Тақырыбы:
Мен әкеммен
мақтанамын
Мақсаты:
ата - ананың мектеппен байланысын дамыту,
жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық
салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.
Әкеге деген бала махаббатын
ояту.
Көрнекілігі:
тақырып жазылған плакат, шарлар, гүлдер,
ойынға қажетті заттар, слайд
Түрі:
топтық
сайыс
Жүрісі:
Ұйымдастыру. Ой
шақыру
Т. Айбергеновтің «Перзент жыры» өлеңі
оқылады.
Сен – менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын.
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға асатын.
Сен – менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп – төгем.
Сен – менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нәрсе сол жүректен сүйікті
екен?
– Біздің бүгінгі тәрбие
сағатымыз қандай тақырып төңірегінде
болмақ?
- Әке, бала, отбасы
туралы.
– Бүгінгі шарамызға әкелерді шақырып
отырмыз.
Ендеше, оларға қошеметтеп
қоялық!.
- Қадірлі әкелер, аналар, ұстаздар, оқушылар,
бүгінгі «Мен әкеммен
мақтанамын» атты тәрбие сағатына қош
келдіңіздер.
Жоспары:
1. Кіріспе
сөз
2. «Әке туралы
жыр» әдеби-сазды
монтаж.
3. «Менің
әкем» (өз әкелері туралы
айтады)
4. Топтық
сайыс.
1.Кіріспе
сөз: Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.
Әке-отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі
баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін
нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ,
ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер
бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін
әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке
тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің
атқарар еңбегі ерекше. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы
дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын
қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен қарау
баланың парызы болмақ. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын
үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкеңе барып
сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында», «Әкең жіберсе, бара ғой» деп
әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай
отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы
сөзсіз.
Кезекті әнге
береміз. Дарқан Қымбаттың орындауында «Топ-топ,
балақан» әні.
2.
Әке туралы
жыр әдеби – сазды
монтаж.
1 – оқушы.
Зере
Есімде бейнесі
әкемнің
Күлімдеп
қарайтын
Мен саған
талпынсам
Құшағын жая сап, көтеріп
алатын.
2 – оқушы.
Ізбасқан
Бойға қуат
береді
Әй жарайсын
дегені
Мен әкемнен әр
кезде
Соны естігім
келеді.
3 – оқушы.
Шұғыла
Әкешім тілеуімді тілеп
жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық
күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер
үшін.
Ақылды балаларың оны
білген.
4 – оқушы.
Мансұр
Ыстық - ау кім - кімге де әке
деген,
Суыққа шалындырмай,
мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге
тартып,
Алдымен адам бол деп
жетелеген.
5 – оқушы.
Іңкәр
Әр сөзінің
ақырын,
Жақсылыққа
тірейді.
Қадап айтып
ақылын,
Көпке бақыт
тілейді.
6 – оқушы.
Нұрмұхаммед
Әкем шытса қабағын
-
«Байқа балам»
дегені.
Алған көп - ақ
сабағым,
Жақсы көрем мен
оны.
7 – оқушы.
Аружан
Арқа сүйер
панасың,
Ақылы мол
данасың
Адал етіп
өсірген,
Мендей ерке
баласын.
8 – оқушы.
Ерсұлтан
Қамқорсың әке
өмірде,
Қуатым сенсің
көңілге.
Әлпештеп мені
өсірдің,
Ұшармын ертең
көгіңде.
9 – оқушы.
Гүл
Аңсаймын жылы
сөзіңді,
Ақылшым болған
кезіңді.
Есімде әке
сақтаймын,
Асқар биік
өзіңді.
10 – оқушы.
Нұрхан
Арманым едің
аңсаған,
Әкелсем бақыт мен
саған.
Ұрпағың болып
жалғадым,
Қуаншы, әке, сен
маған.
11 – оқушы.
Қымбат
Теңіздей шалқып
жүремін,
Сүйенер сенсің
тірегім.
Барсам да қайда, жан
әке,
Өзіңмен бірге
жүрегім.
12 – оқушы.
Нұркен
Көпке өрмелеп
көңілің,
Нұрға толсын
өмірің.
Бақытты бол жан
әке,
Ұзақ болсын
ғұмырың.
Барлығы
бірге: Әке – отбасының асыраушысы, тірегі,
қамқоршысы. Әкелеріміз аман болсын!
«Қос
бәйтерегім» әнімен
Кенжебайқызы
Аружанды қол соғып, қарсы
алайық.
3. «Менің әкем»
... өз әкелері туралы
айтады.
Хор: «Ата-ананы
тыңдаймыз».
4. Топтық
сайыс.
Ортаға әкелерді балаларымен
шақыру.
Сайыс жоспарымен
таныстыру:
1. Сіз балаңызды жақсы
білесіз бе?
2. Ойын: «Міне менің ботам»
(Әкелердің көзін байлап, өз
баласын қолынан ұстап тану).
3. «Жалғасын
тап». ( мақал-мәтелдің жалғасын
табу)
4. Ойын: «Тапқыр менің
әкешім» (баласы сөз жасырады, әкесі
оны табу керек)
5. «Әке көрген оқ жонар»
...
Сайыстың
әділқазылары: 1. Тәрбие ісінің
меңгерушісі-Бақтыгүл апай
2. Ата-ана - Изимова
Самал
1. Сіз балаңызды жақсы білесіз
бе?
1. Отбасы дегенді қалай
түсінесіз?
2.Балаңыздың туған күні, айы
жылы?
3.Балаңыздың аяқ киім
өлшемі?
4.Балаңыз болашақта кім болғысы
келеді?
1.Отбасының басшысы
кім?
2.Балаңыздың сүйікті асы
қандай?
3.Балаңыз қандай түсті жақсы
көреді?
4.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай
сөз аузыңызға түседі?
1.Отбасы қандай болуы
керек?
2.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы
көреді?
3.Балаңызды еркелетіп қандай сөз
айтасыз?
4.Балаңыздың айтқанын үнемі орындайсыз
ба?
1.Барлық отбасы
бірдей деп ойлайсыз ба?
2.Балаңыздың ең жақын
досы?
3.Балаңыз қай пәнді жақсы
көреді?
4.
Балаңыздың сабағын қадағалайсыз
ба?
2.
Ойын: «Міне менің
ботам».
Әкелердің көзін бойлап, өз баласын қолынан
ұстап тану.
3. «Жалғасын тап».
(мақал-мәтелдің жалғасын
табу)
-
Әке-асқар тау, (ана-бұлақ,
бала-жағасындағы құрақ).
-
Әке көрген оқ жонар, (ана
көрген тон пішер).
-
( Балалы
үй ) – базар.
-
Әке – (балаға
сыншы )
-
Баланың жақсысы – қызық, (
жаманы - күйік)
-
Әкеге қарап ұл өсер, ( анаға
қарап қыз өсер)
-
Баланың бас
ұстазы - (ата - ана)
-
Әкеден – ақыл,
(анадан - мейір)
4. Ойын: «Тапқыр менің
әкешім»
Баласы сөз жасырады, әкесі оны
табу керек.
5. «Әке көрген оқ
жонар»...
Баласы екеуі үйден бастап
келген бұйымды бірігіп аяқтау, қорғау.
Қорытынды.