Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Мақсаты: Жанұядағы ата-ана және
бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп,
ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы
мүшелері арасындағы бауырмалдық.
Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты
қалыптастыру, үлкенді
сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты
сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер»
, «Ата – бәйтерек, бала -
жапырағы», карточкалар, мультимедиалық
проектор
Түрі: танымдық сайыс, пікір талас
Барысы:
І.
Ұйымдастыру. Сәлемдесу
Мұғалім:
Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Мен
және менің отбасым» тақырыбындағы сынып сағатында
бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында
өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы
– адам баласының түп қазығы, алтын
ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның
ыстық суығына бейімделіп, ықпалына
көніп, осында ер жетеді. Әке
шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен
ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының
ұйтқысы. Баланы өсіп
тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден
ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті
де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу
– отбасы мен мектептен алған
үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.
Ал енді балалар өздерің
осы тақырыпта не айта алар едіңдер?
Қане бәріміз өз отбасымыз , ондағы
сенің орның жайлы пікірлесейік.
«Тіл өнері»
мақал мәтелдің жалғасын табайық.
«Сөз
тапқанға .....» деп аталады.
Берілген әріптерден басталатын создермен жауап бересіздер.
1.Тілді
қадірлейсіз бе?
2. Орысша сөйлеуге
қызығасың ба?
3. Мерекеге қандай киім киесіз?
4. Кітап оқығанды
ұнатасың ба?
5. Лотореядан акша ұтсаңыз,
не істейсіз?
6
Достарың кімдер, коп пе?
7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау
үшін не істеу керек?
8 Түнде аспанда не болады?
9
Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?
10.
16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?
Бүгінгі сынып сағатын
қорытынды сұрақтармен аяқтаймыз.
Бес
асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым)
1. Балдан тәтті
не? ( бала)
2.
Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы?
(ата)
4.
Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра(
5.
Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
6.
Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек , бекер мал
шашпақ)
7.
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес»
кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
8.
ҚР баланың құқықтары туралы заң
қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)
9.
Жасөспірім
бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
( 14 жас)
10.Мемлекеттік рәміздерді ата (
елтаңба, ту, гимн)