Авторы:
Кенжеғалиева Раушан Жалғасқызы
Атырау
қаласы №4 облыстық шипажайлық
мектеп-интернаты
Тәрбие
сағаты 6 сынып
Тақырыбы:
«Кітап – асыл қазына»
Мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін
ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі
маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы
жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа
деген қызығушылығын арттыру
Көрнекілігі:
Кітап көрмесі, нақыл сөздер, сұрақтар
салынған конверт
Барысы:
І.
Ұйымдастыру
ІІ.
Жұмбақтар шешу.
а)
Теңізде түбі терең,
Сүңгіген
жетер әрең (Білім)
ә)
Көп әңгіме - өлеңім,
Күнде
ақыл беремін. (Кітап)
б)
Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)
ІІІ.
- Балалар, бүгін біз кітап, білім туралы
көптеген мағлұмат аламыз. Қазақстан
азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі
болуы керек. Терең білім, ғылым
жаңалықтарын, өткен тарихымызды,
өнеркәсібімізді білу үшін кітапты көп
оқу керек. Кітап қағаз – ағаштан жасалады.
Ағаш – табиғат байлығы. Кітап жасау
үшін көптеген мамандық иелері еңбек
етеді.
1.
Біздің елімізде бірде - бір бала мектептен
тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру
туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім
туралы» заң қабылданған.
2.
Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен
атқарылған. Адамдар кітап болатын, әріп
теретін машиналар ойлап тапты. Қазіргі
кезде кітап болып шығару ісі жолға
қойылған.
3.
Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге
көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы
жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп
оқушыларына оқулықтар тегін берілуде.
4.
Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге
болмайды. Өйткені, әр кітап – Отан
байлығы, аға - апаларымыз бен әже -
аталарымыздың маңдай тері.
IV.
«Білім керек бәріне» оқитын Ирсайнова
Назерке
Тоқтар
аға ұқсап сен
Әкең
кітап әкелсе
Ұшуды
да ойлайсың
Сұрайсың
да, қалайсың.
Көк
ала аспан кеңісін
Суретіне
зер салып,
Білу
керек әуелі
Қайта
- қайта қарайсың
Балдырғандар
ол үшін
Сол
кітаптың мәнісін
Білім
керек әуелі.
Білу
керек мәуелі
Балдырғандар
ол үшін
Білім керек әуелі.
Айтып
айтпай не керек
Сүйсең туған
еліңді
Еңбек етем елге деп,
Қуандырсаң
атаңды,
Әр нәрсенің мәнісін
Білу
керек мәуелі,
Балдырғандар ол
үшін
Білім керек әуелі.
V.
Даналардың білім туралы ойларынан
1.
Білімді болу деген сөз – белгісіз
нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген.
(Әл - Фараби)
2.
Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны.
(И. Гете)
3.
Білім мен даналық - адам көркі. (Ә.
Науаи)
4.
Білмеген масқара емес, білгісі келмеген
ұяттырақ. (Сократ)
5.
Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз
– білім. (Ф. Бэкон)
6.
Көп білген емес, ең керектісін білген
адам ақылды. Адамның білгені аз болған
сайын көп білетіндей болып көрінеді.(Ж.
Ж. Руссо)
7.
Білім мақсат емес, білім – қару. (Л.
Толстой)
8.
Білім жолы – даналық жол. (А. Байтұрсынов)
9.
Білім – дүниенің кілті. (Абай)
10.
Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе – білім. (М.
Әуезов)
VI.
Оқу, білім туралы мақал - мәтелдер.
1.
Оқу – білім бұлағы,
Білім
- өмір шырағы.
2.
Оқу - білім азығы
Білім
– ырыс қазығы.
3.
Ақыл – тозбайтын тон.
Білім
- таусылмайтын кен.
4.
Білімдінің күні жарық
Білімсіздің
күні кәріп.
6.
Кітап жанашыр адал досың
VII.
Сұрақ-жауап бөлімі.
-Конверттегі
сұрақтарға жауап беру.
VIІI.
Қорытынды:
-
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл
атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты
кішіпейіл болуға, мейірімділікке,
төзімділікке баулиды. Кітап жаман
әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты
біздің қоғамымыздың әрбір адамы
күнделікті тұрмысында пайдаланады.
Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі
- өнеге алады. Кітап – біздің рухани
жан азығымыз.
Ән.
«Әйбат менің кітабым» (хор)