400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Күз-береке"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Күз- береке!

Тәрбие сағатының мақсаты:

1/Балалардың күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату.

2/ Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын,табиғаттың өзгешелігін,қыр-сырын тақпақ,

өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту.

3/ Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге,аялауға,қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер,сыныпты безендіру.

Әдіс-тәсілі: Баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар бүгінгі 1,3-сынып оқушыларының

өткізгелі отырған «Күз-береке» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:Нұрхан

Уа, халайық,халайық,

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Ертеңгілігімізді бастайық!

2-жүргізуші:Аңсаған

Армысыздар,әлеумет кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық ей,халайық!

Алтын күз бүгін міне, басталуда!

Би: «Күзгі вальс»

1-жүргізуші: :Нұрхан

Көктемде егін егетін,

Күзде жинап беретін.

Біздің дала, бай дала.

Алтын астық айнала

Ән «Күзгі жапырақтар» /1- сын /

1-жүргізуші: :Нұрхан

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Жетті ,міне,Алтын күз!- демекші, міне бізге де күз жетті.

2-жүргізуші:Аңсаған

Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой,- оқушылар осы күзге байланысты өлең шумақтарын

дайындап келіпті,кәне балалар ортаға шығайық!

Нұрхан

Жарқырап жаз өтсе де түз көрікті,

Сарғайтып айналаны күз келіпті.

Дайын тұр ақ шапанды жамылуға,

Шыңдар да баса киіп мұз бөрікті.

Құрсауланып барады топырақтар,

Сары кілем төсенген атыраптар.

Тоналды деп тал-терек қамықпаңдар,

Шығады қайта көктеп жапырақтар.

Салқын сыз,дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат керген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн бар ма байлығын ол тегін берген.

Асылжан

Алмалар бақта азайып,

Құстар ақ шоқып тауысты.

Кешегі ыстық жаз айы,

Сап-салқын күзге ауысты.

Күн бұлттан көзін жаңа ашты,

Жол беріп жаңбыр жасынға.

Жапырақтары ағаштың,

Сарғайды бұтақ басында.

Суық күз келді желдетіп,

Қыспенен тудым егіз деп.

Аққулар кетті әндетіп,

Басқа бір жылы көл іздеп.

Тыраулап кетті тырналар,

Толтырып әнге көк төсін,

Шағады мұңын кімге олар,

Айтады кімге өкпесін.

Руслан

Күз мезгілі тамаша!

Көз тоймайды қараса.

Аяқ асты сап-сары,

Төселгендей алаша.

Арнұр:

Көргенде қуанасыз таза әуелі,

Құлаққа естілгендей күз әуені.

Жыл сайын тойланатын төл мерекең,

Құты болсын алтын күз қазақ елі!

Ломали

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Қуандық

Салқын сыз,дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат керген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ

Кеттік те қызу істі дереу бастап,

Астық,жеміс,мақтасын...-бар байлығын,

Алып қалдық еңбекке айырбастап.

Анель

Жайлауда қалған,сайран мен арман,

Қош енді менің жаз күнім.

Кеп күз енді,бет түзеп,

Алысқа көлдің қаз бүгін.

Түнегін басқан,түнеріп аспан,

Түнерді бақта жүз жылап,

Құстарсыз бақта,құстарсыз шақта,

Көңілсіз,міне,күзгі бақ!

1-жүргізуші: :Нұрхан

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Жарқырады жарқын күз,

Келді міне,Алтын күз!

Көрініс: «Көкөністер қалашығы»

Ерте,ерте,ертеде бау-бақша атты өлкеде, «Көкөністер» қалашығында пияз Чипполино,

Сеньор Помидор, шебер Жүзім,скрипкашы Алмұрт және бәйбіше Асқабақ өмір сүріпті.

Қызанақ:Топырақта шұрайлы,

Өскен қызыл шырайлы.

Мен қызанақ боламын,

Барлығыңа ұнаймын.

Пияз:Көк сүңгідей өскенде,

Жайқалам жел ескенде.

Ұрмай-соқпай жылатам.

Турағанда,кескенде.

Жүзім:Өзім шебер-жүзіммін,

Толып-пісіп,үзілдім.

Бақшасында бағбанның,

Моншақ болып тізілдім.

Алмұрт:Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім?

Қайырмасы:

Асқабақ:Асқабақпын қасымда,

Бәрің бала расында.

Үлкендігім түрім де,

Алыптардың басындай.

Жүргізуші:Бұлар осылайша тату-тәтті өмір сүріп жатыпты.Бірақ оларға көрші орманның

тұрғындары шабуыл жасап,тыныштық бермепті.Бір күні ашқарақ қасқыр дөңгелеленген

сеп-семіз Асқабақ бәйбішені аңдып жүріп ұстап алыпты.

Қасқыр:Сіз не деген сеп-семізсіз?Әттең бүйріңнен бір тістер ме едім.

Асқабақ:Сілекейің шұбырып маған неге тиісесің? Бәрібір мені жей алмайсың.

Қасқыр:Бәйбіше маған ең болмаса 1 саусағыңды берсейші.Неңіз кетеді? Екі қолында 10 саусақ,

екі аяғында 10 башпай,бәрін қосқанда 20 болады.

Асқабақ:Ашқарақ болсаң да, есепті жақсы біледі екенсің.Бәрібір оныңнан түк шықпайды.

Сеньор Помидор,Чипполино,бері келіңдер.Мына ашқарақты қуыңдар.

Қызанақ:Қайда ашқарақ?

Чипполино:Қайда ашқарақ қасқыр,мен оны енді бұл маңға жоламайтындай қылайын.

Қасқыр:ой,ой,ой.Көзім ашып кетті ғой.

Жүргізуші:Тағы да осы қалашыққа қарны аш маймақ аю келеді.

Аю:Сіз маған өте ұнайсыз,бәйбіше.

Асқабақ:Сіз де маған ұнайсыз.

Аю:Солай ма,бәйбіше.Ал мен сізді қуана-қуана тұтастай жеп қояр ем.

Асқабақ:Мына маймақты қарай гөр.Өй,Чипполино,бері,кел.Мына бір маймақ мені жеп қоймақшы.

Чипполино:Сені мұнда кім шақырды?

Аю:Қалайша?Аю мен Чипполино пияздың досы екенін білсе,жұрт күлмей ме?

Чипполино:Онда тұрған не бар?Дос болуға әбден болады.

Аю:Несі бар,қаласаң дос болайық,Чипполино.Болсақ болайық.Әй,достар бері келіңдер.Мен

сендерді жаңа досыммен таныстырайын.(Аю бас киімін алып,иіліп амандасады.)

Жүзім:Өмірімде мынадай сыпайы аюды көрген жоқпын.

Алмұрт:Аюлардың достығына өз басым сене бермеймін.

Қызанақ:Аюлар өтірік алдауы да мүмкін.

Асқабақ:Бұлар өте қу аңдар.Мүмкін бізді жегісі кеп тұрған шығар.

Чипполино:Жоқ,достар,сендер қорықпаңдар.Бүгіннен бастап бізбен дос болады.

(Чипполиноның достары Аюға өздерін кезек-кезек таныстырады.)

-Мен- шебер Жүзіммін.

-Мен-скрипкашы Алмұртпын.

Мен-сеньор Помидормын.

-Ал мен- бұлардың ең үлкені Асқабақ бәйбішемін.

Ал мен бүгіннен бастап сендердің достарың-маймақ Аюмын.

Чипполино:Ендеше,Аю біздің мерекемізге қош келдің.Мерекемізді ары қарай жалғастырайық.

Жүргізуші:Сөйтіп барлығы дос болып өмір сүреді.

Қайырмасы :(бәрі қосылып)

Татту-тәтті достармыз,

Достықты біз қоштармыз.

Өлеі айтып,би билеп,

Той-думанды бастармыз.

Осымен «Чипполино және оның достары»

атты көрінісімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші:Аңсаған

Келші,келші алтын күз,

Келші, келші жарқын күз,

Мерекені жалғастырып,

Ойна,күлші,алтын күз!

Келесі кезекте : Би «Арио»

1-жүргізуші: :Нұрхан

Біздің балалардың өнерлері әлі де алда.Тіпті олар жұмбақ та шеше біледі.

Байқап қараңыз.

Жұмбақ жасыру.

Іші толған шәрбат,

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты-жүзім.



Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті.

Шағып қарап таңдап

Оның аты-жаңғақ.



Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты-өрік.



Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі,

Оның аты-шабдалы.

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты-құлпынай.



Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызғыш түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні /сәбіз/



Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр /қызылша/



2-жүргізуші:Аңсаған

Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен тәтті күй,- деп ендігі кезекті әнге берейік.

Арнұрдың орындауында ән: «Болашағы елімнің»

1-жүргізуші:Нұрхан

Қызықты ойын бой сергітеді дегендей, келесі кезекте, Ойын: «Жеміс жинау»

2-жүргізуші: :Аңсаған

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Келесі кезекте Ұлдар биі

2-жүргізуші:Аңсаған

Күз - мереке, күз- береке,-дей келе әр сынып өздері дайындаған күзгі дастарханды қорғайды.

1-жүргізуші: :Нұрхан

Көктемде егін егетін,

Күзде жинап беретін.

Біздің дала, бай дала.

Алтын астық айнала

Ән: «Жау-жау жаңбыр»

1- жүргізуші:Нұрхан

Күз берекелі де,мерекелі ай. Күзде дастарханымыз жеміс-жидектермен

асқа толы. Адамдар да, жан-жануарлар да қысқа дайындалады. Күз еңбек айы. Еңбек етіп,

көктемде еккеніңізді,күзде еңбектеніп жинап аласыз. Күздің бізге берері мол.

Олай болса,қадірлі ұстаздар,ата-аналар келгендеріңізге көп рахмет.Тәрбие

сағатымызды жабық деп жариялаймыз.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі