400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты «Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстаным»1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстаным» атты, тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мақтанышым -Тәуелсіз Қазақстан!
Мақсаты:
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке жету жолындағы айқын істеріне шолу жасау, әңгімелеу, оқушыларға түсінік беру.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру.
3. Елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, кітаптар, слайдтар, нақыл сөздер.
Әдіс - тәсілдер: салтанатты жиын, кездесу, өлеңдер оқу.

Барысы:
Жүргізуші:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жылдар бойы бостандықтан шөлдеген,
Халқым менің не қасірет көрмеген?!
Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткен мереке құтты болсын!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-«Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстаным» атты, тәуелсіздіктің 26 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Әнұранды орындау.

Аяулым

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

1986 жылы Тәуелсіздік үшін құрбан болған батыр Қ.Рысқұлбековтың сөзі:.

Қайрат - Ринат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 21-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .


Жүргізуші: Міне биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына – 26 жыл. «Елу жылда ел жаңа» демекші, өмір 26 жылда біраз өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Біз Тәуелсіздікке қол жеткізу арқы-лы мәдениетіміз бен салт - дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркен-деттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Көптеген елдермен экономикалық қарым - қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік. Ал енді осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақ қыздары мен ұлдары, ұлт намысы үшін халықтың ары алдында қайсарлық көрсетіп құрбан болған Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхамеджанқызы есімдерін еш уақытта ұмытпаймыз. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

  Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 2 6 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық

(1 минут үнсіздік)
1-жүргізуші
Кетпес мәңгі көңілден,
Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгінен,
Желтоқсанның жұлдызы.
Қайрат пен Ербол –
Қайсар туған ұлдары.

2 - жүргізуші:

Булықтың да бұлқындың,
Жанды қарып ызғары.
Қара ормандай жұртымның,
Ләззат пен Сәбира
Қайсар туған қыздары.

Аяулым

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

Аяна

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.

Гүлайым

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

Жүргізуші

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Нұрали

16-желтоқсан Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

Алихан

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр

Фархат

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

Тамерлан

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

Аяна

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Тәуелсіздіктің шыңы

жанар

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

жүргізуші

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

жүргізуші

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

жүргізуші

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән «Қазақстан бақыты»
Аяна

Тәуелсіз азат елім

Туып өскен байтақ -жерім

Мәңгі жайнап тұра бер

Қазақстаным менің!

Аяулым

Ұлан байтақ жерім бар

Пайдалы қазба жерім бар

Тәуелсіз ел -Қазақстан

Көркіне көркі жарасар

Алихан

Кең жазық Отан мекенім

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым

Мұны біліп өтемін

1-оқушыалихан
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным


2-оқушы:нурали

Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім


3-оқушы:фархат
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.


4-оқушы:гулайым

Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.


1-оқушы:аяна

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан


2-оқушы:аяулым

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн


3-оқушы:тамерлан

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын

4-оқушы:ринат

Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.


1-жүргізуші
Кетпес мәңгі көңілден,
Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгінен,
Желтоқсанның жұлдызы.
Қайрат пен Ербол –
Қайсар туған ұлдары.


2-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз



І-жүргізуші

Пайдамыз тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз

«5»тік болсын бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

1-Жүргізуші:

Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы

-«Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстаным» атты, тәуелсіздіктің 26 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Назар қойып, тыңдағандарыңызға Рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1208
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі