жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Кітап-асыл қазына"
Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Тақырыбы: «Кітап – асыл қазына»
1 «г» сыныбына өткізген ашық тәрбие сағаты
Өткізген: Исанова Ж.Е.
Орал қаласы, 2021ж
Тақырыбы: Кітап –
асыл қазына
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы
түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең,
ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге,
кітапты қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: кітаптар туралы қанатты сөздер,
мақал - мәтелдер, кітаптар
көрмесі
Барысы:
Кіріспе
сөз
Мұғалім: -Балалар, бүгін біз өзіміздің ең жақын досымыз кітап туралы сөз қозғамақпыз.
Оқусыз, білімсіз дүниенің қыр-сырын ұғып, түсіну мүмкін емес. Сондықтан да ерте кезден бастап-ақ адамзат баласы білімге, ғылымға аса мән берген. Өз білгенін, көргенін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жазбаша түрінде қалдырып отырған.
-Балалар, бүгін біз өзіміздің ең жақын досымыз кітап туралы сөз қозғамақпыз.
Оқусыз, білімсіз дүниенің қыр-сырын ұғып, түсіну мүмкін емес. Сондықтан да ерте кезден бастап-ақ адамзат баласы білімге, ғылымға аса мән берген. Өз білгенін, көргенін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жазбаша түрінде қалдырып отырған.
Алғаш қазақ тілінде кітап құрастырып, оқулық жазған көрнекті ақын, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Алғаш әліппені жазған да осы кісі. Сондықтан да «Әліппенің атасы» атанған. Алғаш «Қазақ хрстоматиясы» атты оқулықты да осы кісі жазған.
Сонымен қатар, қазақ балаларының білімді, сауатты, өнерлі болуына еңбегі сіңген ұлы ақын Абай Құнанбаев атамыз. Ол балаларға арнап әңгімелер, өлеңдер жазды.
Кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз?
Ежелгі заманда Мысырда, Греция мен Римде балшықтан арнайы тақтайшалар құйылды. Оның бетіне үшкір қаламшалармен жазулар жазылды. Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді. Міне, осылайша қыш кітаптар дүниеге келді.
Ерте кезде кітап тас бетіне де қашалып жазылды. Адамдар өздерінің көргендерін, білгендерін тастардың бетінеқашап жазып, суреттерде салып отырған.
Ежелгі Мысырда «папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға аралып жасалды. Міне, осылайша «Орама кітаптар» шықты. (Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жасаған)
Ертеде адамдар жазуды әр түрлі аңдардың терісіне жазған. Ол үшін теріні жуып тазалап,илеп, кептіріп содан соң жазулар жазған. Осылайша пергемент кітатар дүниеге келді.
Қағаздан жасалған кітапта тұңғыш рет Қытайдан шықты.
Кітаптың іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтынмен, күміспен және басқа бағалы заттармен әшекейленіп жасалды.
Кітап басудың үлгісін ХІ ғасырда Қытай өнерпазы Би шэн, ХV ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты.
Кітап шығару оңай
шаруа емес. Ол үшін қаншама адамның маңдай тері төгіледі. Оған
жұмысшының да, ақынның, жазушының да, суретшінің де еңбегі
сіңеді.
Кітап та алма ағашы
–
Жемісін біздер
теретін.
Тәтті алмаға
балашы
Кітабыңның әр
бетін деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби
кітаптар және оқулықтар – білім көзі, рухани
қазына.
«Кітап - ғажап дос» «
Кітап – білім бұлағы», « Білім көзі кітапта», « Өлең - сөздің
патшасы»
Өмір мәні – өнер менен
білімде
Айтайықшы кітабыңды жыр
ете.
Әрі ақылшың, рухани
қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте –
деп,
Оқушылар бұл кезеңде кітап туралы тақпақтарын
айтып, көрініс
көрсетіп,
өлең
айтады.
І.
кезең «Кітап - ғажап
дос»
1 - оқушы: Джамиля
Адамның досы кітап – өмір
кілті,
Тең емес оған жиған
мүлкін,
Ақылшы жанға
серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір
көркі.
2 -
оқушы: Айзере
Кітапты оқымайды
сыйламаған,
Білімге жанын жайып
қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой
өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде
маған
3 - оқушы: Жанура
Айдын шалқар кейде
бір,
Кітапты тұнған көл
дерсің,
Ауадай қажет бейне
бір,
Татпасаң нәрін
шөлдерсің.
4 -
оқушы: Осман
Кітабың – сенің
құралың,
Жағар білім
шырағың.
Баса алмайсың
ешқашан,
Онсыз алға бір
адым.
5 -
оқушы:Айназым
Сөйлесіп өзің менен тіл
қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа
тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің
өсиетін.
Шешіліп кейде достай
сырласады.
6 -
оқушы: Сабина
Түлекті тәрбиелер кітап -
мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ
көктеп.
Молайтып ақылыңды сан
еселеп,
Береді білім нәрін кітап
көптеп.
7- оқушы: Фариза
Кітабыңды
құрметте,
Күтіп ұста,
кірлетпе.
Кішілерге табыс
ет
Дақ түсірмей бір
бетке.
8 -
оқушы:
Тұрады басын құрап әріп
неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын алып неден.
9 - оқушы: Альзира
Кітабымды түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін қырқылмасын
Таза болсын беттері кірлемесін,
Көрген адам кітабы кір демесін.
10 - оқушы: Б. Мансұр
Жақсы әңгіме, өлеңді,
Әр бетінен табамын.
Ертегіні көлемді,
Оқи алар баламын.
11 - оқушы: Амира
Кітап оқу адамға,
Әкеледі жақсылық.
Ой ұшқындап санаңда,
Оянады жақсы үміт.
12 - оқушы: Әлімхан
Мол қызыққа батамын,
Кітап – білім бұлағы.
Деген сөзі атамның,
Есімде ылғи тұрады.
13-оқушы Диас
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Т. Мансұр
Оқы талмай, түй санаңа
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,
Бар білімді мен егемін санаңа
ІІ кезең «Тапқыр
болсаң, шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар
жасырылады.)
1. Ұсынған
қойнынан
Білімнің
үлесін.
Шықпайды
ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл
не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый
асы,
Балалардың ұясы
(мектеп)
3. Білімнің
жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы
(мұғалім)
4. Айғағы жоқ, айтары
көп,
Айтқанынан қайтары жоқ
(кітап)
Жұмбақ
шешу:
1.Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін. (кітап)
2.Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
3. Оқытады жазда,
Оқытады қыста,
Тілсіз дана ұстаз. (кітап)
4.Білімнің дәнін береді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз)
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген
балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен
ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі
келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет
салма! Кітап беттерін
жыртпа.
7.Тамақ ішіп отырып,
кітап оқыма.Кітапты жатып
оқыма.
ІІІ. кезең «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал - мәтелдер айтылады.)
1. Кітап — таусылмайтын байлық.
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
4. Оқусыз білім
жоқ,
Білімсіз күнің
жоқ.
5.Білім тозбайды,
Ақыл азбайды.
6. Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
7. Оқу білім бұлағы, білім – өмір
шырағы.
8.Кітап – шебер ұстаз,тілсіз мұғалім.
ІҮ кезең Көрініс: «Науқас кітап».
Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып, дәрігерге әкеледі.
Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер: Сәлеметсіз бе
Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.
Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене інілерім алып, осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.
Мен кеңестер жазып беремін. Үнемі есте сақтап жүр.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме. Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
Кітап беттерін жыртпа. Кітапқа сурет салма, жазба. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.
Оқушы: Жарайды, дәрігер, кеңестеріңізді есте сақтаймын, орындаймын.
Дәрігер: кітабыңыз жазылып кетсін. Сау болыңыздар.
Оқушы: сау болыңыз. Сізге үлкен рақмет.
Қорытынды: -Міне, балалар, бүгін біз кітап туралы көп нәрсе білдік.
-Кітапты қалай ұстау керектігін ұғындық.
Кітаптан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғынды.
-Алдағы уақытта кітапты күтіп, ұқыпты ұстайтындарыңа сенемін.
-Бүгінгі тәрбие сағатына белсене қатысқандарыңа алғысымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген