жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Мен елімнің патриотымын" 4 сынып
Тақырыбы: Мен - өз елімнің
патриотымын!
Мақсаты:
1. Қоғамда өздерін көрсете
және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа Қазақстандық Патриотизмнің
құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот
тәрбиелеу.
Міндеті:
- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;
- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;
- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;
- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;
- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;
– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
Көрнекілігі: Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар, Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси)
Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндерінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі, «Astana EXPO – 2017 5 ғимараты» бейне
Барысы:
Ұйымдастыру.
Тәуелсіз ел – Қазақстан
арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің
патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол
қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар.
Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық
қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі
үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани
құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің
туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан
- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам
үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді
анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Сонымен «Патриот деген ол
….»
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті
кім?
- Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды
картадан
көрсету
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің
жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі
көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын
тыңдау).
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба,
гимн. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап
ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн,
қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен
берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.
Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес
жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,
молшылықты білдіреді
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы -
Гимн.
Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде
халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы
айтылған.
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.
Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып,
намысымызды шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ
болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода
желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио -
де - Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны - 17. 2012 - жылғы
Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегері, жеңіл атлет Ольга
Рыпакова бұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс
медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль
ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр
Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың
қола медалін иеленді.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс
жүлдегері атанды. Еркін күрестен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина
Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға
Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан
спортшылары Рио - де - Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті,
мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды
желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды
білдіруіміз керек. «Көк тудың
желбірегені»
әуенін видеосымен көрсету. Келешекте сіздер де осындай атақты
спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек. «Мен кім болам?»
тақырыбында ауызша оқушыларға өз ойын
айтқызу.
- Ендеше балалар Қазақстан,
Отан, туған жер, гимн, елтаңба туралы
өлең
жолдарын айтып
беріңдерші
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін
қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы
қандай мақал -
мәтелдер білеміз?
Балалар биыл бізде "Astana EXPO – 2017"
көрмесі болып жатыр. EXPO туралы
әңгімелеу. (Видео ролик
корсету).
(балалардың өз ойын
білу)
Қорытынды: Сабағымызды жақсы оқып,
еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан
әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді
қосайық.
Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
Конституция күні? – (30 тамыз)
Облысымыздан шығатын газет? – Ақтөбе
ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен
жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін
танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз,
Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап
қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты
ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.
Еліміздің жанашыр патриоты
болайық.
Жақсылық –рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату"
№5 мектеп-лицей
Тақырыбы:
Мен - өз елімнің
патриотымын!
Өткізген: Берентаева Э.Қ.
Класс:4г
Шалқар,2017

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген