Тәрбие сағаты Мен өз елімнің патриотымын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 3 «А»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен – өз елімнің патриотымын.

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.

Міндеттері:

-Оқушылар Қазақстан жайында білу;

- Қазақстанға үлес қосқан ұлы адамдар жайында білімін меңгерту;

-өз елін сүйуге дағдаландыру;

Күтілетін нәтиже: Өз Отан туралы білім алды, патриотпын, елім, Отан туралы пікірлері қалыптасады, өздерінің алған білімдерін өмірде ұтымды пайдалана алады.

Қолданылатын әдістер:«Суреттер сөйлейді» стратегиясы (әңгіме құрау), «Сағат» әдісі,

Дерек көздері мен ресурстар: АКТ,суреттер, стикерлер, маркер, А3 форматтар.


Сабақтың барысы:


Уа-қыт

Жұмыс түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

І.Қызығушылығын ояту


Ынтымақтастық

атмосферасын қалыптастыру

Мұғалім оқушылармен : «Қайрлы күн, құрметті оқушылар!» деп сәлемдеседі. Балалар, бүгін міне, 1 қыркүйек-Білім күні. Қадамдарың құтты болсын! Еліміздің білімді де саналы азамат, азаматшасы болып өсіңдер!

Ал енді балалар, бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: Мен – өз елімнің патриотымын.

Әр адамның туып өскен жері, туған туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені бар.Біз оны Отан дейміз. Енді оқушылар

топқа бөлінейік. (Мектеп,жануарлар,таулар,

пайдалы қазбалар)

Оқушылар мұғалімге «Қайырлы күн» деп сәлем береді. Оқушыларды суреттер арқылы (Мектеп,жануарлар,таулар,

пайдалы қазбалар) топқа бөлінеді.



«Суреттер сөйлейді» әдісі

Тақтадағы қолдарыңдағы суреттерді пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді : Мына суреттердің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


ІІ. Мағынаны тану



Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме ? –

Ал енді балалар, Отан деген не, кім қалай түсінеді екен?

1 – оқушы:

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел

2-оқушыОтан - сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

3-оқушы

Отан- туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан-ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

4 -оқушы

Отан біздің атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

5- оқушы Бізді өсірер аялап,

Отан-қамқор саябақ.

Туған жерде толамыз,

Отанға қамқор боламыз

6-оқушы

Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» - деп өс жас қауым

Оны ардақтап сүйе біл!

-Олай болса қазір отанымыз жайлы бейнебаянға назар аударайық.

Оқушылар шығып өз ойларын ортаға салады.


Бейнебаян

Олай болса қазір отанымыз жайлы бейнебаянға назар аударайық. «Мен - өз елімнің патриотымын»

Оқушылар өз білгендерін түртіп алу әдісімен жазып алады өз ойларын толық айтып қосады.


«Сағат» әдісі

Топ оқушылары сағат тілімен қозғалып өз елінің болашағы тақырыбында сурет салады.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

ІІІ.Ойтолғаныс






Мұғалім қорытындысы

Оқушыларға сұрақтар қою: Сен өскенде өз еліңе қандай үлес қосасың?

Оқушылар ойыларын жинақтайды.


Кері байланыс


«Бағдаршам» арқылы

Shape3 Shape1 Shape2

Оқушылар түстермен көрсетеді.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек ауылы

Сарыөзек орта мектебі МДШО











Мен-өз елімнің патриотымын









Сынып жетекшісі:Торгаева О






















2017-2018 оқу жылы










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2020
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі