Материалдар / Тәрбие сағаты. Мектепалды даярлық тобы. «Аяулы Анашым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. Мектепалды даярлық тобы. «Аяулы Анашым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобы. «Аяулы Анашым»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
1091
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Өлмес ана» балабақшасы










Тақырыбы: «Аяулы Анашым»











Тәрбиешілері: Датхаева Ж

Налибаева Н


















Тақырыбы: «Аяулы Анашым»

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Көктем Аруы.


Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім-ау» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің «Аяулы Анашым!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Хор: Анашым,анажаным

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!



Нұртілек

Анам мені айым дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Анам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді

Мансұр

Бөбегіңнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүр жасап

Ауырмашы анашым

Бақдәулет
Әр сөзімді жаттаған

Жүрегінде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Ерке
Анамды мен жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем

Ұлданай

Жүре берші қасымда

Айбат анам ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам


Төреғали

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде


Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Жалқаубек биін»
Би: «Жалқаубек»




Тәрбиеші: -Балалар қазір қандай жыл мезгілі? -Дұрыс айтасыңдар, қанекей қошеметпен Көктем ханшайымын қарсы алайық! (әсем әуенмен залға «Көктем –Ханшайым» кіреді)

-Көктем-Ханшайым: (кіріп билейді)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Көктем-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдысымда көптеген сәнді үлкен гүлдер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы гүлдерді аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге «Көктем-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, гүлдері неткен ғажап! Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1- гүлдегі тапсырма:
Ойын: «Қағаз киім» ( аналар ұлдарымен)
Ойын жарыс түрінде өтеді.
Ұлдарымыздың аналары ортаға шығып сайысқа түседі.

2- гүлдегі тапсырма :
Би: «Шабандоздар»

Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
3- гүлдегі тапсырма:

Әже туралы тақпақтар
Әлихан

Әжеміздің мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамыздың пейілді

Жомарт жанға балаймыз


Сәкен

Әжем менің әйбат

Ешкім оған жетпейді

Күні бойы бірге ойнап

Жанымнан бір кетпейді

Мирас

Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі

Тәрбиеші: -«Көктем-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.

Заңғар

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!


Көркем

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.


Сержанәлі

Бөбегіңнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүр жасап

Ауырмашы анашым

Аян
Әр сөзімді жаттаған

Жүрегінде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Нұрай

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде


Аяла

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам


4- гүлдегі тапсырма:

Ойын
: «Кәмпит тасу» (аналары мен балалары)
5- гүлдегі тапсырма:
Би: «Гүлдер биі»

Әдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:

Азат

Ақ маңдайлы анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым


Али

Анам, анам ақ анам

Мен өзіңдей ақ анам

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанда барамын


Айзере

Ақ мамады әрқашан

Сағынамын сыйлаймын

Мейрам сайын мен оған

Түрлі сыйлық сыйлаймын


Ерасыл

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз


Жаңыл

Өмір сыйлаған анашым

Өзіңе мен ризамын


Дастан

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет





Еркебұлан

Еркелетсем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан сипап менің

Құлыншағым күнім дейтін


Ілияс

Ана – пана,

Ана-дана,

Өмірге әкелетін

Ана ғана


6- гүлдегі тапсырма:
Би: «Опмай ұлдар биі»

Көктем-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Көктем-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші:
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аяулы Анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!


Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға рахмет!»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!