400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты :Мен патриотпын

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу ауданының әкімдігінің « Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ







Білім күніне арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мен патриотпын!»





Дайындаған: Наурызбаева Н









Сабақтың тақырыбы: «Мен патриотпын!»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге үйретіп, білімдерін тереңдету.
2.Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін арттыру. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастырып, ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа

Барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен патриотпын !» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
- Біздің Отанымыз қалай аталады? - Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасының президенті кім? - Біздің еліміздің президенті -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік Бәйтерек бар.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: елтаңба, әнұран. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.

Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио - де - Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны - 17. 2012 - жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова бұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан спортшылары Рио - де - Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті, мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек. Келешекте сіздер де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек.

Мұғалім: Отан деген не, кім қалай түсінеді?
                     Көп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оның тұлға түс кейпін,
                     Достым білгің келе ме? 
Айкөркем:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                    Отан дейміз өсірген елімізді.
                    Отан дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Әділ:      Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                  Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Шынар:        Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жасаған елің, өз- халқың.
                   Отан – өлең, Отан-жыр,
                   Көтерген көкке ел даңқын.
Рамазан:    Отан – сенің ата-анаң,
                    Отан – досың, бауырың,
                    Отан – өлкең, астанаң,
                    Отан – аудан, ауылың.
Аяулым: Отан – осы достарым,
                     Көңілге мұны түйе біл!
                     «Отан» деп өс жас қауым,
                     Оны ардақтап сүйе біл!
Хор: «Отан»
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

Оқушылар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Сұрақтарға жауап беріңіздер, сендердің білімдеріңді тексерейік.

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2.Ұлттық вальюта (Теңге)

3.Ақындар жарысы (Айтыс)

4.Қазақстан Республикасының түңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5.Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелері кейіпкері (Алдар көсе)

6.Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

7.Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

8.Ұлттық сусын (Қымыз)

9.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

10.Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

11.Түйелер тізбегі (Керуен)

12.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

13.Қазақстан халықтарының бірлік күні (1 мамыр)

14.«Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)

15.Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.



Дайындаған: Наурызбаева Н.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
937
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі