Тәрбие сағаты «Мен - өз елімнің патриотымын»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Мен - өз елімнің патриотымын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Мен - өз елімнің патриотымын»

Мақсаты: Қазақстан Республикасын қорғайтын, көркейтетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отан, Атамекен, азамат, патриот сөздерінің мағынасын ашу. Адамгершілікке, елжандылыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, таратпа қағаздар.


Кіріспе


Жарқын болсын күніміз,

Жарқын шықсын үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз


«Танысайық» тренингі.

Алдымен мұғалім өзін таныстырады. Содан кейін оқушылар өз есімдерінің алдына өзіне қатысты бір сын есімді қойып айтады. Мысылы «Мен әдемі Әсемгүлмін...» Барлық оқушы айтып болғаннан кейін кім қанша адамның есімі мен қасиеттерін есте сақтады? – деп оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау.

-Балалар, бүгін қандай күн, қандай мереке?

-Сіздер үшін бүгінгі мереке несімен ерекше?

-Дұрыс, сендер бүгіннен бастап 2-сынып оқушысы атанып отырсыңдар. Оқушы деген кім, оқушы қандай болуы керек? Олай болса осы сұрақ төңірегінде бірігіп ойланып көрейік. (Оқушылардың пікірі тыңдалады)

Білім басқышына басқан алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын! Менімен бірге сендер үшін жұмбақ әлемнің қыр-сырын үйренетін боласыңдар. Сапарларың сәтті болсын!



Негізгі бөлім


-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Отан деген не, кім қалай түсінеді?

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, достарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

- Балалар «патриот», «азамат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- «Азамат» қандай болу керек деп ойлайсыңдар?


Елбасының «Рухани жаңғыру» жолдамасына сай жасалған видеороликтен үзінді.

Елбасы және мемлекеттік рәміздер туралы айтып өту (рәміздердің суреттерін, авторлар портретін көрсету, таныстыру)

Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.



Қорытынды бөлім


Флипчартқа оқушылар дайын шаблондарды жапсыру арқылы өз елін бейнелейді. Жазбалар арқылы ойларын айтады.

- Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыңдар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болыңдар. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыңдар деп үміттенемін.

















































Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті

40 орта мектеп










Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Мен - өз елімнің патриотымын»







Сынып жетекшісі: П.Сарсенбаева

Сынып: 2 «Г»





















2017 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
536
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі