400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Мен -патриотпын" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен-патриотпын!
Мақсаты:
Қоғамда өздерін көрсетіп және өз еліне пайдалы бола алатын,Жаңа Қазақстандық Патриотының құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы- патриот тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слаидтар

Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

-Отан деген не, кім қалай түсінеді?


Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады. (Еркежан)


- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Президент деген кім?

Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, кәрістер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.


Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? (Бәйтерек)

-Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма?

-Биыл Астанада қандай тарихи оқиға болды? Ол туралы не білесіңдер? (оқушылардың ойын тыңдау, «ЕХРО 2017»слаидтар көрсету).

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.


Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы. (Ақжол)


Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.


Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.(Нарғыз)


Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.


Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.(Данияр)

Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды шет елде қорғап келген азаматтарымыз, өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды көкке желбіреткен отандастарымызға мың алғыс.

-Балалар сендер спортты жақсы көресіңдер ме?

-Танымал қай спортшыларды білесіңдер? Қазақстан құрамасында жеңіл атлет Ольга Рыпакова, боксшы Василий Левит,ауыр атлет Александр Зайчиков,боксшы Данияр Елеусінов, еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді,боксшы Әділбек Ниязымбетов,еркін күрестен Гюзель Манюрова, Екатерина Ларионова,....т.с.с Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек.( «Көк тудың желбірегені» әуенін видеосымен көрсету)

Келешекте сіздер де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек.

«Мен кім болам?» тақырыбында ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
-Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
-Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.
Отан - ...... да ыстық.
Отан - ......басталады. т. б
Қорытынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі, — деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

Хормен оқу: “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ”

“ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”





















Айсары негізгі мектебі



















Сынып сағаты: «Мен – патриотпын!»

3-сынып











Дайындаған: Жукенова Л.Қ.










2017ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі