жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздер - біздің мақтанышымыз"
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – біздің мақтанышымыз»
Мақсаты:
а/ білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу
тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету,
авторларын таныстыру;
ә/ дамытушылық: Жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту,
талдау, салыстыра және ой қорыта білу қабілетін дамыту;
б/ тәрбиелік: Қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық,
елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу
рухына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, буклеттер, нақыл сөздер,
авторлар суреті, шарлар, плакаттар, слайдтар, интерактивті тақта.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мақсат қою. Біздің бүгінгі мақсатымыз – Рәміздер туралы көп мағлұмат алу, олар туралы, авторлары, жасалу тарихы т.б. қызықты мәліметтер білетін боламыз.
Әнұран орындалады.
ІІІ.Сұрақ – жауап бөлімі.
1) Отаның қалай аталады?
2) Мемлекетіміздің президенті кім?
3) Мемлекетіміздің астанасы қалай аталады?
4) Ата Заң қашан қабылданды?
5) Сен түратын облыс қалай аталады?
6) Облыс орталығы қай қала?
7) Мекен – жайыңды айт.
8) Отан туралы мақал – мәтел айт.
IV. Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады.
Рәміз дегеніміз – түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер әлемінде өмір сүреміз.
Қандай да бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы өз Туы, Елтаңбасы, Гимннан басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін қабылдауға ерекше мән беруі де осыған байланысты.
«Гимн», «Елтаңба», «Ту». Осы үш ұғымға мағұлмат берейік.
Гимнның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов, орыс тіліне аударған – Бахыт Қайырбеков.
Қазақстан Республикасы Гимнның авторлары
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің, дүние жүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері.
1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауыты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнында (зауыт - ВТУЗ) оқып инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді.
1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов
(1935-1983)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимн (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарда оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.
Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқұлы (Әнәпияұлы)
(1930-1992)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнның музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
- «Елтаңба»
Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қоғам қайраткері.
1932 жылы Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.
Негізгі шығармашылық жұмыстары: Алматыдағы Шоқан Уәлиханов (1969), Әліби Жангелдин (1975), Тоқаш Бокин (1977) ескерткіштері, «Динамо» стадионы құрылысының (шығармашылық топ құрамында) жобалары, Алматыдағы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998).
Жандарбек Мәлібекұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші.
1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші.
Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі, Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы облыстық әкімшілік үйі, Драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарын, Ангрен, Ферғана және Самарқанд қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан. Қазір Астанада тұрады.
Елтаңба
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл – таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара шаңырақ – ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Тұманбай Молдағалиев.
«Ту»
-
Мемлекеттік Тудың авторы – еліне еңбегі сіңген өнер қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғары көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Негізгі шығармашылық жұмыстары: Тараз қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кинотеатрдың дизайны (1979, А.Симоновпен, В.Кузьминмен бірге), «Волоколам бағытында, Генерал-майор И.Панфилов пен қолбасы Бауыржан Момышұлы ескерткіші» (1985), «Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Кісен ашқан», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датұлы», «Жамбыл», «Ана болу бақыты» т.б. көркем полотналар. Алматы қаласы туының авторы.
Чехославакияда өткен халықаралық байқаудың алтын медалін (1961) және Санкт-Петерборда өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы зеңгір көк түсті (түркілік наным-сенім тұрғысынан алғанда көк түс – тәңірлік түс) жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді.
Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «Қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Күн, күн шапағы, қыран, ою – алтын түстес.
Көгілдір түс аспанды бейнелейді. Аспан – бейбітшілік пен молшылық белгісі.
Көгілдір аспан аясында мәңгілік алтын шуақ шашқан ұлы Күн бейнесі – бақыт пен байлық рәмізі. Күн бізге жылулық беріп, қараңғылықты сейілтеді, барлық тірі жанға өмір береді.
Қыран – құс патшасы. Қыран бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол – еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға қиялап қанат қағуы.
Өрнек – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен ең ұлы табыстардың бірі. Ою-өрнек – халықтың сана-сезімі мен мәдениетінің даму жолының куәсі, қоршаған ортаны көркем тануының құралы.
Біздің Ту
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда – алтын күн,
Көк аспанда – жас қыран.
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Тұманбай Молдағалиев.
-
Қорытынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толық мәлімет алып, оларды құрметтеуді ұғынды. Оқушылардың бойында туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі қалыптасты.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген