбыстық жаттығу:

«Зе-зе-зе,зе-зе-зе – бұл шынылы терезе»,

«За-за-за,за-за-за – үйдің іші тап-таза»,

«Зу-зу-зу,зу-зу-зу – күрекпен жерді қазу»,

«Са-са-са, са-са-са – ызыңдайды маса

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»

Мақсаты: мамандықтарға не қажет екендерін атап, керекті заттарын орналастыруларын сұрайды.

Мамандықтарға не керек екенін айтады, суреттерін қыстырғышпен орналастырады.

Дидактикалық ойын:«Мен кім болам?»

Мақсаты: болашақта қандай мамандықты таңдайтындарын, не үшін таңдайтындарын айтады.

Рефлексивті – түзетушілік:

Сұрақтар:

- Қандай мамандықтармен таныстық?

- Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1. Еңбек түбі - береке.

2. Еңбек түбі - зейнет.

3. Еңбегі аздың өнбегі аз.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: мамандықтардың атауларын, не істейтіндерін, пайдаланатын заттарын.

Болу керек: мамандықтар туралы мәлімет.

Істей білу керек: сұрақтарға толық жауап беруді, жұмбақтарды шешуді, өлеңдерді жатқа айта алуды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2022
1061
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі