Тақырыбы:
«Мәңгілік Ел-Тәуелсіздік пен
Астана»
Мақсаты: Елімізде
тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты
дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды
қарым – қатынасты дамыту, Отанына адал қызмет етуге «Мәңгілік ел»
қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу,
жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан
Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә
Назарбаевтың суреті, видеороликтер, шарлар, нақыл сөздер,
кітаптар көрмесі.
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздерме құрметті
ұстаздар, ата-аналар және қонақтар бүгінгі 2-ші сынып ұйымдастырып
отырған «Мәңгілік Ел-Тәуелсіздік пен Астана» атты тәрбие сағатына
қош елдіңіздер.
2-Жүргізуші:
Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі
тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
тәуелсіз мемлекет атану еді.
Қазақстан Респбликасының
мемлекеттік әнұраны
1-жүргізуші:
- біз армандарды ақиқатқа
айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын
қаладық.
- біз үшін болашағымызға
бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея
бар.
- ол-Мәңгілік Ел
идеясы
-2жүргізуші:
- Қазақтың мәңгілік ғұмыры
ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге
арналады
- ендігі ұрпақ-мәңгілік
қазақтың перзенті
- Мәңгілік Ел ұғымын
ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп
қазығы
- Мәңгілік Ел болу біздің өз
қолымызда
1-жүргізуші
Таң қалдырған Қазақстан бар
әлемді
Берекелі кең байтақ,
жалпақ елді
Қазастан адымдап бара
берді
Көрінер көкжиектен далам
енді
Кім танымас айтсаңшы
айтыңдаршы
Қазақстан егемен менің
елімді
Қ-анында
тектілік
А-Арманы орныдалған
ел
З-заман ағысынан қалмаған
ел
А-азаттығын асқақтатқан
ел
Қ-қаһарман батырлар тған
ел
С-сан ғасыр азап шеккен
ел
Т-тәуелсіздік, егемендік алған
ел
А-азаматтық армандаған
ел
Н-намысын сақтаған
ел
2-жүргізуші:
Кім танымас тербелген тал
бесікті
Болашаққа айқара аштық
кең есікті
Барша ел аузын ашып
тамсанумен
Қандай ғана егемен ел
десіпті
Олай болса келесі
кезекті Оқушылардың жаттап келген өлең
шумақтарына берсек
Ұлы елдер іргемізде, Аян
Бір тілек, бір лебізде.
Жұптасып мәңгі қатар,
Жасаймыз біз де бірге.
Әсемай
Сүйікті айбыны зор
Абылайдан,
Билікті мирас етіп қабыл алған,
Ағаны адал ниет арқа тұтып,
Алаштың абыройы артып бағы
жанған.
М
Рауан
Күмбезін көк тіреген нұрға
малып,
Елордам күн-күн сайын тұр жаңарып,
Сауығы тарқамаған әнші-күйші,
Қазағым жаны жарқын мырза
халық.
Нәби
Мәңгілік ертек емес епке
келер,
Қозғалсақ қол ұстасып көппен егер.
Тәңірім, бармақтай бақ, таудай талап
Баянды бола берсін деп бере
гөр!
Нұрислам
Мәңгілік Ел дегенді оңай емес
айту да,
Біле – білсең, ағайын, бағыт
анық, ой тура.
Тылсымменен тілдеспей, отқа
түсіп, су кешпей,
Абыройға бөленген қай заманда,
қай тұлға?
Қандай болмақ шынында Мәңгілік
Ел нышаны,
Туған жұрттың түтіні қайтсек
түзу ұшады?
Жер бетінде жеті алып жан-жағыңнан
анталап,
Ерегессе екеуі екі өкпеңнен
қысады.
Мерей
Тұлпарымыз тұралап тайғақ
кешу, тар жолдан,
Мәңгілік Ел ұғымы
қасиетті, киелі,
Елжіретіп жаныңды, иітеді
жүйені.
Тебіреніп бұл сөзге бабалардың
аруағы,
Тереңдегі тарихтың ағытылар
тиегі.
Жалғас
Босағаңды ұмытпа, төрге шықсаң
тегінде,
Мәңгілік Ел белгісі – есік
пенен төріңде!
Қалатұғын артыңда – дәстүр
менен салтыңда,
Өнеріңде ешқашан бас имеген
өлімге!
1-жүргізуші
Биіктей бер
Нұраға
Қыран қанат
талмасын
Қадірлемей
тұрама
Халық сіздей тұлғасын –дей
келе келесі кезекте Нұржан Берікжанның орындауында ән «Нұр
аға»
1991 жылы Қазақстан тәуелсіз
мемлекет болып жарияланды. Ал Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.
Назарбаев болып сайланды.
2-Жүргізуші
Бұл тәуелсіздікке де оңай жете
қойған жоқпыз. Қаншама аға-әпкелеріміз Қайрат пен Ерболдай ағалар,
Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Олай болса
тәуелсіздік туралы тақпақтарға кезек
берсек.
Балнұр
1.Ғасырларға жеткен бүгін жыр
үні
Тәуелсіздік ұлылықтың
ұлығы
Шаңырағы биік болып
қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы
.
Жеткен арман - жаса
Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік,
тізгінін.
Ие болған әлем
ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз
бүгін.
Абылай
2.Тәуелсіздік – бақыты ғой
елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой
жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай
аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл
елімнің.
Тәуелсіздік бас арманы болған
екен,
Атамыз бен бабамыздың сол
етеден
Арманына жету үшін
күрескені
Тарихта шежіре боп қалған
екен.
Ернур
Аласұрған теңіздей төңкерілген
жалғанда,
Өлмейтұғын өмірді аңсамайтын
ел бар ма?
Арпалысып бағыпты Күлтегіндей
батырлар,
Тоныкөктей данышпан,
Елтерістей хандар да.
Нұрзат
Не көрмедің, қазағым,
тайталасқан тірлікте,
Мәңгілік Ел белгісі – береке
мен бірлікте!
Ұл-қызыңда жол көрген,
бесігіңде тербелген,
Алтын жіптей арқауы үзілмейтін
кіндікте!
1-жүргізуші
1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен
Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды.
Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне
айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ
жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті,
Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық
қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз
Астанамыз арқылы мақтанамыз.
- Келесі кезекті «Сарбаздар» биіне
берсек.
2-жүргізуші: Жаса жаңа
Астанам
Өркен жая
бастаған
Болашақтың
есігін
Өз қолың мен аш
маған
1-жүргізуші: 1998 жылы
10-маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды. Қала Есіл
өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның Солтүстік бөлігінде
орналасқан.
Олай болса келесі кезекті
оқушылардың Астана туралы жаттаған өлең шумақтарына
берсек
Димаш
Астана қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Қандай керемет
тамаша,
Менде бар ғой бас қала.
Оның аты Астана,
Астананы қараса.
Жүрегім соғады тамсана,
Менің елім астана.
Арайлым
Астанам! Ару қалам, асқақ
ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа
болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген
бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа
қолдан.
Бейбарыс
Бозоғым, бозбеткейлім, бақ
оранған,
Тарихтың қойнауынан тапқан
олжам.
Баянды бақытымның
бастауындай,
Айналдың Астанаға аппақ
арман...
Қорғанбай Ә
Сан ғасыр армандаған Алаш
бабам,
Жалғанды жалт қаратты жаңа
Астанам.
Бірлікті байрақ етіп
болашаққа,
Барайын, уа, Жаратқан, жол аш
маған!
1-жүргізуші:
Келесі кезекте ән «Мен
қазақпын»
1-жүргізуші: ҚР президенті
Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында- Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ
басқандығы жайлы және Қазақстанның үшінші жаңғыру басталғанын
жариялады. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол- әлемдегі
ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу.
Президентіміз айтқандай «Кез
келген мемлекеттің өзегі- оның бірегей мемлекеттік тілі. Біз
үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Яғни үш тілді меңгеру,
білу бұл жаһандық әлемге жолдама деген
сөз.
Сымбат
Бүгінде айналаның нұрлы
бәрі,
Тұр естіліп көңілді Сырдың
әні.
Кешегі бабалардың
өсиеті,
Рухани жаңғырудың бір
құрамы.
Қазақ елі құрметке мәңгі
лайық,
Тез өркендеп әлемді таң
қылайық.
Рухани жаңғыруды шын
түсініп,
Бәрімізде дәл бүгін
жаңғырайық
Салтанат
Халықпыз ежелден-ақ өр
мінезді,
Жаңғырудың енді міне келді
кезі.
Шын қолдап Елбасының
саясатын,
Күн санап жаңғыруда елдің
өзі.
Жетпіс жыл қызылдарға сиынсақ
та,
Халқымыз сан жол тапқан қиын
шақта.
Енді бүгін жаңғыру
кезеңінде,
Ұлтыңның дінін,ділін,тілін
сақта.
Х.Рауан
Казахстан – земля
родная
Очень любим мы
тебя.
Море, горы, даль
степная-
Это Родина моя!
* * *
Моя Родина, моя
светлая,
Под названием
Казахстан.
В нашем будущем ты
безбедная,
На планете ты –
великан.
* * *Сымбат
My
flag
is
blue
My flag is
bright
I like it
very
Very very
much
1-жүргізуші: би «Жаса
Қазақстан»
Қорынтынды: Міне оқушылар біздің елімізбен мақтанамыз. Бұл
еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін
қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастап кешірді. Мыңдаған жылдық
тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.Тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл –
әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи
шындық.- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ
басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы
баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға
айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш Президентіміз
айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай
еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген
«Қазақстан - 2050» стратериясы ұлттық ұлы бағдары.
Мәңгілік ел біздің өз
қолымызда. Ол үшін өзімізді
үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу
керек.