Тәрбие
сағаты: 112-9-63 тобы 3 курс
Өтетін
күні: _________ Аудитория: 16
Жүргізуші:
топ кураторы Байтемирова Гүлімхан
Тақырыбы:
Мейірімділік-асыл қасиет
Мақсаты:
Студенттердің
«мейірімділік»,
«қайырымдылық» құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Мейірімділіктің
адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Өзара
сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
Мейірбандылыққа
тәрбиелеу.
Олай
болса, бүгінгі тәрбие
сағатымыз
адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің
бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
Жоспары:
Кіріспе
Шаттық
шеңбері: (нақыл сөздер, өлең шығару)
Ғибратты
оқиғалар (суретпен жұмыс)
Ойланайық,
пікірлесейік
Мейірімділік
кестесі
Мәтінмен
жұмыс: «Ой қозғау»
«Аяқталмаған
сөйлем» тренингі
Мейірімділік
гүлі
Жүректен
жүрекке- тілек айту
2.
Шаттық шеңбері
Мейірімділік-асыл
қасиетіміз,
Жүректегі
таза ақ ниетіміз.
Жан
дүние кілті,
Шаттық
пенен күлкі.
Биік
ұстап соны,
Қадірлейік
біз!
3.
Ғибратты оқиғалар Суретпен жұмыс
Барлығымыз
экрандағы көріністерге назар аударайық.
(экраннан атыс,
жарылыс,
зорлық-зомбылық сияқты суреттер
көрсетіледі.)
Сендерге
мына көріністер қалай әсер етті?
Осындай
қатыгездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың
туындау себебі неде деп ойлайсындар?
Мейірімділік байқала ма?
(Студенттердің
жауаптары
тыңдалады)
4.
Ойланайық,
пікірлесейік
Мейірімділікті
қалай көрсетуге болады?
Өздеріңе
мейірімділік көрсеткен кезде қандай
сезімге бөлендіңдер?
Тапсырма
5.
«Мейірімділік»
кестесін
сызып, толтыру. Бірінші бағанға
-
мейірімді адамның қасиеттерінің екінші
бағанға
-
мейірімді істердің тізімдемесін жасау.
Адамдар
бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп,
айналасындағыларға тек жақсылық ойлап,
игілікті істер жасау арқылы ғана
мейірімділікті таныта алады. Адамдардың
бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің
белгісі.
6.
Мәтінмен
жұмыс
«Сары
тауық және оның балапандары» мәтінін
оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу.
Сары
тауық балапандарын қандай жақсы
қасиеттерге баулыды?
Сары
тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете
білді?
«Күн
ашылып ана жүрегіндей жадырады» дегенді
қалай түсінесіңдер?
Ал
сендер мейіріміділікті, қайырымдылықты
кімдерден үйреніп жүрсіндер?
Дәйексөз
Мейірімділікті
анадан үйрен. Халық
даналығы
7.
«Аяқталмаған сөйлем» тренингі
-
1.Мейірімділік-бұл…
2.Мейірімді
сөздер…
3.Мейірімділік
сезімі ғана дүниені…
(студенттер
сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)
8.
Ойын:
«Мен қандаймын?»
Студенттерге
парақшалар
таратылып беріледі. Олар
өз бойындағы қасиеттерді параққа жазады
«Мейірімділік
гүлін» құрастыру
Оқушылар
түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді
қиып, жапсырмалайды.
Жүректен
жүрекке
—
Кәне,
барлығымыз шеңберге тұрып, кімнің немесе
ненің мейірімді екенін кезектесіп айтып
шығайық.
Күлімдеген
күн мейірімді!
Кіршіксіз
ақ қар мейірімді!
Таза
мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді
көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы
анам мейірімді!
Қамқоршы
апам мейірімді! т.б.
Оқушылардың
бәрі қосылып «Анашым» әнін айтады.
1.Елжіреп
жататын етегіңде,
Есімде
балапан күндерім.
Сол
айтқан ертегі жетегінде
Керемет
түс көрген түндерім.
Қайырмасы:
Өзіңнің шапағат нұрыңмен ержеткем,
Асылым,
анашым сағындым
Келеді
бесікке қолыңмен тербеткен
Қайтадан
сәби боп таңылғым
2.Ақ
ниет, арайлы келбетіңнен,
Көрдім
мен бақыттың ақ таңын
Осынау
дөңгелек жер бетінде
Өзіңнен
асыл жан таппадым
(Оқушылар
сабақ соңында өздерінің жасаған гүлдерін
ұстаздарға табыстайды.)
—
Жүрегіміздегі
мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі
сабағымызды аяқтаймыз.