Тәрбие сағаты «Мен өмірдің гүлімін»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Мен өмірдің гүлімін»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

«Мен өмірдің гүлімін»

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата – ананың арманы мен тілегін,
Бала емеспе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп – сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Балалар, 1 - маусым 1950 жылданбастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заң мен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекеттарапынан тәрбие мен білімалуға құқылы. Міне, біздің «Лада» балабақшасында да, осы балаларды қорғау күніне арналған «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара өткелі отыр.
Балалар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісіне сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Жүздерінен мейірім мен нұртамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» тәрбиеленушілердің орындауында
Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ әсте таусылған ба?!
Сайқымазақтардың келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Бүгінбізде, 1 – маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
Сайқымазақтар: Қане, балалар онда сендер мен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Кімжылдам?»
Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға әр топтан 5 бала қатысады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Ал келесі кезекті балаларымыздың дайындаған тақпақтарына берейік:

  1. Амира

  2. Дамиль

  3. Зере

  4. Айзере

Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлықұлттыңбаласы
Достығымызжарасқан.
Осы кезде әуенмен Тәттібек пен Джек келеді.
Джек: Хеллоучилдрен! Сәлеметсіздерме, балалар. Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, бізде сендермен бірге мерекені тойлайықшы. Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын ойнайық.
Балалар: Алақай!!! ойнайық.
Ойын: «Тәттіні тасымалдау»
Ойынныңшарты: Қолымызды артымызға қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен тасымалдау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі.

Жүргізуші: Олай болса, ойынымызды бастайық.
Ойынымыздың аты: «Кім мықты?»
Ойынның шарты: Алдымыздағы гүл мен доптарды екіге бөліп, екі себетке салайық.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша ойын болды.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, келес ікезек тағы әсем әнге беріледі
Жүргізуші: Балалар, бізге африка елінен тағы да қонақтар келіпті. Қане, қарсыалайықшы.
Би: «Чунга - чанга»
Осы кездеТомпақ келеді: Қандай ғажайып әлем! Мен қай елге келдім.?
Жүргізуші: Бұл «Балдаурен» балдырғандар елі. Бұр елде ақылды, әдемі, өнерпаз балалар тұрады. Бүгін бізде үлкен мереке. Кел, Томпақ бізбен біргекөңілкөтер.
Томпақ: Жарайды балалар.
Олай болса, Томпақпен бірге көңіл көтеріп алайық.
Би: «Томпақ»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдіңг үліміз» атты мерекелік іс – шарамыз аяқталды. Балалардың бәрін бірге «Ай, будет круто» биіне шақырамыз.
Жаз да келдікөңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні әлемнің.





ЖШС«Лада» балабақшасы




«Балдәурен» тобы

«Мен өмірдің гүлімін» (Ертеңгілік)











Өткізген тәрбиеші:Енсебаева.Ж.С.




















2021 оқу жылы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2022
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі