400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты: 

І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд. Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер.


«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.


Әнұран орындалады

Саламат. Еңселі елтаңба


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негізгі арқау болып тұрған – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ бейнесі – әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын, бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің және шексіз өмірдің нышаны.

Тұлпар – Күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы, айрықша күш-қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі.

Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек!

Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін!» деген асыл арманын арқалап тұрғандай көрінеді.

«Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен  Шота Аман Уәлиханов.


Қатар шапқан  қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған  жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.



Абылай. Тұғырлы туымыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1996жылдың 24қаңтарындағы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны – бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою-өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков. Тудың көгілдір біртүстілігі бұлтсыз ашық аспан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі.

Өрнек – көркем безендірілген әшекейлі кесте. Оның сан алуан түрі бар: көркем, графикалық немесе өсімдік элементтерінен, геометриялық фигуралардан тұратын түс өрнегі. Ерте кезде халық ою-өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою-өрнекке деген көзқарас ерекше болған.

Күн – уақыт өлшемі. Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.

Сары түс – қымбат асыл металдың, алтынның түсі, Ай мен Күннің, түпсіз тұңғиық қараңғылықтан шашырап шыққан жарықтың, одан жаратылған ғарыштың түсі.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт бейнесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық тәкаппарлық, биік ой-мақсат, қырағылық, намысқойлық тән. Сол себепті де ол – көреген, қырағы, болжағыш. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой-ниетінің биіктігін білдіреді.


Ән: Көк тудың желбірегені




Шыңғысхан. Асқақтаған Әнұран

Мемлекеттік Әнұран – егемендік еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы. Мемлекеттік Әнұран халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранның мәтіні мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранның музыкалық редакциясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен 2006жылы 7қаңтарда бекітеді.

ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.


Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы,

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды.

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайратты,

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

 

Ойындар мен тапсырмалар

Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      Ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           Ар                                         Нан

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел! 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
36 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
20348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі