400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Мен елімнің ертеңімін" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне Тәрбие жұмысы бойынша өткізілген сабағымды тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мен елімнің ертеңімін»

Мақсаты: Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын білдіре алатын және өз еліне пайдалы бола алатын, Отанын сүйетін, қастерлейтін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Ресімдеу: ҚР Елбасының, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы бейнеленген плакаттар

Музыкалық және бейне көркемдеу: ҚР Мемлекеттік Әнұранның аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» презентациясы.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, бейнепроектор, ноутбук.

Үлестірмелі материалдар: қима суреттер, таяқшалар

Сабақ практикаға бағытталған құрылымға сәйкес: білу – түсіну – қолдану.

Тілдік құзыреттілік: Отан – Родина - Сountry

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: «Патриот» сөзінің мағынасы қандай екенін түсінді.
Нені меңгерді: Өз ойын жеткізе алды. Өмірде қолдана білді.

Нені қосамын:Жақсы оқып, тәртіпті болып Отаныма өз үлесімді қосамын.

Сабақ ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылады.

Мұғалім:

Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны

Қуанышпен оқу жылы басталды,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

«Шаттық шеңбері»

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де (жанындағы досын көрсетеді)

Қуанайық достарым (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге (қолдарын жоғары көтереді).

Оқушылар түстер арқылы (сары, көк, жасыл) 3 топқа бөлінеді.

Білім күніне арналған алғашқы тәрбие сағатымыз «Мен елімнің ертеңімін » тақырыбы аясында өтеді.

Видеоролик көрсету.

Материалды көріп болғаннан кейін түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы байқау.

І. - Балалар, сендер «патриот» деген сөзді естідіңіздерме, қалай түсінесіздер, ол қандай адам?

* Білім алушылар берілген суреттерден тақырыпқа қатыстыларын өз бетінше топтастырады.

ІІ.1.

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам.

Мемлекеттік рәміздер (ұлттық) (греч. sym-bolon - белгі) – конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.

Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт.

Оқушылардың ойларын тыңдау, толықтыру.

- Отан деген не, кім қалай түсінеді?

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!


ІІ.2. Топтық жұмыс.

1-топ: «Менің Отаным» (суреттер арқылы Қазақстан туралы өз ойларын білдіреді)

2-топ: «Қазағымның салт-дәстүрлері» (қатысты суреттерді таңдап жапсырады, қорғайды)

3-топ: «Мен ауыл құрылысшысымын» (таяқшалардан ауыл макетін жасайды)

“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

ІІІ. Жақсылық –рефлексия

*Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында қандай қасиет болу керек?

  • Отанға деген сүйіспеншілік;

  • Отанға деген адал қызмет; т.б.

Shape1

Мемлекеттік тілді дамытамыз.


Shape2

Орыс тілін қолдаймыз.

Shape3


Ағылшын тілін үйренеміз.

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Хормен:

Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ертеңіміз, еріміз.

Қорытынды:

Міне, балалар бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата Заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенемін. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ертеңі.

Хор: «Мен елімнің ертеңімін»

Туралиева А.Г. Бастауыш сынып мұғалімі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1065
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі