400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Мен өз елімнің патриотымын" оқушылар топқа бөлініп тапсырмалар орындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:  5 «А»

Күні: 01.09.2018 ж.

Сынып жетекшісі

Ахмедиева А.Т

Тексерген




Тәрбие сағатының тақырыбы:

 Мен өз елімнің патриотымын.Көрікті Астана

Мақсаты:

 

- Оқушылар елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігі артып, махаббат сезімі ояну;
– Оқушылардың таным белсенділіктері,қызығушылықтары дамып,ойларын жүйелі түрде жеткізе білу,
– оқушыларда ұлтжандылық, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білу, патриоттық сезімі қалыптасу;Астана қаласының әсем ғимараттарымен танысады.


Күтілетін нәтижелер:

 

Оқушылардың бойында патриот сезімдері оянады ;

Топта бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;

Сурет бойынша өз ойын жеткізіп,диалог арұылы сөйлеу дағдылары қалыптасады .


Керекті жабдықтар:

Мемлекеттік рәміздер фото суреттері ,маркер, плакат, желім, қайшы.Слайд көрсетілім

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

  1. Ұйымдастыру. Тренинг «Мені таны» оқушылармен бірге шеңберге тұрып,өз есімін айтады оған қоса есімі қай әріптен басталса соған сәйкес өзі туралы бір сөз айтады. Әсем, әдемі.Айгүл,ақылды Абай ,адал т.б.

2. Топқа бөлу (фотосуреттер алу арқылы оқушыларды 5 топқа біріктіремін)

1 топ Атамекен

2 топ Қазақстан

3 топ Туған Жер

4 топ Мәңгілік ел

5-топ Астана


1.Тренинг арқылы бір-бірімен танысады, бір – бірі туралы мәлімет алады, бір-біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар өздеріне берілген фотосуреттерді ажыратып , топқа бірігеді.

Қызығушылықты ояту 

 

Ой шақыру.

Отан деген не?

(Балалардың пікірлері) Мұғалімнің сөзі:Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Слайдпен таныстыру.Астанамыздың көрікті жерлерін

таныстырып өту

 1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру.

Мағынаны ашу 

 

 

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

1-топ «Патриот деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?»

 2.-топ «Еліміздің патриоты ретінде кімдерді атай аласыздар?

3-топ Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын қандай әндер бар? 1 шумақ айтып өту

4-топ «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?

5-топ Астана несімен көрікті?

Әр топ өз тобының атын түсіндіріп кету қажет және берілген сұрақтар бойынша постер жасау, қорғау.

Топ атының мағынасын ашу

Берілген сұрақтар бойынша постер жасау.

Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау.                                                  

Қорытын

ды


“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

– Біз тұрып жатқан Қазақстан жері қандай  ағаштармен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды , ағашқа әр бала жапырағын іледі.)


Рефлексия парағы

Жапыраққа тілек немесе суреттерін салып тақтаға іледі.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі