Тәрбие сағаты: "Күз ханшайымы" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Күз ханшайымы" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспары: 1.Таныстыру 2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету) 3.Қас-қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру) 4.Өз өнерін көрсету. 5.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту) 6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
1.Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1.Таныстыру
2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3.Қас-қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4.Өз өнерін көрсету.
5.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту)
6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)
-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2,3,4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз
Жан сұлуы ментән сұлуын тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз-деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
-Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.
-Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы.
-2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3 бөлімінде « Қас-қағым сәп» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4 бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік,ән би,күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін-деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5 бөлімінде
Молшылық күз-береке күз
Береке күз-мерекеміз-дей келе күзгі жеміс-жидектерден,көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
6 бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі.Ортаға сайыскерлер
Қорытынды бөлім. М а р а п а т т а у л а р



























                                  Бақ-берекем, құт-мерекем – Алтын күз!

1-жургізуші:Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар, көрермендер! «Бақ-берекем,құт-мерекем-Алтын күз» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!

2-жургізуші: Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

                       Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

                       Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?!

                       Қалай біздер қаперімде аңғара алмай қалғанбыз?

                       Әттең-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?

                       Келіп қапты-ау сағыныштай сап-сары ала арман күз... – деп жырлағандай ақын ағамыз М.Мақатаев, міне, біздің өмірімізге тағы да бір «Алтын күз» келіп жетті. Жасымызға жас қосылып, бір сыныпқа жоғарылап, тағы да бір күзді қарсы алып отырмыз.

Ән: «Бір тілек» (Сәуле, Мөлдір)

Ән: «Сүйгеніңді бағала» (Арайлым, Диана)

1-жүргізуші:Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Күз-байлық.

2-жүргізуші:Күз-молшылық.

1-жүргізуші:Күз-қуаныш.

2-жүргізуші:Күз-шаттық.

1-жүргізуші: Уа,халайық,халайық,

                       Мұнда назар салайық!

                       Мерекесі халықтың

                       Алтын күзге арналған

                       Сайысымызды бастайық!

2-жүргізуші:  Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық (сайыскерлер ортаға шығады)

1-жүргізуші: Енді сайысымыздың жоспарымен, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

І бөлім:   Таныстыру

ІІ бөлім:   Бұраң бел

ІІІ бөлім Мерекелік дастархан мәзірі

ІҮ бөлім Сегіз қырлы бір сырлы

Ү бөлім Білгенге маржан

ҮІ бөлім Қыздың көркі – шаш!

ҮІІ бөлім Сән үлгісі

Ән: «Аппақ сенің тамағың» (Фархат)

2-жүргізуші:  Күз келіп, ханзада мен ханшайым

Өткізді күзгі  бал айын

Ханшайым тапқыр қыз болды

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал, ханзадамыз ақылды

Барша жұртты шақырды

Би де билеп, ән айтып

Қуаныштан шалқыды,  - ендеше сайысымызды бастайық

І-бөлім:  Таныстыру   

Би: 4-сынып

Ән: «Билейік» (Арайлым, Диана)

1-жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып

Біздерге бірлікпенен ортақтассын

О заманда ашқан қазақ өнер сырын

« Өнер жастан » жанындар

Шақырған сайыстарға бірін-бірі

Өнерпаздар-дарындар 

Көрейік тамашалап, көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер би икемдерін! – бұл бөлім «Бұраң бел» деп аталады.

Ән: «Тәй-тәй» (Қанат)

Тамаша: @мейл. ру

2-жүргізуші:  Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты

Ханзада мен ханшайымның бармақтары майысып.  Келесі бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі».

Ән: «Тәттім-ау» (Жансерік, Гүлзат)

Ән: «Айналайын» (Дана, Мөлдір)

1-жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпас

Әрқашаннан нанымды

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық

Тілекші боп көңілден. ІҮ бөліміміз «Сегіз қырлы бір сырлы» деп аталады. Ханзада мен ханшайымның өнерлерін тамашалайық.

Би (Дана, Гүлзат)

Ән: «Елігім-ау» (Сәуле, Арайлым)

 

2-жүргізуші:  Білім аққан селдейді

Бірақ оңай келмейді

Ала білсен білім көп

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз. Келесі бөлім «Білгенге маржан»

Ән: «Махаббат жалыны» (Дана, Орынбасар)

Би:  1-сынып

Тамаша:  Отбасы

1-жүргізуші: Ал, халайық ықыласпен демейік

Ханзадалар жасаған

Ханшайымдардың  шаш үлгісін көрейік

Сырыменен сымбатына қарап біз

Әділдікпен бағаларын берейік.  «Қыздың көркі шаш» бөліміне кезек берейік

Ән: «Ақ тілек» (Мөлдір)

Ән: «Гүлімсің» (Диас)

Ән: «Кекілді қыз» (Шыңғыс)

Ән: «Құтты болсын тойларыңыз» (Сәуле, Дана)

Қорытынды:

1-жүргізуші:  Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз

Әдебімен тәлімі үндесетін

Жастарды болашаққа жетелейміз

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір күрес, жеткіземе мұратын

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсан сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар.

өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңда

ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып, бүгінгі «Күзгі балл» кешін аяқтаймыз.

Жеңісті күндерде кездескенше достар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі