жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Көктем аруы 3 сынып
Көктем аруы – 2015
Мақсаты: а)Балаларды бойындағы қабілеттерді дамыту, сахналық мәдениетін қалыптастыру.Өнерге деген талпынысын жетілдіру;
Ә)Өнерге баулу, тазалық пен сұлулыққа, жылдамдық пеен ептілікке тәрбиелеу;
Б) Шығармашылық ойлау қабілетін шыңдау, қиялын байыптап, өз бетінше өмір сүруге дағдыландыру;
Байқау талаптары: Өзін-өзі ұстауы;Сөйлеу мәдениеті; Жүріс-тұрысы;Киімнің үйлесімділігі; Білім деңгейі;
Байқау шарттары:
-
«Мен қазақтың қызымын» таныстыру.
-
«Мақал – сөздің мәйегі» мақал-мәтел сайысы.
-
«Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап.
-
«Анамның сүйікті асы»
-
«Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету.
-
«Қол өнер» үй тапсырмасы
-
«Сән үлгісі»
1-жүргізуші: - Құрметті ақ жаулықты асыл аналар, әжелер, қызғалдақтар құлпырған қыздар, қадірлі ұстаздар!Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді.Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді.
2-жүргізуші: -Бүгін үлкен мереке.Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі.Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өніп келеміз.Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді.Аналар! Көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:Көктем күніңдей көңілдерің шуақты, жүздеріңіз нұрлы бола берсін!
2-жүргізуші: Аналардың мерекесі құтты болсын,
Басыңызға баршаңыңздың бақыт қонсын.
Көмкеріп ән-жырымен осы кеште,
Жүзіңіз қуаныш пен күйге толсын!
1-жүргізуші:Байқау 7 бөлімнен тұрады:
-
«Мен қазақтың қызымын» таныстыру.
-
«Мақал – сөздің мәйегі» мақал-мәтел сайысы.
-
«Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап.
-
«Анамның сүйікті асы»
-
«Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету.
-
«Шебердің қолы ортақ» қолөнер сайысы (үй тапсырмасы)
-
«Сән үлгісі»

2-жүргізуші: Бүгінгі аналар мерекесіне орай арналған «Көктем аруы - 2015» атты байқауға қош келдіңіздер!Құрметті қауым, байқауымызды бастамас бұрын, байқауға төрелік етуші әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
1-жүргізуші: Ал, халайық, ауруларға тамсанайық
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға,
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
2-жүргізуші:Алдарыңызда бүгінгі байқауға қатысқалы тұрған сайыскерлерімізді қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Байқауымыздың 1-ші бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер.
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді,-дей келе «Мен қазақтың қызымын» атты таныстыру бөліміне береміз.Қыздар өздерін таныстырып өтеді.
2-жүргізуші:Сайыскерлерімізге рахмет, таныстыруларын әділқазылар бағаларын беріп отырыңыздар.
1-жүргізуші:Екінші бөлім «Мақал – сөздің мәйегі» деп атам қазақ айтқандай, мақалдар айту. Мақал – мәтелдердің жалғасын айтасыздар, кім бұрын тез жауап берсе ,соның ұпайы да көп болады.
2-жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын- дей отырып «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап бөлімінде тапсырмалар беріліп, соларға жауап береді.
№1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл?
№2.Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі болады?
№3.Жыл басы болудан қалған жануар?
№4.Төрт түлік малды ата.
№5.Түйе өркешіне не жинайды?
№6.Кірпі мен аю қыста не істейді?
№7.Зат есім дегеніміз не?Қандай сұраққа жауап береді.
№8.Сан есім дегеніміз не?Қандай сұраққа жауап береді
№9.Етістік дегеніміз не?Қандай сұраққа жауап береді.
№10. «Жазғытұры» өлеңінің авторы кім?
№11. «Не үшін?» өлеңінен үзінді?
№12. Бұғының төлі қалай аталады?
№13.Диалог дегеніміз не?
1-жүргізуші:
Арусыңдар таудай биік
талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың.
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па,-дей отырып «Анамның сүйікті асы» атты бөлімге береміз.Бұл бөлімде аруларымыз дайындап келген тағамдарының дайындалу жолдарын түсіндіреді.
2-жүргізуші:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан
Өнеріңді көрсетші.
1-жүргізуші:
Мың бұралып билеген,Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға,кімдербасын имеген.
«Өнерлі өрге жүзер» деп,халқым бекер айтпаған,
Өнерлерін арулардың тамашалап көрейік
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік,-дей келе «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде аруларымыз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші:
«Бармақтарың майысып,түрлі ою ойысып.
Шебер болар ма екенсің», деп даналар үйреткен.
Қолөнерді көрейік,әділ баға берейік,
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін-,бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап келген қолөнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші:
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік,- «Сән үлгісі»бұл бөлімде аруларымыз өздері дайындаған киім үлгісін көрсетеді және түсіндіреді.
Қорытынды сөз:
2-жүргізуші:
Жас ару алынбаған асуларсың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Күш қайратын әрқашанда тасқындасың.
1-жүргізуші:
Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның.
2-жүргізуші: -Осымен арулар 6 бөлімнен өтіп, өздерінің өнерлерін көрсетті.Ендігі сөзді әділқазылар алқасына берейік.
1-жүргізуші:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы – дей отырып бүгінгі «Көктем аруы- 2015 » атты байқауымызды аяқтаймыз!
2-жүргізуші:
-Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Ұлттың мақтанышы аттанар қыздарымыз көбейсін!Қош, сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген