15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты «Мен-өз елімнің Патриотымын»
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы Қосарал ауылы
Жалпы білім беретін Сырым
орта мектеп-балабақша кешені
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Сахан Гауһар Құлсарықызы
Тақырыбы: «Мен-өз елімнің Патриотымын»
Мақсаты: Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін артырып, ұлтжандылықа тәрбиелеу, Ата-занды құрметтеуге үйрету.
Барысы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар бүгінгі «Мен-өз елімнің Патриотымын» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы-Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздеріңде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Гимн ол-тынысы
Кең жазира даламның. Қазақстан Республикасының Гимнімен бастайық.
Мұғалімнің сөзі: Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан-сенің отбасын, туған елің, туған жерін, дос жарандарын, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді.Себебі, Отан сендерді анандай қорғайды, көмектеседі,күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Отансыз адам-қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен тегіне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елін аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек»
Еліміздің бас ордасы Астана-Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Биыл Астанамызда Әлемдік Экспо-2017 көрмесі болып жатыр. 2017-жылғы 10 маусым 14 тамыз аралығында Астана «ЭКСПО -2017» көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық павильондарына кіріп-шығу саны 17 млн құрады. Олардың ішінде келушілер саны ең көп 10 павильон:Мысыр,Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Тайланд,Үндістан, Африка Плазасы. Астанаға барған оқушылардың Астана туралы ойын тындау.Суреттермен бейнелеп айту.
Экспо-2017 көрмесіне біздің сыныптан барып келген оқушылар Иралиева Альбина, Бақтияр Арсен,Дүйсенбі Мейрамбек, Днекеш Диас, Жамбулов Жеткерген, Бақтығали Назар осы оқушыларға сөз кезегін берейік.
Патриот-ұлтын сүйетін,өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрін дәріптейтін,ұлттық қадір-қасиеттімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Біз отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз Қазақстанның патриотымыз!
Біздің парызымыз!
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау:
Заңға бағыну:
Үкіметті сыйлау:
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу:
Туған жерге,ата-бабасы жатқан жерге құштарлық:
Республиканың экономикалық,қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту:
Басты байлығымыз-табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру,орман,көл-суларды таза ұстау:
Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары:
1.Конституция күні? (30-тамыз).
2.Қазақстан Республикасының конситуциясында қаңдай заңдар көрсетілген,әрбір адамның қандай құқығы бар.
4.Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?-(тұлпар, шаңырақ, жұлдызша, күн)
5.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991жылы 16-желтоқсан)
6.Сырым Датұлының туылғанына неше жыл? (275)
7.Әнұранның авторлары ата? (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмиденов,Н.Назарбаев)
8.Тұңғыш ғарышкер кім? (Тоқтар Әубәкіров)
9.Облысымыздан шығаттын газет? (Орал өңірі)
10.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? (Қытай,Ресей,Қырғыз, өзбек,түркіменстан,әзірбайжан)
«Туған жеріңе не бересің?» ойыны. Ойынға 4-оқушы шықты.
Қойбағар Арғын, Салауат Ақниет, Жамбулов Жеткерген, Иралиева Альбина. Қатысушылар өздеріңін жанкүйерлерін анықтап алуы қажет.
Сендер тұрып жатқан жер, яғни Қосарал ауылы қандай? Ауылындағы тарихи жерлер туралы не білесіздер? Өз ауылына не жасай аласын?
Ағаш-адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің?» ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар. Ағашқа не жетіспейді? Жапырақтары.
«Туған жеріңе не бересің?» сұрағына жауабын жазып, оқып ағашқа жабыстырамыз. Мысалы: Әдемі үй салу, ағаштар отырғызу т.б.......
Әдемі жауаптарынызға рахмет!
Мұғлімнің сөзі. Н.Ә. Назарбаев біздің конституциямыз Қазақстан халқының өз қалауы. Бағалауға және құрметтеуге тұрарлық таңдау. Конституция бойынша өмір сүру барлығымыз игеруге қажетті демократияның жоғары мектебі болмақ. Біз Қазақстан халқы татулықты туу еткен енсемізді көтерген тәуелсіздігімізді жариялаған дербес мемлекетпіз. Әрқашанда татулықта бейбітшілікте болайық. Қазақстан жасай берсін!
Ән «Атамекен»
Мұғалімнің сөзі. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті ұлы дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді.
Біз көппіз және бәріміз бір елміз, бір қалықпыз,
Біз бәріміз бір атаның қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп тәуелсіз елімізді «мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. Бүгінгі «Мен өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатымызға қатысып, тындағандарыңызға көп-көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген