400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты «Мен- өз елімнің кішкентай патриотымын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен- өз елімнің кішкентай патриотымын»

Мақсаты: 
1.    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2.    Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3.    Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Н.Назарбаев суреті, ту, елтаңба, суреттері
Барысы: 
1.    Ұйымдастыру.

 Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
2.    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
  Отан деген не, кім қалай түсінеді?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
 Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- әнұран.Әнұран мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: 
                         Өткеніңді еске алсаң, 
                         Өскеніңнің белгісі. 
                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 

















«Ыбырай Алтынсарин орта мектебі » КММ




Тәрбие сағаты

«Үш тұғырлы тіл »



Дайындаған: Мұратқызы А.


Сынып: 5«Д»








2018-2019 оқу жылы


















Күні:10.01.2018

Тақырыбы:Мақсатым мығым, арманым асқақ

Сабақтың мақсаты:  Арман ұғымының шексіздігін ұғындыру. Мақсатты бағалауға тәрбиелеу.

Міндеті: Өмірдегі жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету.  Бақытқа жетелейтін  адам бойындағы қасиетті қалыптастыру.

Әдісі : Адамгершілік құндылықтар мен түсініктерді үйрету технологиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс.

Сабақ барысы:

І. Шаттық шеңбері

Қане, оқушылар ортаға шеңбер құрып, бір-бірімізді таныстырып, бүгінгі  сабағымызға өз  тілегімізді айтайық.

Жақсы, осы айтылған тілектеріңіз қабыл болсын деп, мен сіздерге сәттілік тілеймін.

ІІ. Мен ( визуализация) — жаттығу

Қане, барлығымыз өзімізді біреудің, қызы, біреудің ұлы, оқушы, аға, әпке, бауыр, досы, құрбысы, т.б. рөлдерге қойып ойнайық. Қай рөлге қойғанда өзіңді бақытты сезінесіңдер?

Жақсы, міне көрдіңіздер біреу апасы, біреу анасының қызы, баласы, бауыры болғанда бақытты сезінеді. Ал енді осы бақыт сөзінің түсінігін анықтайық.

Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс бақытты әр адам өзінше, өз қалауынша қабылдайды.

Ал, осы бақыт сөзіне мағыналас сөздерді айтайық.

Жақсы, дегенмен, оқушылар өмірде жақсылық пен жамандық, ақ пен қара , түн мен күн барлығы қатар жүреді. Бақыт сөзіне қарама-қарсы қандай ұғымдар бар.

Оқушылар қалай ойлайсыңдар бақытты адамның артықшылығы?

Бақыт сонда бізге  не сыйлайды.

Дұрыс, бақыт бізге қуаныш, достық, байлық, денсаулық т.б. сыйлады.

Бақыт сөзінің кемшілігі?

Дұрыс, адамдардың өз бақытын бағаламауда.

Кәне, оқушылар бір сәтке ойланып көрейік.

ІІІ. Тыныштық сәті.

Бақыт деген не өзі?

«Бақыт деген не өзі?» деп, бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық, байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең бақыттысың демес пе?»

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ирек, сонын өзі жақсы ат қой.»

Бірі айтады: «Бақыт деген – жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау.»

Бірі айтады: «Бақыт деген – адал жар мен перзент қой.

Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой.»

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.

Бақыт, адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.

Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты.Бақытқа жетелейтін не нәрсе ?

Міне, көрдіңіздер ме?

Бақыт — адам бойындағы баға жетпес сезім.

Бақыт — алда тұрған арман, мақсат.

ІV. Өзіммен — өзім сәті.

Ендеше армандайық. Оқушылар өздерің мен өздерің оңаша ойланып, «Армандар бағына» саяхат жасайық. Өз армандарыңызды  бір бетке бейнелеңіздер. Міне, оқушылар біздің арманымыз осындай. Aл енді әлем балаларының арманын көрейік.

V. Бейнекөрініс.

Міне дамыған Европа елінің баласымен, көп жылдар аралығында басқа елдің отары болған Африка елінің балаларының арманы. Осы екі көрініске қарап отырып, өзіміздің арманымыздың биік, асқақ екендігін және де бейбіт, тыныш дамыған елдер қатарына енген тәуелсіз елде өмір сүріп отырғанымызды мақтан етуіміз керек.

Ендеше осындай бейбіт, тыныш өмірге қалай қол жеткіздік?

Дұрыс айтасыңдар ата-бабамыз, батырларымыз жерім, елім аман болсын, ұрпағым бейбіт өмір сүрсін деген арман  жетегінде  бізге бейбіт өмір сыйлады.

Оқушылар, біздің елімізде қандай елеулі мереке тойланғалы отыр?

Дұрыс айтасыздар. Ұлы жеңіске 65 жыл. Ал енді осындай бейбіт заманда бақытты өмір сүру үшін  мемлекет  бізге қандай  қамқорлық жасап отыр.

Міне, көрдіңіздер ме? Мемлекетімізде Ана мен бала құқығы қорғалады, Халықаралық бала құқығын  қорғау конвенция, Балаларды қорғау декларация, білім алу, тегін емделу, шет елдерде оқу.

Біз өз мүмкіншілігімізді қай салада болса да көрсете аламыз. Біздің мүмкіндігім зор. Сондықтан да біздің алдымызда  айқында, анық мақсат болу керек, Біздің  мақсатымыз:білім алу. Білім заңының 47 бабында: «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетілгендей

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының жалпыға міндетті білім беру стандарттарының  талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар  мен біліктілікті меңгеруде ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға  міндетті.

Осы міндетті іске асырсақ мақсатымыз  орындалады.

Ендеше бүгінгі сабақтың дәйек сөзін Әбу-Насыр Әл-Фараби сөзімен алсақ: «Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде… адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» деген екен.


Күні:21.02.2018

Тақырыбы: Сабыр түбі - сары алтынСабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық, ұстамдылық секілді адами қасиеттерді ұғындыра отырып, оның ішкі тыныштығы құндылығын сезіне білуге әсер ететінін түсіндіру.
Міндеттері: Сыйластық, тазалық, адалдық, қайырымдылық.
Сабырлылық, ұстамдылықтың адамның ішкі тыныштығын сезінуіне әсер ететінін түсіндіру;
Оқушыларда сабырлық, ұстамдылық қасиеттерін дамыту;
Оқушыларды ақыл - ойдың тазалығына жан тыныштығын қалыптастыруға тәрбиелеу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару.
2. Тыныштық сәтi.
«Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Ы. Алтынсаринның «Асыл шөп» әңгімесін оқып келу.
Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?
Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?
Шыдамды, сабырлы адам қандай болу қажет деп ойлайсыңдар?
Өздеріңнің сабырлылық танытқан кездерің болды ма?
Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма? Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз.
«Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ - сабыр сол»
Абай Құнанбаев
Не себепті асығыс түбі өкініш дейміз?

Бәріміз қосылып айту.
2 - рет ұлдарға, 2 - рет қыздарға айтқызу.
2. Әңгімелеу Сабыр суы
Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады:
- Маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл - кеңес, көмек сұрап келіп отырмын. Не амал етсем екен?
Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді де:
- Осы су саған көмектесуі тиіс. Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек,- дейді. Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді:
- Сірә, суға бірдеңе қосып берген болсаңыз керек. Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым - қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды,- деп тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп:
- Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген кәдімгі су. Оның саған көмегі - көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді - өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлыққа үйренсең өзіңді - өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың,- дейді.
Сұрақтары:
Ақсақалға кісі не үшін келді?
Ақсақал қандай ақыл - кеңес берді?
Ақсақал не үшін суды ұсынды?
Көршінің тыныштығы неліктен бұзылып, мазасыздана береді?
Сіздер үшін сабырлы адам қандай болуы керек?
Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма?
4. Топпен ән айту.
«Көңілді күн» А. Қалаубаеваның әні
«Біз үйде де, аулада сабырлымыз» мұғалімнің үлгісі
Өз - өзіңді ұстай біл төзімді бол
Қызбалыққа салынбай шыдамды бол
Сабырлы да, ұстамды бола білу
Сездіреді жүрекке тыныштықты.
Қайырмасы
Біз үйде де, аулада сабырлымыз
Шыдамдымыз, төзімдіміз
Жарасымды, тартымды, ұстамдымыз
Ұстамдымыз әрқашан!
«Бұлақ сылдыры» мәтінін оқып келу.
6. Соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкіл әлемде)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
















Күні:4.04.2018


Тақырыбы: Адалдық пен әділдік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

І.Білімділік: Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру

ІІ.Дамытушылық: Оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіктерін дамытуға ықпал ету.

ІІІ.Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққы, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.

3. Тәрбиелік: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту; көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін бағалау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңіл - күйлеріне назар аудару.
- Сәлеметсіздер ме балалар.
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырады. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлайды
«Шаттық шеңбері»
«Адалдық»
Д. Әлімжанов
Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
ІІ. Жаңа білім беру кезеңі
2 слайд Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.
- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
4 слайд «Адал бала” корей ертегісі
Мәтінді талдау
Ой бөлісейік:
• Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
• Оларды бірден алса, не болар еді?
• Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?
Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )
«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»
«Алдау – зұлымдық, Алдану - ақымақтық»
«Әділ сөйлеп, адал жүр».

V. Жағдаяттарды талдау
1 – жағдаят
 
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
* Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
* Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Рефлексия
Сабақтан не түсіндік?
Не ұнады?
Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Жүректен жүрекке Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.








































Күні:25.04.2017

Тақырыбы: Жақсы сөз - жанға қуат
Мақсаты: Оқушылар «жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік беру
Міндеттері:
- Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері дамыту;
- ізгілікке, ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, Венн диаграммасы, Топтастыру;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру.
І Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін мен сендерді Өзін - өзі тану пәні арқылы көргеніме қуаныштымын. Сендер қандай көңіл - күйдесіңдер?
Бір - біріміздің қолымыздан ұстаған кезде нені сезініп тұрмыз? Жақсы көңіл - күйді сезініп тұрмыз ба?
Оқушылардың жауаптары.
Ендеше бәріміз бірге мына өлең шумақтарын айтып шығайық:
Ой - жүйрік, тіл - шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөзді тауып ұқыпты.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың мейірі.
Бір - біріне болып көз,
Кең болсын адам пейілі.
Ән: «Бала тілегі» сөзі: С. Молдасанұлы
әні: Ф. Жолдасова
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз - жанға қуат»деп аталады. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесетін боламыз.
Ой қозғау.
Әңгімелесу.
- Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?
-«Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

«Сыпайы қоян» Мексика ертегісі
- Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
- Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады?

Дәйексөз.
«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә. Науаи
- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Сергіту сәті
Ақша бұлттар аспанда, (Қолдарын жайқалтады)
Жерімді жайнап құлпыртсын.(Жерді көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге, (Күнді көрсетеді)
Көкте мәңгі күн тұрсын. (Күнді көрсетеді)
Жаңа ақпарат. Тізбектеп оқыту
«Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді»

Суретпен жұмыс.
1. Құрметті ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз;
2.- Апа, аман - есенсіз бе? Қал - жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді айығып кеттіңізбе?
Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау;
3.- Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 - наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп - көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келеді.
Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру;
4.- Жарайсың, құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі - ақ елін қорғайтын азамат болады.
Күтілетін жауап: мақтау.
5 - Сымбат, сен қандай әдемі болып құлпырып кеткенсің! Жауап: мадақтау

Ойын - жаттығу
Топқа бөлінген оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі: Берілген тапсырмалар бойыша жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетуі тиіс.
1 - топ. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2 - топ. Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым - қатынастан үзінді.
3 - топ. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалогтан үзінді.

Қорытындылау
- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
Жүректен - жүрекке. (Оқушылар шеңберге тұрады,
қолдарына шарлар, жалаулар беріледі)

Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарсын көгерсін!
Кешегідей бүгінде,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат,
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!




















Күні:12.05.2017

Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Мақсаты:
 
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер,
өсиет – нақылдар

Ұйымдастыру
Әдеп
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
- Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қавсиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.
Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдептілік әліппесі
Атам маған әманда
 
Әдепті жан бол деген.
 
Ата сөзі санамда -
 
Жасы үлкенге жол берем.
 

Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем.

Атам маған әманда
 
Кішіпейіл бол деген.
 
Ата сөзі санамда -
 
Мақтанбауды жөн көрем.
 
Атам маған әманда
 
Әділетті бол деген.
 
Ата сөзі санамда -
 
Жүрем тура жолменен.
 

Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Қалдыратын ұятқа -
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа -
Тек шындықты көздеймін
Көрініс: «Әдептілік»
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.
Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Слайдпен:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.
Сынып сағатын қорытындылау:
- Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік!









Күні:28.02.2018

Тақырыбы:Салауатты өмір біздің болашағымыз

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Бүгінгі сайыста 4 топ қатысады.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

- Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Секіртпемен секіру.» Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.
ІІ кезең: «Аққала»
Шарты:
1. Үлкен резеңке доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
2. Допты жерге ұрып жүгіру.
3. Футбол добын теуіп бару.
4. Допқа шелек кигізу.

ІІІ кезең: «Туннель»
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
ІV кезең: «Дартс» Шарты: дротиктерді лақтырып, тиген жердегі сан есептелініп, сол бойынша қай топтың ұпайы көп, сол топ сол шарттың жеңімпазы болады.
V кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәт сапар!
1 - Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
2 - Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
3 - Топтың ұраны:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
4 - топтың ұраны: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

















































Күні:14.03.2018

Тақырыбы: Бала құқығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған тақырыптың аты. Балалар құқығы тураы Конвенция, Қ. Р. Балалар құқығы туралы заңы.

Сабақтың жүрісі:Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ана өз баласын тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады. Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді. Ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты бірге бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді.
Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс аясы шеттеді; осы қорқыныштарын сәби жылауы арқылы көрсетіп, өмірге келген сәтте - ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар аударатын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде, сақтап қалады. Кейінгі өмірде өзіне назар аударту үшін ол тағыда осы әдіске жүгінеді.

Жасөспірім кезінде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете алмайды., себебі ол ұят нәрсе. Жасөспірім кезінде бала өзгере бастайды. Бұрын ашық бала, жарқын мінезді, белсенді болып, енді тұйықталса, ойы басқа да болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы қашып, тәбеті болмаса т. б. балада қандайда бір мәселе туындаған болу керек.
Бала болса да қазіргі кезеңде әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруі мен тәрбиеленуге құқығы бар. Ал ата - анасы қайтыс болған, ата - ана құқығынан айырылған жағдайда оларға мемлекет тарапынан қорғаншы және қамқоршы орган тағайындалады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бала құқығы тақырыбына арналады.

Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін мынадай сұрақтарға жауап береміз:
1) Бала құқығы дегенге қалай түсінесің?
2) Баланың қандай құқықтары бар?
3) Бала құқығын қорғалуына жауапты адамдарды ата?
4) Бала құқығына байланысты қандай заңдарды білесің?
Оқушылар өз білгендеріңше сұрақтарға жауап береді.
Әрі қарай мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырады.
1989 жылы БҰҰ қабылданған «Бала құқығы туралы Конвенциясы» заңнамасымен, 2002 жылы 8 тамызда қабылданған « Қ. Р. Бала құқықтары туралы Заңымен» таныстырады.
Қ. Р. Бала құқығы туралы заңының «Балалардың құқықтары мен міндеттері» атты тарауындағы балалардың негізгі құқықтарымен таныстырып өтеді.
- Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді.
«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан
азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»

- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.

«Темірланға хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру.
Сабағымызды қорытындылау үшін оқушылар арасынан өздерінің жазған хатын оқуға тілек білдірген оқушыларға жазған хатын оқыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Бала құқығы үнемі елімізде сақталсын. Балаларымыз ешқашан қиындық көрмей, бақытты балалық шағында оқып, білім алып, еліміздің абзал азаматтары болсын деп тілеймін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі