жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Мен Қазақстан республикасының азаматымын
Сабақ тақырыбы: Мен Қазақстан Республикасының азаматымын
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ жеріне, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайдтар, қанатты сөздер, мақал мәтелдер, схемалар.
Тақырыбы:
«Мен Тәуелсіз Қазақстанның
азаматымын!»
Мақсаты: Оқушыларды
Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге баули отырып, туған жеріне
деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін,
тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза,
адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.
Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып,
патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:
ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар,
«Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986
Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік
хроникасы» жинағы, қанатты сөздер
жазылған плакаттар:
1. «Мәңгілік
мақтан, Дауылпаз дастан – Қазақстан!»
2.
«Жасай бер, жаса,
Тәуелсіз ел –
Қазақстан!»
3. «Тәуелсіздікке 28
жыл!»
4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның
азаматымын!»
Ән
ұраны айтылады.
Қай
халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін
аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз
болуына армандайды. Бүгінгі
күні біз осындай азат елімізге арнап
«Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»
атты тәрбие сағатын
өтеміз, олай болса, тәрбие сағатымызға
қош келдіңіздер!
.
- Балалар, 1986
жылдың 16 желтоқсаны қазақтың санасын
сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар
бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар
көзі болды. Қазақстан Республикасы
1991жылы16 желтоқсанда тәуелсіз егеменді
ел атанды. Біздің еліміз жылдан - жылға,
күннен - күнге өркендеп, өніп гүлденіп
келеді. Міне биыл тәуелсіздікке - 25 жыл
Осыдан
25
жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты
мағыналы екенін біз дәл қазіргі
уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз.
Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен
Кенесары секілді айбарлы ханымыз,
Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз
найзаның ұшымен, білектің күшімен
күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек,
Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз
қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын
сақтады. Сол заманнан бері азаттық,
егемендік елімнің арманы болды. Халқының
қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар
ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің,
азаттықтың туын тікті.
Тәуелсіздік хронологиясы:
1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.
1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ерлік көрсетті.
1992 жылы Қазақстан дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ мүше болды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілді.
1995 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды.
1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды.
1999 жылы ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды.
Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Енді мына сұраққа жауап беріңдер, Еліміз өзінің несімен, қандай қасиеттерімен айбатты, айбынды?
Ту
Елтаңба
Әнұран
Жауабы: Әнұранымен, туымен, елтаңбасымен айбатты, айбынды.
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында не бейнелеген?
Жауабы: Балалар бір-бірден әңгімелейді.
“Біз кімбіз?” ой-толғанысы
Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада
қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз
Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін
өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз
жастармыз.
Біз Тәуелсіздік тірегіміз.
Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,
жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.
демократиялы зайырлы
құқықты көпұлтты
әлеуметті біртұтас
сабағымызды ары қарай сайыс кезеңіне берсек
1-кезең. «Бәйге». Үш топқа сұрақтар беріледі. Қай топ дұрыс жауап береді 5 ұпайға ие болады.
1)Қазақтардың басын қосқан хан? (Абылайхан)
2)ҚР туының түсі? (көгілдір)
3)Қазақтың ұлттық сусыны? (қымыз)
4)Мұсылман халқының қасиетті кітабы? (құран)
5)Желтоқсан оқиғасы болған жыл? (1986 жылы)
6)Қазақ халқының тұрмыс үйі? (киіз үй)
7)Қазақстан Ркспубликасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
8)Ақындар сайысы? (айтыс)
9)Киіз үйде киелі орын қалай аталады? (төр)
10)Қалындық үшін берілетін төлем? (қалым)
11)ЕҚЫҰ саммитіне неше ел қатысты? (55)
12)Қазақстанның Швейцариясы? (Бурабай)
13)Қазақтың ата заңдары? («Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Жеті жарғы»)
14)ҚР ұлттық валютасы? (теңге)
15)2011 жылы өтетін Азияда спорттық ойындары қандай қалада өтеді? (Алматыда)
16) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» бұл кімнің сөзі? (Абай)
2-кезең. «Өнер алды – қызыл тіл». Мақал-мәтелдер оқылады, сіздер қалып қойған сөзді тауып, оны келесі екі тілге аудару керексіз.
1)Отанды сүю — …басталады. (отбасы-семья-family)
2)Отансыз адам — … бұлбұл. (ормансыз-лес-forest)
3)Ер қанаты — …(ат-лошадь-horse)
4)Ел көркі — …, өзен көркі – тал. (мал-животное-animal)
5)Ел құлағы …(елу-пятьдесят-fiffty)
6)Әкенің қадірін, балалы болғанда … (білесің-знать-to know)
7)Халық күші алып … (күш-сила-power)
8)Адал ұл ер боп туса … тілегі. (ел-страна-country)
9)Отан … ыстық. (от-огонь-fire)
10)Ер туса – елдің көркі,
Қыз туса — …көркі. (жер-земля-world)
Ойынды қорытындылау
«Өзіммен-өзім» әдісі классикалық әуені қойылады. Балалар әуен желісіне ойлана отырып, «Біз және Қазақстан»тақырыбында ойымызды қағаз бетіне түсіреміз.
Балалар
үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой,
азамат», «Үлкен азамат бол»- деп
ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей
ой бөлісейікші.
Оқушылар
пікірі.
АЗАМАТ
сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен
басталатын адамның жақсы қасиеттерін
жазыңдар.
А
- адал
З
- зейінді
А
- ардақты
М
- мейрімді
А
- абыройлы
Т
- тәрбиелі
Мінекей
балалар Сендер азамат сөзінің мән
мағынасын түсіндіңдер.
Сендер
Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп
жатырсыңдар. Ата заңымыздың 30 бабында
Азаматтар мемлекеттік оқу орындарында
тегін орта білім алуға міндетті
Ал,
36 бабында Қазақстан республикасын
қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті
парызы және міндеті - деп атап көрсетілген.
Сондықтан әрқайсың өз отанымызды сүйіп
адал қызмет етулерің қажет. Отанға адал
қызмет ету сендердің парыздарың. Ол
үшін жақсы оқып, тиянақты білім алу
керек.;
-
елінің беделін көтеретін;
-
елінің атын шығаратын;
-
елінің қамын ойлайтын;
-
елі үшін еңбек ететін;
-
елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ
Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.
Би қара жорға
Қорытынды:
Көгершіндерге жазу. Бүгінгі сабағаымызда нені түсіндік, не ұғындық? Жазып тақтаға ілеміз.
мен қорытындылау
Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 25 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген