жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты. Мен -өз елімнің патриотымын
Тәрбие сағатының тақырыбы : «Менің-өз елімнің патриотымын»
Тәрбие сағатының мақсаты :
1.Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге баулу, өз ұлт жанындай сүйетін саналы ,білімді ,іскер азамат қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелілік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді , отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.Еліміздің болашығы жасөспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сайыс
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд,рәміздер
Сабақтың кезеңдері:
1-жүргізуші:
Құтты болсын бүгінгі мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
-
Бізде бүгін ерекше күн. Ол қандай күн? Дұрыс, 1- қыркүйек білім күні. Бүгінгі мерекемізді Қазақстан Республикасының мемлкеттік Гимнімен бастайық.
2-жүргізуші:
Отан дегеніміз не?
-Адамның туып өскен жері,туған –туысқандары , біз тұратын атамекен.
-Біздің отанымыз қалай аталады?
-Отанымыз Қазақстан.
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың «Менің –өз елімнің патриотымын» деп аталады.
1-жүргізуші:Әр топтағы оқушылар өздерің топ аттарын қорғап шығады.
1-топ: «Отан», 2-топ: «Туған жер»,3- топ: «Атамекен», 4-топ: «Болашақ»
2-жүргізуші: Әр топқа сұрақтар қойылады. Жауап берген топқа смайликтер қойып бағаланады.1-топ
1.Еліміздің бас қаласы? /Астана/
2.ҚР президенті кім?/Н.А.Назарбаев/
3. ҚР елтаңбасының авторлары?/Шоқан Уәлиханов, Жандарбек Малибеков/
1-жүргізуші:2-топ
4.ҚР қашан тәуелсіздік алды?/1991 жылы/
5. ҚР –сы Гимнінің авторлары кімдер?/Н.Ә.Назарбаев,Жұмекен Нәжімеденов,Шәмші Қалдаяқов/
6.Қазақстан қандай мемлекет?/Тәуелсіз/
-1-
2-жүргізуші:3-топ
7.Сенің Отаның қалай аталады? /Қазақстан/
8. Тудың авторы кім? /Ш.Ниязбеков/
9. Қазақстанда неше облыс бар? /14 облыс/
1-жүргізуші:4-топ
10. Қазақстан дүние жүзінде көлемі бойынша нешінші орында? /Тоғызыншы/
11.Еліміздің рәміздерін ата?/Гимн,Елтаңба,Ту/
12.Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген?/Шаңырақ/
2-жүргізуші: 4 топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындау уақыты
2минут. Тапсырманы дұрыс орындаған топты смайлик арқылы бағалаймыз.
1-топ: Үлестірме қима қағаздардан мақал –мәтел құрастыру.
2-топ: Қиылған қағаздардан сурет құрастыру.
3-топ:Мақал-мәтелдегі қалып қойған сөздерді тауып жаз.
1.Отансыз-адам,.....-бұл-бұл./Отансыз-адам,ормансыз –бұл-бұл/
2.Отан-... басынан ... ./Отан-от басынан басталады./
3. Отан- .... ыстық....
4.Отан ушін ... күймейсің,
Арың үшін ... өлмейсің.
1-жүргізуші:
Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді жерімізді мадақтау бүгінгі біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
-
оқушы:
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2-оқушы:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
3-оқушы:
Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
-2-
4- оқушы:
Өзіңдікі туыңда,
Отпен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
2-жүргізуші:«Мен-өз елімнің париотымын» атты видеоны тамашалайық.
1-жүргізуші:Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз қажет.
1/2-жүргізуші: Байтақ дала жерім менің,
Арта берсін даңқың сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің- дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
-3-
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген