400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Мейірімділік - асыл қасиет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бойындағы асыл қасиеттерін дамытуға, бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтып, қайырымды, мейірімді, қамқоршы болуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Кенжеғалиева Раушан Жалғасқызы

Атырау қаласы №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернаты Тәрбиеші

Тәрбие сағаты 7 сынып


Тақырыбы: «Мейірімділік - асыл қасиет»

Мақсаты: Бала бойындағы асыл қасиеттерін дамытуға, бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтып, қайырымды, мейірімді, қамқоршы болуға баулу.

Көрнекілігі: парақшалар, маркерлер, суреттер.
Түрі: Ой бөліс, тренинг.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, пікіралысу

Барысы.

І. Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Тәрбиеші:  -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.



ІІ. Негізгі бөлім.

Тәрбиеші:-Бүгін біздер адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі, сол туралы білеміз.

- «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

– Әрине, мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

– Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

– Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Топтастыру.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру (Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)

жақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

жарастық                                                                           махаббат

 

шыдамды                   Мейірімділік шуағы                           рақымшыл

 

 

ынтымақ                                                   бауырмалдық

 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.






ІҮ . Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Тәрбиеші: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан – дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар.

Ү. «Жүректен шыққан ақ тілек»
Әр оқушы өзінің жүрегіне кім жақын, сол оқушыға жүрек жарды «ақ тілегін» берілген тілше қағазға жазады.
Ойынның шарты әр оқушыға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір - бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі