Материалдар / Тәрбие сағаты «Мен Тәуелсіз елімнің ұланымын»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Мен Тәуелсіз елімнің ұланымын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2024
200
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты

Күні: 14.12.2016.

Класс: 5 «А» Мұғалім: Салыкова Ә.Д.

Тақырыбы

«Мен Тәуелсіз елімнің ұланымын»

Мақсаты

Қазақстан Республикасының жеткен  жетістіктері  туралы  оқушылардың білгендерін  ортаға салу.  Оқушыларды  туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге  тәрбиелеу.


Нәтижесі

Қазақстан Республикасының жеткен  жетістіктері  туралы  оқушылар біледі.  Оқушылар  туған жерін, елін, Отанын сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге  дайын. Өз беттерімен кез келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды..

Оқу әдістері

Топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, АКТ құралы, «Миға шабуыл» әдісі, «Ойлан-бөліс-бірік» тәсілі.


Ресурсы

Туған жер туралы қанатты сөздер, оқушылар салған суреттер.Маркер, стикерлер, А-4 парағы, интерактивті тақта, қаламдар, кері байланыс «Светофор», тапсырмалар, флипчарт

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

І. Кіріспе кезең

3мин.

1.Сабақтың басталуы. Оқушыларды қарсы алу.

Сәлемдесу. Қазақстан Гимн орындау.

2.Психологиялық ахуал:

-Егер сіздерді еліміздің тағдыры толғандырса, шапалақ ұрамыз.

-Егерде өздеріңді патриот санайтын болсаңдар, қолдарыңды жоғары көтереміз.

-Егер сіздер еліміздің әлемде алдыңғы қатарда болатынына сенсеңіздер, қолымызды алға созамыз.

-Егер еліміздің болашағы сіздерге байланысты десеңіздер, онда қол ұстасыңыздар


-Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыздар ма?


3.Топқа бөліну (ОТАН, ҚАЗАҚСТАН, ТӘУЕЛСІЗ, БІРЛІК, ПАТРИОТ) тобына өз ұрандарымен таныстырады (бағалау «Басбармақ»)


ІІ. Негізгі бөлім

Мотивациялық қозғаушы








Топтық жұмыс













Поэзия сәті









































































































































Мақал-мәтел әлемі



























Синквейн


1.«Мотивациялық қозғаушы»

Оқушыларды шығармашылықпен айналасуға ынталандыру

«Желтоқсан оқиғасынан үзінді» бейнеролигін тамашалау

(бағыттаушы сұрақтар)

-Бейнероликті тамашалағанда қандай сезімде болдыңыздар?

- Мазмұнынан не ұқтыңыздар?

-Осы сөздерден кейін біз қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы: «Мен Тәуелсіз елімнің ұланымын»


3.«Ойлан-бөліс-бірік» әдісі. Постер қорғау

Тапсырма:

1топ: Туған өлке деген сөзді қалай түсінесің?

2топ: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білеміз?

3топ: Заң дегеніміз не?  Ата заңымызда неше бап бар?

4топ: Қазақстан Республикасының  жері туралы не білеміз ?

5топ: Патриот дегеніміз не? Туған өлкемізді көркейтуге қандай үлес қосасың?


4. Өлең «Көк тудың желбірегені»

(Орындайтындар: Қарлығаш, Аруза, Жақсылық, Нұрсүлтан, Дамир)


5. «Поэзия сәті»

(Оқушылар отан, тәуелсіз туралы өлеңдер оқиды)

1.Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2.Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

3. Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

4. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

5. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

6.Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


7.Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары


8.«Болса екен қазақ баласы» 
Ертеңі өсіп елімнің 
Сабырлысы болса екен 
Ар-ұятты айбатты 
Азулысы болса екен 
Батыл, берік орнықты 
Байсалдысы болса екен 
Алғыр, зерек, мейрімді. 


9.Ақылдысы болса екен 
Тапқыр, шешен талапты 
Өнерлісі болса екен 
Ойшыл, өткір, дарынды 
Білімдісі болса екен 
Сергек, іскер, сезімтал 
Саналысы болса екен 
Парасатты намысты. 

10. Отаншылы болса екен 
Болса екен қазақ баласы 
Ел ішінде өсетін 
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін 
Ізгіліккке леп едім 
Жақсылыққа сеп едім 
Тәуелсіз елдің ертеңін 
Осылай көрсем деп едім

 
11.
Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 

12.Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 

13.Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 


14.Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

15.Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 

16.Елдігімнің – реңі, 
Тендігімнің – тірегі 
Мүддесінен халықтың 
Ажырамас бір елі. 
Алтын заңым – арай таным! 

17.Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 

18.Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 


19.Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық 

20.Дүбірлетсін өңірді 
Дүбірлесін дүлділі. 
Қазақ деген елімнің 
Құтты болсын бұл - күні!


6. «Мақал-мәтел әлемінде». Жалғасын тап..

Отан туралы мақал мәтелдер

1 - топ

1.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

2.Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

3. Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.
4.Отан отбасынан басталады.

5.Отан қадіріне жетпеген - өз қадіріне жетпейді.


2 - топ

1.Ел іші - алтын бесік.

2.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

3.Отан үшін еңбек етсең - халқыңның сүйген ұлы боласың.
4.
Егемен елдің еңсесі биік.

5.Отанды сүю - отбасынан басталады.


3 - топ
1.Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.
2.Отаның тыныш — сен тыныш.

3. Азат елдің аспаны ашық.

4.Отанын сатқан оңбас. 

5. Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.


4 - топ

1.Елшінің қылышы – тіл.
2.Ел болам десең, бесігіңді түзе.
3.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
4.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
5. Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!

5 - топ

1.Ел іші алтын бесік.
2.Жері байдың елі бай.
3.Отан – оттан да ыстық.
4.Егемен елдің еңсесі биік.

5. Тәуелсіздік туы — асқақ.


7.Синквейн құрау

ОТАН, ҚАЗАҚСТАН, ТӘУЕЛСІЗ, ПАТРИОТ, БІРЛІК сөздеріне өлең құрау

1.Сөз

2.сын есім

3.етістік

4.сөйлем

5.синоним

8. «Гүл шоғы»

Туған елімізге өздерінің тілектеріңді стикерге жазып? Әдемі гүл шоғын құрастырайық.


9.Өлең «Алға Қазақстан». (Орындайтын Іңкар)


Қорытынды















Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Мен Тәуелсіз елімнің ұланымын» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

10. Кері байланыс

«Бағдаршам» стратегиясы

Жасыл – мен нені білдім...,

сары – маған қызық болды...

қызыл – қиындық тудырды...
























«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 8 ОМ»ММ













«МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМНІҢ ҰЛАНЫМЫН»


Ашық тәрбие сағаты





















Қостанай, 2018




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!