400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар!  Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді  бастаймыз.

 

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.

 

Ән «Алтын күз»

Жүргізуші:Балалар, күзде болатын өзгерістерді  тақпақпен айтып беріңдерші.

                        Балалар тақпақтар айтады.

Жүргізуші:Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.

Би  «Жылайды жапырақ» 

Жүргізуші:          Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін

Күн:          Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел:            Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

                    Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:    Біз бұлттармыз, үлкее береміз,  (шеңберді үлкен жасайды)

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:      Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел:  Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.

                       (Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

Жүргізуші:Мінеки балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды. Олай болса күнімізбен қосылып ойын ойнайық.

Ойын «Күнге жету»

Жүргізуші: Жарқын күн!  Мерекеміз одан сайын жандана түссін, бізге шуақты сәулелеріңді шашып, нұрыңды төкші.

Күн:  Жарайды, онда мен бар әлемге шуағымды шашайын.

                                     Би «Күн сәулесі» (сары ленталармен) (күн шығып кетеді)

Жүргізуші:Қараңдаршы,  балалар, бізге күз ханшасы өзінің  үш айымен келе жатыр, кане қарсы алайык.

 

 (Музыкамен күз келеді)

Күз: Сәлеметсіңдер ме балғын балалар! Мені сағына күтіп отырған                     боларсыңдар. Мен астықты жинап, Табиғат –Ананы қыс мезгіліне  әзірлеп қойдым. Бүгін  мен өзіммен бірге үш айымды ертіп келдім.

Қыркүйек:    Мен кыркүйек айымын

Жылы күн райымын

Аспанды құс шарлай бастады

Алғашкы қоңырау қуантты жастарды

Қазан:          Қазанда халкымыз

Тойшыл ол салтымыз

Береке байлығын

Беріп тұр алтын куз

Қыркүйекке еремін

Молшылық беремін

 

Қараша:        Күз мезгілі тамаша

Менің атым қараша

Қараша айында

Қыс қамын дайында!

Жүрг:  Алтын күз! Келіңіздер, төрге шығып қонақ болып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.  Алтын Күз! Саған байлығың мен астығың,  алуан түрлі жеміс-жидектерің мен алтын түске боялған жайлауың үшін мол алғысымызды айтамыз. Жасаған еңбегіңнің алғысы ретінде балалардың өлең шумақтарын қабыл ал.

 

Балалар тақпақ айтады.



Күз: Балалар! Мен сендерге өз жемістерімнен сый тарту етейін. Олардың құрамында дәрумендер көп.  Мә мына жемістерді ала ғой. Үйлеріңе барғанда жейсіңдер.  (жеміс салынған себет береді) Естеріңде болсын, дені сау балаға ешқандай да ауру жоламайды.

Жүргізуші:Алтын күз дұрыс айтады, балалар! Жемістер денсаулыққа өте пайдалы. Ал біздің балалар осы жемістер жайлы ән шырқап береді.

 

                       Ән «Жемістер мен көкөністер»

 

Күз: Әндерің тамаша екен, өркендерің өссін. Ал енді маған рұқсат беріңдер, мен кетейін. Барып бау-бақшамды тексерейін. Сау болыңдар. (Күз кетеді) Би  «Спорттық» Жүрг: Осымен шағын  мерекеміз аякталды, сау болыңыздар.

 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі