400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тәрбие сағаты "Күз-мереке, күз-молшылық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген материал арқылы бастауыш сынып мұғалімдері, сынып жетекшілер күз тақырыбына байланысты түрлі сайыстар ұйымдастыруға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күзгі әуен «Флешмоб» 2017 сайысы


Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі әуен» сайысының «Флешмоб» биініңмайталмандарын іріктеп шығару.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.
----------------------

Жүргізуші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ – қазылар мүшелері.
-------------------
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.

Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 2 – тур: «Күзгі вальс»
Ортаға үш жұпты билеуге шақырамыз. Содан кейін келесі үш жұп билейді. Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.

Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі әуен» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі әуен - 2017» байқауының жеңімпаздары марапаттау сәті

Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі әуен» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!





80 мектеп-гимназия







КҮЗГІ ӘУЕН

«Флешмоб» 2017 сайысы

Күз кереметтері. Көрме

















Астана қаласы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі