жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: Мамандықтар әлемінде. 1 сынып
Тақырыбы:
Қарттарым - асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-
қасиеттерін сіңіруі,үлкенді сыйлай
білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте
сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр
алып , өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке
жаман мен жақсыны ажырата білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар,нақыл
сөздер, шарлар.
Мұғалім:
Қарттық
деген қасиетті ұғым бір,
Мені
өзіңнің пейіліңмен жылындыр
Балалардың
болашағын аңсаған
Бойларында
бір керемет жылу жүр.
Халқымызда
Өз балаң өскенше, немерең өлгенше деген
сөз бар. Бала немере туралы ақын Мұзафар
Әлімбаев былай деген екен:
Бала деген
бал екен,
Бала дегенің бал екен.
Немеренің
бойында,
Бар тәттілік бар екен.
Туған
балаң жәй ғана,
Демесең де жат,
бөтен.
Нағыз балаң ойласаң,
Немере
екен, тәтті екен, –
дегендей
ата-әжелерімізге мынадай сұрақ қойып
әңгімеге тартқымыз келіп отыр.
1.Сіздер
отбасында немерелеріңізге қандай тәрбие
беріп келесіз?
2.Өз
немереңіздің қандай адам болғанын
көргіңіз келеді?
3.Немереңіздің
ұнамай қалатын немесе көңіліңізге
келетін қылықтары бар ма? Ондай кезде
қандай ойда боласыз?
-Енді
біз сіздерге арналған өлең,тақпақтарымызды
арнаймыз,қабыл алыңыздар.
1-оқушы:Нұрай
Хош
келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл
кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда
жауқазындай құлпырған,
Біз
алаңсыз балғын шақты балалар.
Армысыз
ауылымның асылдары,
2-оқушы:Айдана
Қымбатты
ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!
Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі
сезімдерді, білімнің алтын діңгегін
сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды
қазан айының алғашқы мерекесі қарттар,
күнімен құттықтаймыз.
Қазақстан
Республикасының гимні орындалады.
3-оқушы:
Нұрдәулет
Бала
деген бал екен,
Бала дегенің бал
екен.
Немеренің бойында,
Бар
тәттілік бар екен.
4-оқушы:
Айгерім
Қарттар
күнін атап өтудегі басты мақсат — аз
қамтамасыз етілген қарт адамдарға,
жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт
мүгедектерге көңіл бөлу, оларға
материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және
басқа да көмек түрлерін көрсету болып
табылады.
Мұғалім:
Жұмбақ
шешу:
Айтары
мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі
ол әкеңнің,
Білер
оны сұраған,Ол кім? (Ата)
Аймалайды
Күнімдеп,
Мейірімді
жүзі күлім деп.
Тәтті-ақ
дейді немере,
Бал
шырындай үнің деп.
Ол
кім? (әже)
Ата-әжем
мақтанышым
Ата-
ардақты тұлға. Иә, Әкеден ұл тусайшы,
ата жолын қусайшы деп халық ұрпаққа
атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды.
Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер
болуын тілеп,сол үшін қамқорлық
іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше
дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет
айтады. Әже- ақ сүт берген аналардың
анасы. Әже әрқашан да балалық бал
дәуреннің басы қасында
болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші
басты кісі. өмір өрнектеріне,тіршілікке
көбірек араласқан ана перзентін көбінесе
әженің қарауында қалдырады. Жан
жүрегім,жарығымдеп әже немересін,шөбересін
жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып
нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді
тәрбиелейді.Ендеше, Мен ата мен әженің
жалғасымын бөліміне құлақ түрейік .
5-
оқушы: Ералы
Атам
менің әманда
Әдепті
жан бол деген
Ата
сөзі санамда
Жасы
үлкенге жол берем
6-
оқушы:Бекжан
Алдын
орап кісінің
Кесіп
өтпе көлденең
Ізетімен
кішінің
Сәлемдесіп
қол берем
7
– оқушы: Айнұрым
Атам
менің әманда
Кішіпейіл
бол деген
Ата
сөзі санамда
8-оқушы:Нұрасыл
Мақтанбауды
жөн көрем
Атам
менің әманда
Әділетті
бол деген
Ата
сөзі санамда
Жүрмін
тура жолменен
9
– оқушы: Ақниет
Атам
менің әманда
Әділетті
бол деген.
Ата
сөзі санамда
Жүрмін
тура жолменен
10-оқушы:
Нұрдаулет
Ей,
тәкаппар дүние
Маған
да бір қарашы
Танимысың
сен мені
Мен
қазақтың баласы.
11
– оқушы: Қызыр
Ананы
біз сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені
де ардақтап
Әдеппен
бас иеміз
12-
оқушы:Кәусар
Көп
жасаған қария,
Ақылы
теңіз-дария.
Көп
өнеге сөзі бар,
Сөзі
соқпақ, сөзі нәр.
13-оқушы:Камила
Ата
салты ардақты,
Әрбір
сөзі салмақты.
Сол
сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің
бір күн бармақты
Мұғалім:
Кезекті
мақал – мәтелдерге береміз:
Ата-балаға
сыншы
Аталы бала ақылды,әжелі бала
еркетай
Атаның сөзі-ақылдың
көзі
Отбасының қос шынары-ата мен
әже
Ақылды қария-ағып жатқан дария
14
- оқушы:
Ислам
Дүниеге келер бір рет,
Дария
кеуде тау – мүсін.
Құрыштай
күйген құдірет,
Қарттарым,
аман –саумысың?
15
– оқушы:
Айзере
Құлақтан
кіріп бойды алар,
Жақсы
ән мен тәтті күй.
Көңілді
түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең менше сүй.
Ән:Орындайтын:
Разханова
Камила.
Мұғалім:Өнерге
ұмтыл, өнерлі бол балалар
Қамдан
жатпа, заманыңмен хабарлас,
Ынта
салсаң білім туын қолға алсаң,
Теңдік
тиер ешкім күйе жаға алмас
Әдеби
монтаж
16
– оқушы: Жұлдыз
Аппақ
шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет
емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей
табынып өтем мәңгі,
Қариялар
өзіңді ел сыйлаған
17
– оқушы: Әлижан
Қағыс
естіп қалбаңдайды баладай
Ниеті ақ,
пейілі кең даладай.
Кімге болса
қарттық жетер аяңдап,
Мәпелеңдер,
қарт біткенді аялап.
18–
оқушы:Інжу
Мерекеңіз
құтты болсын ата-апа!
Көкіректен
жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне
жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп
бір ілтипатты батаға.
Мұғалім:
Атаңа
не қылсаң, алдыңа сол келеді деген сөз
бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін
кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар
ел-бақытты ел.
Сондықтан ел басына
күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына
сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз
қашан да аман болсын!
Саналы ұрпағы
бар елдің қариясы бақытты ақсақалды
атасы бар елдің балалары бақытты емес
пе ?! Сіздер сияқты қарияларымыз аман
болсын, өсіп келе жатқан ұрпаққа берер
үлгі – өнегелеріңіз толастамасын,сіздердің
дендеріңізге саулық, отбастарыңызға
амандық тілейміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген