15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты. «Мен оқушымын. Мектеп ережесін сақтаймын»
«Мен оқушымын. Мектеп ережесін сақтаймын»
Мақсаты: Мектеп туралы ұғымдарын тереңдету. Мектепке деген сүйіспеншіліктерін ояту. Ойын арқылы өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту. Болашақ мектеп туралы арман қиялдарын ұштау, алтын ұя мектебін құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мектеп туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Презентациялар
Мектеп туралы әндер.
Ребус,сөзжұмбақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
С
өзжұмбақ
шешу.
Жасырынған жұмбақтардың шешуі арқылы сөзжұмбақты шешіп, өз мектебі туралы айтып беру. Сұрақтарға жауап беру.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда алтын ұя мектеп жайлы және оның ережесі туралы пікір өткіземіз.
«Мектебім әні» орындалады.
Әріп сырын ашқан,
Шежірең жыр дайын.
Шәкіртіңіз балғын,
Бауырыңа басқан.
Сен болмасаң мектеп
Мақсатқа кім жетпек.
Құшағыңда өстік,
Қызғалдақтай көктеп.
Әріптерді танып,
Білімге біз қанып
Қадіріңді ұқтық,
Жанға ләззат алып.
Білім арқылы адамдардығ Отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар. Егеменді еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар. Сондықтанда білім алуларың керек.
Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері:
Бұл ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты – мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
Жалпы тәртіп сақтау ережелері:
Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жіберген себебі туралы ата-анасының қолохатын беруі тьиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді.
Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық,күнделік) сабақ кестесіне сәйкес үй тапсырмасымен келеді.
Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс. Оқушылар, мұғалімдер бір-біріне құрметпен қарайды. Оқушылар үлкендерге, жоғары сынып оқушылары кішілерге, ұл балалар – қыз балаларға жол береді.
Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс.
Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс.
Сабақ кезіндегі тәртіп:
Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген мұғаліммен тұрып амандасады.
Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек. Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет. Күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта соңында ата-аналары күнделікке қол қояды.
Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.
Сабақ басталғанаға дейін, үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі:
Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, қоңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді.
Үзілістер кезінде оқушы міндеті:
Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату.
Сыныптан шығу. Мектеп қызметкерлері мен педагогтарының қойған талаптарына бағыну.
Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды. Бір-бірін итеріп, заттар лақтырып, бір-біріне күш қолдануға болмайды, әдепсіз сөздер айтуға, шулауға болмайды.
Оқушы ережесі:
Ай, күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру.
Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «ассалаумағалейкум» деп қос қолды беріп сәлемдесу) (қыздар сәл еңкейіп «Сәлеметсіз бе?»-деу)
Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу,бәсең тіл қату.
Қыздар шашты өсіру, кеспеу,ернін, бетін, көзін боямау.
Үлкеннің жолын кеспеу.
Үлкеннің атын атамау.
Үлкенге үнемі «Сіз»-деп сөйлеу.
Қорытындылау:
Ереже қайда апарады?
Заң, ереже жоқ болса не болады?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген