"Мен тәуелсіз Қазақстанның
азаматымын" атты тәрбие
сағаты
Сабақ
мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық
рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге,
мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге,
өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат болып
қалыптастыру, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне
деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар
беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін,
сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу
дағдыларын жетілдіру, әр оқушының жүрегіндегі Отанға жеген
сезімдерін жоғары деңгейде болуын дамыту, әр оқушы ол жеке тұлға,
ал Отан -ортақ ана екенін жүректеріне
жеткізу.
Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы
патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру арқылы,
еліміздің болашағы жас өспірімдердің, болашақ ұрпақтың қолында
екенін түсіндірумен қатар, оқушыларды өз елін, жерін
қорғап, оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялған, өз ойын
көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың
портреті, нақыл
сөздер, слайд-шоу,
мультимедиа.
Тәрбие сағатының
түрі: таным сағаты, іздену,
шығармашылық жұмыс.
Оқушылар отырған қонақтарға мереке құрметіне
гүлдер сыйлайды.
Әнұран
орындалады
-«Мен тәуелсіз
Қазақстанның азаматымын» атты тәуелсіздік күніне
арналған ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
Мұғалім: Туған халқымыз тәуелсіздік
алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен
жазылды. Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан
26 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл
қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз. Ешкімге тәуелді болмауды
арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай
айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп
құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз
қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері
азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген
ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен
тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті. Бүгінгі тәрбие сағатында осы
Қазақстан деген Отанымыздың 20 жылдың ұлы тойынынң қарсаңында
әрбәреуіміз жеріміздің топырағын ғана емес ауасын да толық танып
білу керекпіз.Сондықтан оқушылар сендер бүгін топқа бөлініп
Отанымыздың әрбір кірпішін сана-сезімімізбен, қайсар білім күшімен,
патриоттық сезіммен тани білу
керексіңдер.
1 кезең: Оян
елім.
Ұлттық киім киген бірнеше
оқушылар ортаға шығады. Тақтада ұлттық рәміздер жайлы слайд
көрсетіледі. Мойнында тудың түсіндей ашық,
бейбіт аспанды бейнелейтін матасы бар оқушы рәміздердің жанына
барып :
(А.Енсеповтың күйінің ырғағымен өлең
оқиды):
Мен қазақпын, ұланымын
қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін,
озатпын
Көк байрағым тұр көгімде
желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген
азатпен
Көк жүзінде қалықтаған
қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр -
әнім
Самғап жүрсек бостандықта
биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл
әнім
Шар Бақтың құсы әр адамға
қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа
жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік
ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып
тұр!
Мұғалім:
Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы.
Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан
жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы
– ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір
Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады.
Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс
орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші
әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке
көтеруді мақтаныш тұтады.
3
оқушы:Енді мына сұраққа жауап
беріңдерші:
-Еліміз өзінің несімен, қандай
қасиеттерімен айбатты, айбынды?
Жауабы: Әнұранымен, туымен,
елтаңбасымен айбатты, айбынды.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік
елтаңбасында не бейнелеген?
Жауабы: Балалар бір-бірден
әңгімелейді.
-Ұлттық рәміздердің авторлары кім
?
Жауабы:Отырған басқа топтың оқушылары
толық жауап беріп отырады.
Тақтада Қазақстан қандай мемлекет деген
сауалға жауап іздестіреді.
көп ұлтты
жері,елі,тарихы бар бейбітшілік
қалайтын
тәуелсіз
бай
демократиялық құқықты
Ұлттық рәмізім барда, қазақ
деген ұлтым барда, Қазақстан деген тәуелсіз елім-жерім барда, біз
де бармыз Мәңгілік!!!
2 кезең: Тарихтың алтын
беттері
Ортаға ұлттық киім киген әсем үш қыз
бала шығады, олар «Тарих әлеміне» шолу жасайды.
1 қыз
бала:Тәуелсіз ел болу дегеніміз-
кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып
келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін,
өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін
сөйлеуің деп білемін.Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым.
Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол
жеткізеді.Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін
тарихқа көз жүгіртейік.
(Слайдтардан көріністер
бейнеленеді.Ол слайдтарда жылдар мен күндер ғана жазылған,ал сол
жағында жауаптары берілген, ал оқушылар олардың сәйкестігін табу
керек.)
1986 жыл 16
желтоқсан-Желтоқсан
оқиғасы
1991 жылы
қазан айында
тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар
Әубәкіров ғарышқа
ұшты.
1993 жылы,
13-қарашада төл теңгеміз дүниеге
келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер
енгізілді.
1994 жылы
30-маусымда қазақ халқының екінші
қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық
сапарға аттанғанын мақтанышпен айта
аламыз.
1995 жылы
30-тамызда Ата Заңымыз
қабылданды.
1996 жылы 16
желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік
ескерткіші ашылды.
1997
жылы Астана Ақмола
қаласына көшірілді.
1988
жылы мемлекеттік органдарда
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы
шықты.
1997
жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып
белгіленді
1998
жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих
жылы»болды.
1999
жыл «Ұрпақтар бірлігі мен
сабақтастығы жылы» болып
белгіленді.
2006 жылы
6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін
Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік
әнұраны бекітілді.
2010
жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық
етті.Осы саммитте Астана декларациясы
қабылданды.
2011
жыл-Қазақстан республикасында
Азияда ойындары өтті
3 кезең:
Жаңғырық
(«Желтоқсан желі» өлеңінің әуенімен
олең оқылады.)
1
оқушы: Құтты болсын тәуелсіздік
мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір
сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман
болып,
Қол жеткізген шындық жырын
жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде
кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға
бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін
жарылды,
Тәуелсізбін,егеменбін,
дербеспін.
Бізге Тәуелсіздік оңай жолмен келген
жоқ...Ендеше қалай болды екен...
2
оқушы: 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл
ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі
қаралы да, қасіретті күн
еді.Тәуелсіздік аңсаған
жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның
құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова,
Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі
өшпейді.
Бейнебаян : «Желтоқсан
желі».
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанда мұзға
жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар
елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес
жалауы.
Көрініс
Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат
келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма?
Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды
басайын.
Қайраттың
хаты: Амансыздар ма, анам,
туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді
деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене
көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың
жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан
сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де
топ ішіне кіріп, көмектесуге
ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ
жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп
барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін
көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман
болыңдар!
Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма
бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт
боларсың деп үміт күтеді сорлы
анашың...
Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да
қайда болдың?
Қайрат: Жолдастарыммен
бірге.
Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир
көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде
ол қайтыс болды! Сен кінәлісің
оған!
Қайрат: Сөйлесем даусым
жетпейтін
Кез
болдың мынау заманға,
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жалғанға.
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр.
Көрініс
Тергеуші: Сен өзің Савицкийді
өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ
па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім
жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар,
көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе
жатыр!
Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот
мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16
маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін
қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299
және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат
Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға
тартылсын:
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3
жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан
айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең
жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.
Қайрат: Күнәдан таза басым
бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Музыка әуенімен ортаға
Қайраттың ролін орындаған оқушы шығып:
Желтоқсан көтерілісінің
арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш
Тәуелсіз ел дүниеге
келді.
Осы кезде фанфар ойнатылып, оқушылар
бірін-бірі құттықтап, шағын мерекелік салют
атылады.
Тақтада Қазақстанның тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың өмірі жайлы слайдтар әсем музыка әуенімен
тербетіліп, жүріп отырады.
Ортаға Н.Ә. Назарбаевтың ролін орындаушы оқушы
мен бірнеше министрлер ролін орындаушы оқушылар
шығады.
1
оқушы:1991 жылы желтоқсанның 1-де
Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республиканың Президенті етіп
сайлады.
2
оқушы: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаевты Елбасы етіп қайта сайлайды, 2005 жылы
желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен
Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды, ал 2011 жылы Н.Ә. Назарбаев
халық қалауымен тағы да 7 жылға Қазақстан Республикасының
Президенті болып
сайланды.
Қазақстан Республикасының Президенті ролін
орындаушы- сыныптың үздік оқушысы топтан шығып, тудың жанына тізе
бүгіп, құдіретті тудың бір бұрышының шетін ұстап:
-
Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге бірлігі жарасқан халық
алдында, құдіретті ел мен қасиетті жер алдында, бейбітшілік аспан
аясында өсіп келе жатқан ұрпақ алдында АНТ
беремін.-дейді
Қорытынды.
Тәуелсіз Қазақстан
жеріне ақ тілек
(оқушылар тақтада кезектесіп
шығып отыратын төмендегі сөздерді пайдалана отырып, болашаққа тілек
айту керек )
Заман.Ел.
Елбасы. Заң.
Қыз .
ҰЛ .
Қазақстан.
Ата-ана .
Ту.
Әнұран .
Астана .
Тіл .
Жер .
Байлық .
Теңге Мектеп .Білім
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне
деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың
атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет
тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Ендеше оңайлықпен
келмеген Тәелсіз елімізді, жерімізді,аспанымызды сақтап, қадірлеп
жүрейік. Отанға деген патриоттық сезімдеріміз мұхиттай терең,
аспандай кең болу керек.
Тәуелсіздік туын
тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап
қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына
арналған "Мен тәуелсіз Қазақстанның
азаматымын" атты тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Тәрбие сағатының соңында оқушылар
барлығы қолдарындағы шарлармен, гүлдермен ортаға шығып «Атамекен»
әнін орындайды.
Краснознаменное орта мектебі
Ашық тәрбие
сағаты
«Мен тәуелсіз
Қазақстанның
азаматымын»
Өткізген:
Егизбаева А.М.
2017-2018 оқу жылы