Білім
сабағы
Тақырыбы:
Мен кішкентай патриотпын.
Мақсаты:
Оқушыларды
Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,
өз елін, тегін тарихын білуге, өз
ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,
нақыл сөздер, интер.тақта
Барысы:
Аспаны
ашық еліміздің,
Көркі сұлу
жеріміздің,
Біз-бақытты
баламыз!
Ақпыз,қара,
сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Мұғалімнің
кіріспе сөзі:
-Отан
– әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті
сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің,
дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-
бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет
ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан
сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі,
күш береді.Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Оқушыларды
топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ
аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты
таңдаса, сол топқа кіреді.
1
топ Отаншыл
2
топ Намысшыл
3
топ Білімді
Ой
шақыру.
Мұғалімнің
сөзі:
-Отан
– әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті
сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің,
дос –жарандарың, туған туысқаның.
Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін,
қызмет ететін жерің. Отан адам үшін
біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі,
Отан сендерді анаңдай қорғайды,
көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды,
елімізді сүйеміз.
– Отан
туралы Қазақстан Республикасының елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:
(
Қ.Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)
Отансыз
адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам.
Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның
төккен қаны мен теріне адал болуың
керек. Қайда жүрсе де, не істесе де
қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем,
кіндік қаным тамған елім аман болып,
оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке
барсам да мені сыйлайды деген түсінікте
болу керек.
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Отан
деген не?
(Балалардың
пікірлері)
– Отан
– бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің
туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің
ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс,
Отанына деген сезім – әр азамат үшін
ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар,
өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге
болады. Дарынды ақындар, суретшілер,
музыканттар өз туған жерінің ғажайып
табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер,
суреттер, музыкалық шығармалар арқылы
мақтан етіп жазған.
Мағынаны
таңдау.
Үш
топқа қағаз таратылады оқушылар берілген
қағазға топ атына сай болу үшін қандай
болу керектігін жазады, топтан бір оқушы
шығып түсіндірп өтеді.
Мысалы:
отаншыл болу үшін не істеу керек? оз
отанын сүю т.б.
Постер
қорғау «Патриот деген ол ….»
Әскери
міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған
жерге деген ыстық сезім;
Ата-
баба өсиетіне адал болу;
Өз
Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге
ұмтылу;
Бойындағы
күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен
мүддесі үшін жұмсау;
Ана
тіліне деген құрмет;
Өз
халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін
құрметтеу;
Елдің
тарихын құрметтеу;
Қазақстанда
мекен ететін халықтарға деген құрмет
сезім;
Өз
халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері
үшін мақтану;
Мемлекеттік
рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға
бағыну;
Үкіметті
сыйлау;
Қандай
да бір қастандық әрекеттерден Отанын
қорғауға дайын болу;
Туған
жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың
экономикалық, қорғаныстық әлеуетін
тыңбай нығайту;
Басты
байлығымыз – табиғат пен қоршаған
ортаны гүлдендіру
Сұрақ-жауап
ойыны.
Сұрақтары.
ҚР
елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар
,шаңырақ,жұлдызша.күн
Қазақстан
өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991
жыл 16 желтоқсан)
«Отан
қорғау» дегенді қалай түсінесің?
Қазақстан
қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?.
Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан,
Әзірбайжан республикаларымен
Әнұранның
авторларын ата? –
(Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
ҚР
тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
ҚР
неше облыс бар? – (14 облыс)
Қазақ
хандығының құрылғанына неше жыл?
Тұңғыш
қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
Конституция
күні? – (30 тамыз)
Облысымыздан
шығатын газет? –
ҚР
тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл
толады?
Жақсылық
–рефлексия
(Балаларды
ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
.
Әрқашанда бірге болуымыз керек,
бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір
шаңырақ астында тату өмір сүруіміз
керек. Мектепте болып жатқан әр
түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің
үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ
халқының дәстүрін, тілін құрметтеп,
еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай
еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп,
гүлденеді.
Тәрбие
сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым
келіп тұр: “
Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды
өз жүрегінде ұялату ”.