Материалдар / Тәрбие сағаты "Мен елімнің патриотымын!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Мен елімнің патриотымын!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жаңартылған бағдарлама үлгісінде жасалған.Әріптестеріме көмек болар деген үміттемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
379
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп: А.А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясыМұғалім: Надырова Г.С.
Мерзімі: 01.09.2018 Пәні:Сынып сағатыСыныбы:4 «А"
Сабақтың тақырыбыМен елімнің патриотымын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)Оқушылардың ой-өрісі, тілдік белсенділігі дамиды.
Сабақтың мақсатыОқушыларды елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге , бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Жетістік критерийлері:Оқушылардың таным белсенділіктері дамиды, қызығушылықтары артады. Ойларын жүйелі түрде жеткізе біледі, шығармашылықпен жұмыс жасайды,  мағынасын түсіне білу дағдылары дамиды.
Тілдік мақсатыПатриот, намысшыл, отаншыл, білімді
Құндылықтарды дарытуТуған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру
Пәнаралық байланыстарТарих, жағрафия, әдебиет
АКТ қолдану дағдылары

Слайд






Сабақтың жоспарланған кезеңдері:Сабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар






Сабақтың басы

















































































– Cаламатсыздар ма, оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.Ой шақыру.Мұғалімнің сөзі:-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.– Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.(Нұрсұлтан Назарбаев)Отан деген не?(Балалардың пікірлері)– Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.Слайд







































































Сабақтың ортасыОқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.1 топ Отаншыл2 топ Намысшыл3 топ БілімдіӘр топтың оқушылары өздерінің топтарының аттарына сәйкес білетін мақал-мәтелдермен, сөз тіркестерімен жарысады. Қай топ көп мақал-мәтел айтса, сол топ көп ұпай жинайды.Мағынаны таңдау.Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндіріп өтеді.Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.Постер қорғау «Патриот деген ол ….»
  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
  • Туған жерге деген ыстық сезім;
  • Ата- баба өсиетіне адал болу;
  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
  • Ана тіліне деген құрмет;
  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
  • Елдің тарихын құрметтеу;
  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
  • Заңға бағыну;
  • Үкіметті сыйлау;
  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
  • Сұрақ-жауап ойыны.
  • Сұрақтары.
  • ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн
  • Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
  • «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
  • Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
  • Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
  • ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
  • ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
  • Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
  • Конституция күні? – (30 тамыз)
  • Облысымыздан шығатын газет? –Жетісу
  • ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл толады? – 26 жыл.
  • Слайдпен жұмыс
    Топ атаулары MS Word бағдарламасы арқылы жасалды































    Постер



















































































































    Слайд
    Рефлексия



















    (Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)– Бізбен жіп не істеді?– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.Жіп


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!