Мейірімділік әлемді
қорғайды
Ашық тәрбие
сағаты
Бегенова
Г.К.
өзін – өзі тану пәнінің
мұғалімі
Мақсаты: Балалардың « мейірімділік», «
қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам
өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-
өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;
-
мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:
әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ –
жауап,
сахналау.
Қажетті оқу
құралдары: үнтаспа, жүрекшенің үлгісі,
түрлі – түсті суреттер, сызбалар.
Сабақтың
барысы:
Кіріспе.
-Еліміздің егемендігі нығайып,
ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын
тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың
адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани – адамгершілік білім беруді
басты идея етіп ұсынатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаева
«Өзін – өзі тану» авторлық бағдарламасының алға алға қойған
мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін – өзі тану баланы өзінің қадірін
өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы – талдауына тәуелді
болмауға, өзін – өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір
жағдайларында өзінің бағыт – бағдарының болуына, өз бетінше шешім
қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті
сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар
болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани – адамгершілік
қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу
аса маңызды. Осы жақсы құндылықтардың бірі – мейірімділік. Бүгін
біздің өткізілетін шарамыздың
тақырыбы: «Мейірімділік әлемді
қорғайды».
1.
Амандасу.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті
балалар!
- Сәлем, Күн – анамыз! / қол
жоғарыда/
- Қуанатын күн бүгін! / қол
ұстасады/
-Қайырлы таң! Қайырлы күн! /
қол көкіректе/
-Күліп шықты күн бүгін! / қол
жоғарыда/
- Балалар, тағы да бір тамаша
күн туды. Күн болмаса жер бетінде тіршілікте болмайды, яғни біз де,
табиғат та.
- Күннің көзі бізге не береді?
/ жылулық, жарық және т. б/
Жылылық болса, көңіл –күйіміз
шат – көтеріңкі болады. Көңіл – күйіміз шат – көтеріңкі болса,
әрқашанда жақсылық, мейірімділік жасағымыз келеді. Мейірімді,
қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ
ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан
сұлулығын көрсетеді.
2.Шаттық
шеңбері.
- Балалар, бәріміз тұрып «
жылулық шеңберін» құрайық. Осындай көтеріңкі шаттық күйде
болғанымызға ризашылығымызды білдірейік.
«Ризашылық әні» Сөзі мен
әні Луиза Хейдікі
Ризамыз
бүгінге,
Ризамыз
ертеңге!
Ризамыз әр
күнге,
Ризамыз
қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын
бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын
қазірге! / 2 рет/
Ризамын мен
саған,
Ризасың сен
маған!
Ризамыз
бәріне,
Ризамыз әр
кімге!
3. Көңілді
жүздесу.
- Балалар , мейірім дегенді
қалай түсінесіңдер? Мейірімділікке не
жатады?
Мейірімділікті қалай көрсетуге
болады?
/ Оқушылардың қолында қызыл,
сары, жасыл, көк, қызғылт, ақ жүрекшелер/
- Қызыл жүрекшеде қандай құнды
қасиеттер жазылған? / Адамгершілік/
- Сары жүрекшеде ше? /
Адалдық/
- Жасыл жүрекшеде ше? /
Әдептілік/
- Көк жүрекшеде ше? /
Ізеттілік/
- Қызғылт жүрекшеде ше? /
Мейірімділік/
- Ақ жүрекшеде ше? /
Қайырымдылық/
- Балалар, осы жүрекшелерді
биікке ұшыруға тырысайық. ( аспанға ұшыру)
- Қараңдаршы, қандай керемет?
Біздің залымыздың іші осы құнды қасиеттерге
толды.
Ән « Жас дәуірдің
түлегіміз»
Сөзі Е.
Өтетілеуовтікі
Әні И.
Нүсіпбаевтікі
4. Тыныштық
сәті.
- Адамдар бір – біріне жылы
сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік іс жасау арқылы
мейірімділік таныта алады. ( баяу музыка)
- Балалар, көзімізді жұмып,
біраз дем алып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір
керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке
толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар
иісті. Бәрімізде осы әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда
достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін
сезінеміз. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып,
жан – дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне
тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!
Бір – біріміздің қолымызды иығымызға қойып толқынша тербеліп,
манағы айтылған мейірім, ізгілік сезімдерді бір – бірімізге
таратайық.
- Қайтатын уақыт та келді. Осы
әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала
кетейік. Енді, балалар, көздеріңді аша
қойыңдар.
5.
Тапсырма.
- Балалар, осы ізгілікке,
мейірімділікке толы әлемнен әкелген
мейірімділігімізді «
Мейірімділік» кестесіне
толтырайық.
1 – інші бағанға –
мейірімділік істер тізімі.
2 – нші бағанға – мейірімді
адамның қасиеттерінің тізімдемесін
жасаңдар.
6.
Сахналау.
« Екі
дос» көрініс.
Ән «
Достарым» Х.
Закарияновтікі.
7.
Дәйексөз.
Мейірімділікті – анадан
үйрен.
Ардақты ана, аяулы ана,
қымбаттым,
Тәтті ұйқынды бөліп талай түн
қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ
сүтің,
Кең құшағын – аясындай гүл
бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам
біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр
менің.
Күн нұрындай – жадырай бір
күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда
жүргенің!
Мейірімділік – деген
әдеп.
Үлкен алдында жас
қарызы
Ата алдында бала қарызы
–
Әдеп пен
сый.
Анам маған: - Үлкенді сыйла, -
деген!
Сол сөз маған ізгілік құйған
ерен.
Үлкендерден ауысқан
кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға
берем.
Мейірімділік деген –
татулық.
Татулық – достық
кепілі.
Әкел, досым,
қолыңды,
Татуласқан
орынды.
Өкпелесіп не
керек,
Көрсет, кәне,
соныңды.
Баққа бірге
кірейік,
Қол ұстасып
жүрейік.
Татулықтың белгісі
–
Кел, қосылып
билейік.
Би: « Бала
тілегі»
8.
Ойын.
- Балалар, алдымызда шағын екі
арал бар. Сол екі аралға бәріміз орналасуымыз керек. ( Ақырын
музыка ойналады, балалар ортада билеп жүреді, музыка тоқтайды,
балалар бір – біріне достық көмек көрсетіп, аралдарға орналасады.
Өздерінің достарына деген жанашырлығын
көрсетеді.)
9. Шығармашылық
жұмыс.
- Балалар, сендерге үйге
шығармашылық жұмыс тапсырылған, кәне, әр сынып оқушылары шығып
өздері салған суреттері арқылы бізге қандай мейірім – шапағат
тілейтіндіктерін тыңдайық. ( Әр сынып салған суреттерін көрсетіп,
мазмұнын айтады)
10. Жүректен
жүрекке.
Оқушылар шеңбер құрып бүгінгі
сабақтан алған әсерлерін қима суреттер арқылы ортаға салады. Әр
оқушы қима суреттер арқылы мейірімділік әлемін құрды .Әдемі көрініс
шықты.
- Балалар, бүгін уақытты бекер
өткізген жоқпыз, қараңдаршы, қандай керемет көрініс. Осы
көрінісімізге ат қойып көрейікші. Дұрыс, мейірімділік әлемді
қорғайды.
Ән «
Айналайын» сөзі Мұхтар Шахановтікі, әні
Ескендір Хасанғалиевтікі.
Ленин орта
мектебі
Мамлют
ауданы
Солтүстік Қазақстан
облысы