Материалдар / тәрбие сағаты "Лаула,лаула,желтоқсанның мұзға жаққан жалауы"

тәрбие сағаты "Лаула,лаула,желтоқсанның мұзға жаққан жалауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл- қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
781
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Лаула, лаула, желтоқсанныңмұзға жаққан алауы







Орындаған: Шарбекова Г.Н





















2017-2018 оқу жылыЛаула, лаула, желтоқсанныңмұзға жаққан алауы

Мақсаты:1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл- қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін,әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білугепатриоттық сезімге тәрбиелеу.Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білуге қабілетін дамыту.Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова суреттері. " Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы " атты плакат.Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер.Қанатты сөздер. 1 жүргізуші:   Қазақстанның Мемлекеттік туы (фанфар, Мемлекеттік Ту алып келініп, Әнұран орындалады) 1 жүргізуші:   Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.Өздеріңдей ер намысы жоқ өркені бар елдіңЕшқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы2 жүргізуші:  Наши знания – Независимость Наша цель – мир и благоденствие В этом мире есть лишь одна Родина Это – Казахстан!1 жүргізуші:   Армысыздар ағайын! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!  Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі "Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы " атты салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!2 жүргізуші:   Добрый день, дорогие друзья! На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина – Республика Казахстан!  С праздником тебя, родная страна!  Мы приветствуем и поздравляем ветеранов войны и труда, почётных граждан, преподавательский состав и учеников школы-гимназии – с национальным праздником – Днём Независимости!

1 жүргізуші: Осынау айтулы мерекеде өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін ортаға Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия директоры Айдарбек Жарқынбекұлына сөз кезегін береміз.Қазақстанның Мемлекеттік туы (фанфар, Мемлекеттік Ту алып кетіледі)1 жүргізуші: Әсем ән тербеледі, теңселеді,Талай қыр, талай сырды еңсереді.Сермейді, сыр шертеді сыңғырлайды,Ез емес, еңселі ері, ел сенеді.Ән ____________________________________________



1 жүргізуші: Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,            Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?            Әрине тарих үшін 17 жыл түгіл,            Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.            Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,            Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,            Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар            Өсиетін, армандарын өлілердің.            Дүниеде болмасын деп зар қасірет,            Келеміз замананы алға сүйреп.            Бүгін де тұр біздерге            Жер бетінде            Азаттық,            Бейбітшілік арқа сүйеп.     2 жүргізуші:  Встречает день республика большая,            И если песни звонкие звучат,            То значит, все преграды сокрушая,            Простор земли родной добром объят.            Наш Казахстан! Светлы под солнцем дали            И будни напряженного труда,            Поэму современных дней создали,            Энергией, наполнив города,            И дав любви дыханье хлебным нивам            Заботой, исцеляя память ран.            Пусть будет день твой добрым и счастливым            Страна большая наша – Казахстан!

1 жүргізуші: би: 5-сынып оқушылары "Қара жорға"



2 жүргізуші:  Нам нужен мир, Как звезды над землей, как маяки в бескрайней дали. Нам нужен мир Вот почему с тобой На вахте мира мы с друзьями стали. Чем больше в мире встретится друзей, тем будет мир сердечней и сильней



1 жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.Енді ағайын, көгінде қалықтасын,Қазағымның қастерлі-Әнұраны!Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,Алма бақтар ақ қырауға батқанда.Күңірене күн күркіреп тау жақтан,Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.(Келесі кезекте әдеби монтаж)1 -оқушы:Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым,Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындым.Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,Айналайын, айналайын, жас қайраты халқымның.Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнана.Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдіңЕшқашан да еңкейуге тиісті емес жалауы!2-оқушы: Жас арудың жанарында-Желтоқсан,Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан.Қаралы өмір қайыстырған халқымның,Қара тұман қабағында-Желтоқсан.Жауыздықты жасқаған да-Желтоқсан,Жаңа ғұмыр бастаған да-Желтоқсан Жазықсыздың көз жасына жуынып,Абақтығы тастаған да-Желтоқсан.Намысымның шырағы да-Желтоқсан,Сұрқай өмір сынағы д- Желтоқсан.Жігіттердің ұраны дп-Желтоқсан,Жаңа күннің шуағы да-Желтоқсан.3 оқушы:Сүймейтұғын болдық қой,сүймей ғұмырКөлеңкеміз күннен де тимейді нұр.Колбин деген кім екен, қайдан келген?Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,Бізге оны аяп ешкім бермейдіТәуелсіздік-Қайрат,Ляззат,Ерболдың,Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.4-оқушы Өмір бойы жолым болып көрмедіЖылап келем бұл дүниеге келгеліҚайғы шаңы басты менің денемдіТүспейді шаң сілкінсем де мен ендіЖолдаған сәлемімді дос алмады,Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.Айта берем, айта берем қайбірін,Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.Тағдыр мені аямады, қорладыЖалынсам да, жыласам да болмадыҚараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ меніңАрмандаған ақ сәулеге жетпедім.5-оқушы Тұрса биік өр басын,Қазаққа бақыт орнасын.Сексен алтыншы жылғыдайЖелтоқсан желі болмасынКүн кешіп лапылдаған жастарымДүрліктірді желтоқсанның аспанынжерді, дінді,тілді баба дәстүрінҚорғау үшін көтерді олар бастарын6-оқушы Ақтық сөзің не деген?Бүгін қойды сот сұрақ.Айтайын оны халқыма,Жоқ пиғыл менде жасымақ.Қорлай да беріп қайтаданТитыққа орыс жетпесінТуған жердің намысы,Бөтен қолда кетпесінСалт-санадан айырылып,Арақтан ұрпақ азбасынҚызғаныштан тозбасынҚолдаушысыз болмасынБарлық ұлтпен тең болып,Ешкімнен көңілің қалмасынЕндігі жерде басыңнан,Бірлік пен бақ таймасын.Осы айтылған ақтық сөз,Туың болсын әрдайым.Мойным алып жаланы,Мен болайын құрбаны!17 жыл мен отырмын,Ақ жазықтың түбіндеМені өлтірген таксист жігіт,Тірімісің бүгінде?Тірі жүрсің қткен күнді,Еске алғанның несі бар?"Желтоқсанда" құрбан болған,Ляззат қызды есіңе ал!Халқым, саған ризамын!Батыл бас аяқты, жас достар,Бұл жерде-батыр жоқ қол бастарБұл жерде- жүректе мұз жатыр,Бұл жерде-өрімдей қыз жатырБұл жерден мәңгілік аттанған,Халқымның есінде сақталған!Атыңнан айналайын егемен ел,Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.Мерейің құтты болсын Қазақстан!Ғасырлар тойы болшы келе берер!

танец "Ақсақ киік"1 жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді.Таңертеңгілік сағат 10.00де бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.2 жүргізуші: Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.Көрініс: 1Көрініс:-Қыздар мен газет әкелдім.-Не жаңалық шығыпты?-КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындарты.-Колбин деген кім екен?-Қайдан келіпті?-Колбин Ульяновтан келіпті.-Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!-Біз демократияны талап етеміз.-Қане жүріңдер,қыздар, жігіттер алаңға кетейік!2 көрініс Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады.Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция: Біз органнан келдік, Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар.Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты миллиционер алып кетеді)3 көрініс Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.Қинала отырып "Түрме жыры" өлеңін оқып шығады.Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: "Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тмырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!"Жалалы боп қатты батты жаныма,Жазалаушы қағаз алдым қолыма.Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,Жазған екен маңдайыма, сорыма.Біріншіден, мен сағындым анамды,Екіншіден, бұл құдпйға не қылдым?Бостандықта еркін жүрген жан едім,Енді міне абақтыға жабылдым.Кезекші:Заключенный Рыскулбеков на допрос.Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?Қайрат:Егер ол көшеге бармасамоларды қайдан көремін? Тергеуші:Савицкийді сен өлтірдің бе? Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще!Ей, Рысқұлбеков, сен, "Савицкийді өлтірдім" деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң , әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де.....Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, "Савицкиййді өлтірдім" деп мойында.Бұл-бір.Сен әкеңнен4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл-екі.Түсіндің бе, мақұлық? Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. Тергеуші:Әкетіңдер, құртыңдар,атыңдар!Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар,Күнәдан таза басым бар.Жиырма бірде жасым бар,Қасқалдақтай жаным баралам десең алыңдарҚайрат деген атым барҚазақ деген затым бар"Еркек тоқты-құрбандық"Атам десең атыңдар (Қайратты кісендеп алып кетеді)Қайраттың шешесінің баласын жоқтауы

1 жүргізуші: Біреу-ақ Құрманғазы – күй Құдайы,Сыйлайды «Сарыарқаны», қиды «Адайды»Күркіреп көбік шашқан Атыраудай,Кеудеме көк дауылын құйды ұдайы күй ____________________________________________

1 жүргізуші: Бүгінгі жиынымызда Республикалық біртұтас  балалар және жасөспірімдер ұйымы «Жас Ұлан» қатарына мектебіміздің ең озат, тәртіпті, барлық іс-шараға белсене араласатын ел болашағы деп ерекше сенім артқан оқушыларды қабылдаумен бастағалы отырмыз.«Жас Ұлан» қатарына мектебіміздің ең үздік оқушылары іріктеліп алынды. Салтанатты қабылдау рәсімін мектебіміздің ________________________ береміз.«ЖасҰлан» қатарына:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________қабылданады. Ант қабылдау рәсімі.Мен, __________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ата-анамды қадірлеуге;Үлкенге құрмети, кішіге ізет көрсетуге;Білімге табьандылықпен ұмтылуға;Салауатты өмір салтын ұстануға;Табиғатты аялауға;«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрдеАНТ  ЕТЕМІН,  АНТ  ЕТЕМІН,  АНТ  ЕТЕМІН!Барлығы бірге: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» 3 рет.Қымбатты «Жас Ұландықтар». «Жас Ұлан» қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!Ұландар әнұраны2 жүргізуші: Колышется колос умильный,Волнуют пшеницу ветра...Земля велика и обильна,И к людям щедра и добра.Когда заскорузлые руки,Без устали холят ее,Земли благодарные слуги,Ей дарят почтенье свое.1 жүргізуші: : би 4-сынып оқушылары "Періште"

1 жүргізуші: Құрметті көрермен, қадірлі қонақтар мен ұстаздар! Осымен біздің кешіміз аяқталды. Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын. 2 жүргізуші: Дорогие друзья! Наш торжественный вечер завершен. Еще раз поздравляем вас с праздником, счастья вам и благоденствия. Мира и согласия нашему многонациональному народу! Пусть живет и процветает наша родина-Республика Казахстан!    1 жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар! 2 жүргізуші: До свидания, до новых встреч!   Ән: "Жаса Қазақстан"







































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ