Тақырыбы: Кітап - білім бұлағы.
Мұғалім:-Кітап қайда басылып шығады?
-Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?
-Кітапты кімдер баптап, түптейді?-деген сұрақтарға балалар жауап берген соң.
-Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі сіңеді екен. Біз оны қалай ұстауымыз керек?-деді.
1-оқушы:-кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек.
-Кітаптың қажеттілігі, оны күтіп ұстаудың дұрыстығы туралы біз көптеген өлеңдер оқыдық.Кім сол өлеңдердің бірін жатқа айтып береді?
2-оқушы.
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап маған ұнайды,
Кітап-білім бұлағы.
3-оқушы:
Кетпейді ешбір жадымнан,
Мектепке бардық күз айы.
Тастамай сені жанымнан,
Қолтықтап жүрдім ұдайы.
4-оқушы:
Достарға толы маңайым,
Татулық тәтті бәрінен.
Ерекше сені санаймын,
Құшақтап жүрмін әлі мен
Бұдан соң мұғалім балаларға жұмбақ жасырады.
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесін.
Бұл не? (Кітап)
Содан кейін тазалықшы шығып, оқушылардың кітаптарын тексеріп, оның күтімі жөнінде мәлімет берді. Олар кітаптары жыртылған сызылған бірен-саран оқушыларды атады.
Кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын көптеген оқушылардың аты аталып, мадақталды. Бір қыз бала кітапты ұқыпты ұстаудың сыры туралы әңгімелесе, екіншісі салақ оқушы туралы «Жыртық кітап жылады» деген өлеңді мәнерлеп оқып берді.
5-оқушы:-«Граматика»,-«Өнер алды-қызыл тіл» дейді ғой халық. Сол өнердің де, білімнің де алды, адамдар қарым-қатынасының басты құралы болып табылатын тілде талай-талай қызық бар. Пайымдай қарасақ, ана тіліміздің сөздік қоры бай, оралымды тіл екенін көреміз.
6-оқушы: -«Ана тілі»
-Мені қалың елім- қазақ баласы сүйеді, құрметтейді. Мен олардың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізер қасиетті мұрасымын. Мен де ондай ұрпағымның асыл арманы, қуанышы мен қызығы үшін қызмет етемін.
Мұғалім: Енді ұлы адамдардың кітап туралы айтқандарын еске түсірелік.
7-оқушы:
«Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, онан да көп оқу керек!»-дейді белгілі ғалым, сыншы Д.Писарев.
8-оқушы: «Ана тілі- халықтың ұлы ақылгөйі»,- деді орыс халқының педагогы К.Д. Ушинский.
9-оқушы:
«Кітапсыз өткізілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн, көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуде үлкен өнер. Ол үшін оқырманды жас кезінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек»,-дейді А.И.Маркушевич.
10-оқушы:
Ұлы Маркске қызы Лаура: «Сіздің ең жақсы көретін қызметіңіз не?»- дегенде,ол: «Кітап ақтару»,-деп жауап берген екен.
Мұғалім: Біз бұдан ұлы адамдардың кітапты аса жоғары бағалағанын білеміз. Бұдан соң бастауыш сынып оқушыларына: Қандай жазушыларды білесіңдер? Қандай балалар жазушысын ерекше ұнатасыңдар? Қазақ даласына мектеп салған, қазақ балаларына арнап тұңғыш «Әліппе» жазған кім? Оның балаларға арналған өлеңін кім оқиды? деген сұрақтар қойдым. Бір оқушы Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жатқа оқып берді. Онан әрі балалар хормен Б.Байқадамовтың «Біз-Отанның бөбегі» әнін орындады. Әннің соңынан тағы да оқушылар кітап жайлы тақпақ, жұмбақтар айтты.
11-оқушы:
Оқу-білім қазығы,
Білім өмір азығы.
12-оқушы: Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-адал пейіл, асыл дос, қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады
Мұғалім:
Бір қойым бар,қаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Адаммен сөйлесер,
Ақылы бар,жаны жоқ
Тілі барда,үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар,қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен
(кітап)
13-оқушы:
Бірінші әріп-көзде бар, мұрнында жоқ.
Екінші әріп-тісте бар, бұрымда жоқ
Үшіншісі әріп-бетте бар, білекте жоқ,
Төртінші әріп-құлақта бар, жүректе жоқ
Бесінші әріп П әрпі –ақырғысы,
Жұмбақ шешкен-баланың ақылдысы.
(кітап)
Барлық балалар қосылып хормен И.Нүсіпбаевтің «Отан» (өлеңін жазған Н.Әлімқұлов)әнін орындады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: "Кітап-білім бұлағы"

шағым қалдыра аласыз