400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты «Мамандық таңдау-маңызды іс»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді тандауына бағыт беру,мамандыққа байланысты термин сөздердің жалпы мағынасын аша білу,қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы Қосарал ауылы

Жалпы білім беретін Сырым

орта мектеп-балабақша кешені

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Сахан Гауһар Құлсарықызы

Тақырыбы: «Мамандық таңдау-маңызды іс»

Мақсаты: оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді тандауына бағыт беру,мамандыққа байланысты термин сөздердің жалпы мағынасын аша білу,қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: «Миға шабуыл»,психологиялық тест,дидактикалық ойындар,тренигтер.

Көрнекілігі:әр мамандық иелерінің суреттері, қанатты сөздер,плакаттар,журнал-кітаптар.

Ұйымдастыру:

-Бұл кімдер?

-Мұғалім

-Кітапханашы

-Наубайшы

-Заңгерлер

-Шекарашылар

-Футболшылар

-Әншілер

-Суретшілер

-Құрлысшылар.

Сіздер қалай ойлайсыздар,бұларды не біріктіреді?Жалпы түрде қалай айтуға болады? Мамандық.

-Дұрыс айтасындар.Олай болса ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы-«Мамандық таңдау-маңызды іс»

Негізгі бөлім.

Бүгін біз «Мамандық таңдау-маңызды іс» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы,өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді»

«Ақыл жастанғасыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ.Жастар әр кез қоғамның қорғаушы күші ретінде танылған. Бір кездері Мағжан Жұмабаев

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін»деп бекерден-бекер айтпаған болар.Сондықтан да жастар қоғам,халық алдындағы борышын,міндетін сезіне білуі қажет.

Қазір оқушыларды үш топқа бөліп бірнеше сұрақтар қояйық.

1-топ:Жақсы маман иесі болу үшін не қажет?

2-топ:Қазіргі заман талабына сай дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсың?

3-топ:Мамандық тандауға қандай факторлар әсер етеді?

Әр топ өз ойын білдіріп, жауаптарын айтады.

«Мен мамандық әлемінде»

Бұл бөлімде қазіргі заманның табысты және аул балалары таңдай бермейтін мамандықтарды атап өтейік.

Аниматор-суретке жан бітіруші.

Мультипликатор-мультифильмдерді және арнайы телевидениеге арналған заставкларды жасаушы.

Декоратор-түрлі мекемелерді,ғимараттарды арнайы әсемдеуші.

Интерьер дизайнер-кеңседегі жиһаздарды талғаммен орналастыра білетін маман.

Міне оқушылар біз білмейтінде көптеген қызықты мамандықтар бар екен. Ендеше өзімізге жақын, ең керек мамандықтар туралы 3-топтын оқушылары (Постер) қорғау арқылы сол мамандықтың иелері болып сөйлеп мамандықтың қажеттілігі маңызы туралы айтып берсін.

1-топ:Дәрігерлер.(адам жанның аурудан арашалайтын)

2-топ:Суретшілер.(әдемі бейнені салушы)

3-топ:Дезайнерлер.(Қазіргі заманға қажетті мамандық)

«Ең,ең жақсы» ойыны Сыныптын оқушылары түгел қатынасады.

Ең,ең ақшасы көп.........(банк қызметкері)

Ең,ең жасыл.........(бақташы,гүл өсіруші,географ)

Ең,ең тәтті..........(аспаз,кондитер)

Ең,ең күлкілі..........(клоун)

Ең,ең жауапты.........(сот,бухалтер)

Ең,ең салмақты........(заңгер,мұғалім)

Ең,ең қарым-қатынасы күшті...........(бизнесмен)

«Мамандықтар әлемі» Қазір 3-топқа мамандықтың аттары жазылған ақ парақ беріледі.Мысалы:Кәсіпкер, әнші, сатушы, мұғалім, дәрігер,аспазшы осы жазылған қағазды әр топтан бір оқушы келіп, мимика арқылы келесі топқа түсіндіреді. Қалған оқушылар бұл қандай мамандық екенің табулары қажет. Әрі қарай осылай жалғаса береді.

Мамандық тандаудың 7 қадамы.

1.Байыппен бағдарлай біліңіз. Төкеш Дильназ.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен оған атүсті қарау-жеңіл ойлылықтың белгісі.Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп,байыппен қабылдаңыз.

2.Дұрыс шешім өз қолынызда. Еркін Мирамбек.

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз.Ата-аналардың, досарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да бұл-сіздің тағдырыңыз.

3.Бейімділігіңізді ескеріңіз. Қойбағар Арғын.

Бастапқыда өз қызығушылығынызға назар аударыңыз.Немен айналысқанды қалар едіңіз?Қандай пәндер ұнайды?Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

4.Өзіңізді сынақтан өткізіңіз.Иралиева Альбина.

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз. Өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын?Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін?Барлық ақпараттарды пайдалана отырып болашақ мамандыңыныз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз.

5.Сұранысты да назарда ұстаңыз. Асқар Шынболат

Болашақ маамндығыныз еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы.Қарапайым жол: бос орындарға жариланған байқауларда интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Осы мәліметтерді ескере отырып тандаған мамандығымызға қай жоғары оқу орнында қалай даярлайтының анықтаңыз.

6. Мамандар не дейді? Есболсын Мұрадым.

Егер күдік күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог,кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.

7. Қорытынды шешім. Халит Әли

Мәліметтерді жинастыра келіп, өзінізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағынызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көніліңізге қонбайтының сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағыда қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.

«Мамандықтар әлемі».

Оқушылар, осы «Алма ағашына» өздерінің қалаған мамандықтарынды жазып іліндер. Жүректерінен шыққан арман мен тілектерін осы «Алма ағашындағы» жемістердей сендерге өмірде де жемісі мен жеңісін сыйлай берсін.

Қорытынды: Осы күннен не алдыңыз? Өзініз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Жүсіпбек Аймауытов айтқан: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».

Егеменді еліміздің ертеңі маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі